Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет17/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144
Стратегиялық менеджменттегі 
бәсекенің нысандары мен әдістері 
Бәсекенің нысандары: 1. Заттық – бір ассортименттік 
топтағы тауарлар арасындағы бәсеке; белгілі бір қажеттілікті 
қанағаттандырудағы объектілер арасындағы бәсеке. 2. Тауарлар, 
объектілер, ауыстырушылар арасындағы функционалдық бәсеке. 3. 
Дербестік арасындағы бәсеке. 
Бәсекенің әдістері: 

сапаны көтеру негізінде (бағалық емес); (Р. А. Фатхутдинов)

тауарды тұтынушылардың сервис сапасын көтеру 
белгілерінің негізінде;

бағаны түсіру негізінде (бағалық);

тұтынушылардың шығыстарын азайту негізінде;

басқару үдерістерінің сапасын көтеру негізінде;

объект пен субъектінің барлық артықшылықтарын пайдалану 
негізінде (интеграция).
Бәсеке мынадай деңгейлерде өтуі мүмкін:

жергілікті (топтар, бөлімшелер, ұйымдар және т.б.);

аймақтық (аудан, қала, облыс);

ұлттық (елде);

ұлтаралық (бірнеше елдерде);

жаһандық (әлем мөлшерінде).
4. Маркетинг стратегиясы
Стартегияны қалыптастыруда сала өмір циклінің қандай 
кезеңінде екенін ескеру қажет (туындау, тез өсу, жеткен құлдырау). 
Салада жағдайдың бес классикалық түрі бар:
1. жаңа және тез дамып келе жатқан салалардағы бәсеке;
2. тоқыраушылық және төмендеу жағдайдағы салалардың 
бәсекесі;
3. жеткен сатыда тұрған салалардың бәсекесі;


39
4. бөлектенген салалардағы бәсеке;
5. халықаралық рыноктардағы бәсеке және фирмалардың 
үш классикалық ахуалы – рыноктағы модерн-фирмалар; екі рөл 
атқаратын фирмалар; әлсіз немесе дағдарыстан азап шеккен 
компаниялар.
Маркетинг стратегияларын талдау нәтижесінде оларды біраз 
белгілер арқылы жіктеуге мүмкіндік бар: 

фирманың шыққан негізі, даму логикасы және басқару 
дәстүрі;

сұраныстың қалыптасқан және әлеуеттілік ерекшеліктері, 
рынок коньюнктурасы; 

фирманың сипаттамасы: оның көлемі, нарықтағы абсолюттік 
және салыстырмалы үлесі, нарықтағы белсенділік дәрежесі:

фирма үшін дәстүрлі басымдықтар.
Фирманың құрылған негізі және даму қисынының белгісі 
бойынша стратегиялық маркетингтің келесідей үлгілерін көрсетуге 
болады: жоспарлық, кәсіпкерлік және тәжірибелік.
Салалардың тоқырау кезінде жетістікке жеткен компаниялар 
негізінде келесідей стратегияларды ұстанады: 1) болашағы бар 
нарықтық бөлшектерді жасау және әзірлеу стратегиясын ұстану; 
2) сапаны жақсарту және инновациялар арқылы дифференциялау 
жолы; 3) шығынның деңгейін түсіру үшін үздіксіз ынталы жұмыс 
істеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет