Федорова Г. Н.
Ф333 Ақпараттық жүйелер: орта кәсіби білім мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық / Г.Н.Федорова. — 5-ші басылым, қайта өңд. және тол. — М. : «Академия» баспа ортылығы 2016. — 208 с. ISBN 978-5-4468-2907-1
ISBN 978-601-333-336-6 (каз.)
ISBN 978-5-4468-2907-1 (рус.)
Оқулық ОП.05 «Ақпараттық жүйенің құрылысы және қызмет етуі» жалпы кәсіби пәнді меңгеру, сондай-ақ «Информатика және есептеу техникасы» мамандықтардың ірілендірілген тобының «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» мамандығы бойынша КМ.02 «Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге қатысу (МДК 02.01)» кәсіби модульді меңгеру кезінде қолданыла алады.
Ақпараттық жүйелер дамуының негізгі бағыттары, ақпараттық ресурстар мен технологиялар егжей-тегжейлі қаралды. Басқарудың заманауи ақпараттық жүйелерінің ережелері мен әдіснамалық қағидаттары ашылды. Біріктірілген корпоративтік ақпараттық жүйелерді құру қағидаттары талданды. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы және оны сүймелдейтін процестердің түсінігі анықталды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің тиімділігін бағалау әдістері қаралды.
Орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған.
ӘОЖ 681.518(075.32)
КБЖ 65.39і723
ISBN 978-601-333-336-6 (каз.)
ISBN 978-5-4468-2907-1 (рус.)
2
© Федорова Г.Н., 2010
© Федорова Г.Н., 2016, өзгерістері бар
© «Академия»
оқыту-баспа орталығы, 2016
© Безендірілуі. «Академия» баспа орталығы, 2016
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда түрлі кәсіпорын салаларындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бөлімдерінде тиісті білімі мен дағдысы бар мамандарды даярлау қажеттілігі туралы күрделі мәселелер бар. Сәйкесінше, ақпараттық жүйелерді жасау мен пайдалануға байланысты мәселелерді жеткілікті шамада қамтамасыз ету үшін заманауи талаптардың деңгейіне сәйкес келетін оқу әдебиетіне қажеттілік туындайды. Өндірісті және басқаруды ақпараттандыруға сәйкес оқу басылымдары өзінің өзектілігін
қысқа мерзімде жоғалтады, өйткені кәсіпорындарда пайдаланылатын ақпараттық технологиялар да, жұмыс істейтін экономикалық жағдайлар да жылдам өзгереді. Бұл ретте орта және арнайы оқу орындарындағы дайындық болашақ мамандардың ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу саласындағы соңғы үлгідегі білім беру жүйесі және өзінің кәсіби қызметінде осы білімдерді белсенді пайдалану ептілігін меңгеруін көздеуі тиіс.
Кәсіби орта оқу орнының қазіргі бітірушісі ақпараттық жүйелердің процестері мен өмірлік цикл кезеңдерін, олардың түрлі
құрамдастары мен сыныптамасын, сенімділігі мен тиімділігіне қойылатын талаптарды, ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясын,
оларды әзірлеу, пайдалану және сүйемелдеу әдістерін білуі тиіс.
Оқулықта ақпараттық жүйелердің сыныптамасы мен құрылымы, ақпараттық ресурстар, технологиялар әрі олармен байланысты түсініктер мен анықтамалар қаралған және сараптамалық жүйелердің сипаттамалары мен негізгі функциялары жазылған. Басқарудың заманауи ақпараттық жүйелерінің ережелері мен әдіснамалық
қағидаттары жеткілікті ашылған, сондай-ақ оларды дамыту стратегиясы баяндалған. Біріктірілген ұжымдық ақпараттық жүйелерді (БКАЖ) құру қағидаттары талданған, отандық және шетелдік кәсіпорындарда енгізілген БКАЖ салыстырмалы – талдамалы шолуы берілген. ISO/IEC 12207 стандартына сәйкес ақпараттық жүйенің өмірлік циклі және оны сүйемелдейтін процестердің түсінігі ашылған, ақпараттық жүйелердің үлгілерін құру әдіснамалары ұсынылған, экономикалық тиімділігін бағалау әдістері қаралған. Оқулықтың әр тарауында студентке зерделенген материалды бекітуге мүмкіндік
беретін өздік
3