Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет122/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

7.1.4. Жылулық принтерлер 
 
Жылулық принтерлер 
— жоғары класты түсті принтерлер — 
фотографияға жақын сападағы түсті суретті алу үшін 
пайдаланылады. 
Жылулық принтерлерде мынадай түсті жылулыбаспаның негізгі 
технологиялары пайдаланады: тегіс бояғышты түйіспелі көшіру 
(жылулық баспа); бояғышты жылумен көшіру (сублимациялық 
баспа) жəне қатқыл сия технологиясы. 
Жылулық баспа немесе 
Termal Wax Transfer 
технологиясы 
жылуды көшірумен іске асырылады. Осындай принтердің жұмыс 
істеу принципі: бояғыш болып табылатын, балауызда ерітілген 
термопластикалық бояғыш зат қалыңдығы 5 мкм жұқа лавсанды 
пленкаға басылады. Пленка лентамен ұзатылған механизмен 
жылжытылады, оның құрылымы матрицалық принтердің лентамен 
ұзатылған механизміне ұқсас. Қағазға бояғыш 70 ... 80 °С 
температурасымен қамтамасыз етілетін жылыту элементтері 
(бүріккен принтерлерде тұмсықша, ал матрицалықта инелер болған) 
орналасқан орынға аударылады. Түсті сурет алу үшін CMYK тəсілі 
қолданады, яғни төрт өткізгіштік: бірбірден əрбір алғашқы түсті 
өткізуге жəне басқасы – қара түсті жағуға. Осыған байланысты 
принтерлердің түсті баспасының жылдамдығы жылуды көшіруден 
артық емес. Жоғарыдағы кескінді параққа басудың жылдамдығы 
бүріккіш принтердікіне қарағанда жоғарырақ, өйткені арнайы қағаз 
пайдаланады. Жылулық көшірумен принтерлердің артықшылығы 
қағазда, сондай-ақ пленкада 16,7 млн.түстерді шығарумен 
жоғарысапалы түсті суреттерді алу болып табылады. 
Сублимациялық баспа 
(Thermal Sublimation) сублимацияға 
негізделген, яғни қатты күйді сұйық фазадан өтіп, газ тəрізді затқа 
айналуы. Кескіннің басылу кезіндегі бояғыш температурасы өзгеріп 
отыратын жылулық тиекпен бояғышты жылыту жолымен арнайы 
фотоқағазға лентамен жағылады. Температураға байланысты 
бояғыштың аз немесе көп саны көшіріледі. Газ тəрізді күйде 
бояғыштар араласады жəне жылулық принтер қағазына отырады, ал 
түсі 
CMYK (сары, қызылкүрең жəне көгілдір) тəсілі бойынша үш 
ашық бояғыштарды араластыру жолымен құрылады, осылай 
фотографиялық сапамен түсті реңге қол жеткізіледі. Түсті жылулық 
принтерде механизм жылу тиегі қасынан түсті бояулармен 3-4 рет 
жылулық қағазды жəне бояғыш лентасын тартады, ол бояғышты 
жылулық қағазға жағады (7.5-сурет) 
255 


7.5.-сурет. Түсті жылулық-сублимациялық принтердегі кескінді құру 
Фотоқағазда жылулық сублимациялық баспа процессінде түстің 
бірнеше реңі жасалады (16,7 млн түске дейін). 
Жылулық сублимациялық принтерлер цифрлы фотографиялар 
ғана емес, шынайы фото баспасы қажет кездегі кескіндер 
медициналық 
техникалар 
құрылғысымен, 
бейнекамерамен, 
бейнемагнитофонмен, теледидармен жəне т.б. таратылатын барлық 
жерде қолданады. Жылулық сублимациялық принтерлер құжаттарға 
цифрлы фотографиялар басу, жарнама агенттіктерінде жабыстырма 
басу, шағын баспалы жүйелерде жəне пошталық ашық хат үшін жиі 
қолданады. 
Сондай-ақ 
өзіне 
сублимациялық 
жəне 
жылулық 
технологияларды біріктірген принтерлер де кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет