ақпаратпен қамтамасыз етеді. Екінші деңгейде жергілікті бақылау
мен
реттеу құралдары орналасқан, олардың көмегімен қарапайым
нысандар немесе автономдық бақылауды реттеу жəне күрделі
нысандардың жекелеген параметрлерін реттеу жəне бақылаудың бір
контурлы жүйелері іске асырылады. Әдетте, бұл құралдарды бір
немесе бінеше базалық үлгілер негізінде құрылатын парамтерлік
қатарлар мен бірегейлендірілген кешендер құрамында шығарады.
Үшінші деңгейде нысанды іске қосу мен тоқтату кезінде
байланыстық реттеу,
жасанды өлшеулер, көп сатылы қорғау жəне
логикалық операцияларды іске асыруға мүмкіндік беретін
орталықтандырылған
бақылау
жəне
реттеу
құрылғылары
орналасқан. Олар бірнеше жүз бақыланатын жəне реттелетін
параметрлері бар ТП БАЖ құру үшін тағайындалған. Жоғарғы
деңгейде басқарудың күрделі алгоритмдері бар басқарушы
есептеуіш компоненттер құрамында жұмыс істеу үшін,
соның
ішінде оптимизациялау, диспетчерлік жəне басқа да міндеттерді
шешуге арналған автоматтандыру құралдары орналасқан
Техникалық құжаттамда
бұйымның типі - құрылымдық
орындалуы бойынша ұқсас жəне бірдей негізгі параметлеріне ие
əрекет ету принципі мен функционалдық тағайындалымы бірдей
бұйымдардың жиынтығы сияқты жіктелімдік белгі біршама кеңінен
пайдаланылады. Типтің құрамына бұйымның бірнеше типтік
өлшемдері жəне түрлері немесе орындалулары кіреді. Бір типтің
типтік өлшемдері негізгі парамтердің мəндерімен ерекшеленеді
жəне əдетте бір функционалдық бұйымдарда ерекшеленеді.
Модификация - белгілі құрылымдық ерекшеліктерге немесе
басты емес параметрдің белгілі мəніне ие бір типтегі бұйымдардың
жиынтығы. Орындау деп əдетте белгілі құрылымдық
ерекшеліктерге ие, олардың эксплуатациялық сипаттарына əсер
ететін бір типтегі бұйыымдарды айтады, мысалы,
тропикалық
немесе теңіздік орындалу
Типтен қарағанда біршама ірі жіктелімдік топтама бұл
кешен.
Олар
бірегейлендірілген
жəне
агрегаттық
болады.
Бірегейлендірілген
кешенніңайрықша
ерекшелігі
кешеннің
техникалы құралдарының кез келген үйлесімдігі өзара осы
құралдармен жаңа функцияларды іске асыруға əкелмейтіндігі
болып
табылады.
Агрегаттық
кешендерде
техникалық
құралдардың үйлесімімен жаңа қызметтерді іске асыруға болады.
Қазіргі уақытта өнеркəсіпте ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, оны
тапсыру, басқару жəне технологиялық процесстер мен нысандарды
басқару мен зерттеу жəне т.с.с.үшін тағайындалған шамамен 30
агрегаттық кешен шығарылады.
Электр өлшегіш техника
құралдарының
(ЭТҚАК),
есептеуіш
техниканың
(ЕТАҚ),
телемеханиканың
(ТМАК),
біріншілік
ақпаратты
жинау
құралдарының (БАЖҚ) жəне т.с.с агрегаттық кешені біршама
кеңінен пайдаланылады.
12