Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет12/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Біріншіден, ӛз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін «нәтижеге 
бағдарланған білім беру» моделі ӛзекті болады, себебі
студенттердің тиімді аудиториядан тыс іс әрекетін педагогикалық 
қамту үшін оқытудың мақсаттары бірмәнді және диагностикалық 
болу қажет.
Екіншіден, сан түрлі білім беру нәтижелерін бара-бар бағалау 
мәселесі алдыңғы орынға шығады. Егер студенттік аудиториядағы 
жұмыс барысында оқытушы оқу бағдарламасының «іс-шаралық» 
сипатын меңгеру барысы туралы кейбір ақпаратты игерсе, онда 
оның ӛз бетімен жұмысын бағалау оңай болмайды.
Ҥшіншіден, оқу материалының мазмұның дараландырумен 
байланысты мәселелер ерекше ӛзектілікке ие болады, себебі әрбір 
студентте түрлі даярлық деңгейі болады, оқу іс әрекетінің стилі, 
меңгеру темпі және басқа да тұлғалық параметрлер түрліше болып 
келеді.
Бірінші тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар 
1. Ғылым дегеніміз не? Ғылым ұғымы мен ғылыми зерттеу 
ұғымы арасында қандай байланыс бар?
2. Ғылымтану дегеніміз не? 
3. Ғылым логикасы дегеніміз не?
4. Педагогика ғылым ретінде, оның пәні; 
5. Педагогика ғылымдарының жүйесі, олардың бірлігі және 
ӛзара байланысы; 
6. Педагогиканың 
басқа адамтану ғылымдармен ӛзара 
байланысының мәні мен маңызы, қоғам, табиғат туралы 
ғылымдардың негіздерімен байланысы; 
7. Оқу пәні ретінде педагогика дамуының негізгі кезеңдерін 
атаңыз? 
8. Педагогиканың дербес ғылым теориясы ретінде қалыптасуы 
кімнің есімімен байланысты? 
9. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері мен 
формаларын жетілдірудің әдіснамалық негіздері. 
10. Дидактика 
және жеке пәндер әдістемесі бойынша 
зерттеулерді жетілдірудің әдіснамалық шарттары; 


39 
11. Тұтас үрдіс ретіндегі тәрбие аясындағы зерттеулердің 
әдіснамалық шарттары (дамудың жас кезеңдері және оның 
ерекшеліктері); 
12. Педагогикалық білім беру үрдісін құру және жетілдірудің 
жүйелерін ғылыми негіздеу және зерттеудің әдіснамалық 
шарттары;
13. Білім беру жүйесінің дамуын болжау әдіснамасы; 
14. Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері қандай? 
15. Педагогиканы 
оқыту 
әдістемесінің 
дамуы 
қандай 
кезеңдерден тұрады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет