Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Электр плитасының кедергісі 80 Ом, желідегі кернеу 220 В. Электр  плитасы 6 сағ ішінде қанша энергия тұтынады? 3



Pdf көрінісі
бет128/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   204
8сынып физика (2)

2. Электр плитасының кедергісі 80 Ом, желідегі кернеу 220 В. Электр 
плитасы 6 сағ ішінде қанша энергия тұтынады?
3. Ом заңын пайдаланып, токтың жұмысын ток 
күші, кедергі және уақыт 
бойынша; кернеу, кедергі және уақыт бойынша өрнектеңдер.
4. 120 В кернеуге арналған әрқайсысы 100 Вт болатын екі шам кернеуі 
220 В желіге тізбектеп жалғанған. Тізбектегі токтың күшін және әр 
шамның кернеуін анықтаңдар.
5. 220 В кернеуде жұмыс жасайтын қуаты 700 Вт болатын қыздырғыштың 
спиралін қимасы 0,5 мм

хромаль сымынан жасау керек. Сымның 
ұзындығын табыңдар. Хромальдің меншікті кедергісі – 1,4 Ом · мм
2
/м.
6. Токтың қуатын ток күші мен кедергі арқылы және кернеу мен кедергі 
арқылы өрнектеңдер.
7. Кернеуі 250 В желіге осындай кернеуге арналған қуаты 500 Вт және
25 Вт екі шамды қосады. Тізбектеп немесе параллель жалғағанда олар-
дың қайсысы жарқырап жанады?
Жаттығу 5.4
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


138
§27.
 
№7 зертханалық жұмыс
Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу
Жұмыстың мақсаты: амперметр мен вольтметрді және сағатты пайдала-
нып, электр тогының жұмысы мен қуатын анықтауды үйрену.
Аспаптар мен жабдықтар: зертханалық амперметр мен вольт метр, 
жалғастырушы сымдар, ток көзі, тізбекті тұйықтайтын кілт, электр шамы (ре-
зистор), секундомер (сағат).
1-тапсырма. Амперметр мен вольтметрдің шкала- 
ларын қарап, олардың бөліктерінің құнын анықтап 
алыңдар.
2-тапсырма. Сурет 5.22 бойынша электр тізбегін құ- 
рып, кілтпен тұйықтаңдар да, сағатпен уақытын белгі-
леңдер. 
3-тапсырма. Амперметр мен вольтметрдің көрсету-
лері бойынша шамдағы токтың қуатын 
P = IU формула-
сын пайдаланып, есептеп шығарыңдар.
4-тапсырма. P = A/t формуласын пайдаланып, шамдағы токтың жұмысын 
есептеп шығарыңдар (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет