1. Компьютерлік графика бұл а ақпаратты өңдейтін ғылым



Дата11.11.2022
өлшемі16.07 Kb.
#464579
Тест


Тест

1. Компьютерлік графика – бұл


А) ақпаратты өңдейтін ғылым
Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін
В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым
С) математикалық формулаларға негізделген ғылым
Д) суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын ғылым

2. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары


А) іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік, web
Б) ғылыми, инженерлік, web
В) іскерлік, ғылыми, тұрмыстық
С) көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік
Д) тұрмыстық, инженерлік

3. Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуі


А) растрлық және фракталдық
Б) үш өлшемдік және векторлық
В) растрлық, фракталдық және векторлық
С) растрлық және үш өлшемді
Д) растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді

4. Растрлық графиканың негізгі элементі


А) сызық
Б) нүкте
В) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
С) математикалық формула
Д) символ

5. Фракталдық графиканың базалық элементі


А) Математикалық формула
Б) Нүкте
В) Сызық
С) Кесінді
Д) Қисық

6. Векторлық кескіндер


А) сурет, иллюстрациялық кескіндер
Б) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
В) Доға, ұзындық, фрагменттер
С) Кесінді, қисық, канал, штамп
Д) Кескін, графика, үшінші тәртіпті қисықтар

7. Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы кемшілікті көрсетіңіз


А) Берілгендер көлемінің көптігі
Б) Берілгендер көлемінің аздығы
В) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
С) Растрлеу әдістерін қолданбау
Д) Дұрыс жауап берілмеген

8. Растрлық кескіндеудің артықшылықтарын атаңыз


А) Геометриялық кескіндерді салуға арналған
Б) Векторлық кескіндерді бейнелеуге арналған
В) Растрлық кескіндерді масштабтауға арналған
С) Растрлеу әдістерін қолдану
Д) Растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға не қоюлатуға арналған

9. Растрлық кескіндеудің кемшілігін көрсетіңіз


А) Геометриялық кескіндерді өзгерте алмайтындығы
Б) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
В) Растрлық бейнелердің өңделмеуі
С) Объектілердің растрленбеуі
Д) Барлық жауап дұрыс

10. Графикалық ақпараттың нүктелер түрінде ұсынылуын көрсетіңіз


А) Векторлық түрде
Б) Фракталды түрде
В) Растрлық түрде
С) Сызық түрде
Д) Геометриялық кескіндер түрінде

11. Растрлық графикада қолданылытын қосымша программалар


А) Corel Photo, Adоbe РhotoShop, Photo Finish, Gimp
Б) Corel Draw, Adobe Illustrator, FreeHand
В) Corel Draw
С) Adobe Illustrator
Д) Corel Photo

12. Графикалық примитивтер


А) доға
Б) полигондар (тіктөртбұрыш)
В) нүкте
С) түзу, қисық сызық
Д) барлық жауап дұрыс

13. Графиканың қандай ауқымды түрлері бар


А) екі өлшемді және үшөлшемді
Б) бір өлшемді және екі өлшемді
В) бір өлшемді, екі өлшемді және үшөлшемді
С) инженерлік және компьютерлік
Д) барлық жауап дұрыс

14. Қандай бағдарламалар графикалық редакторлар деп аталады?


А) мульфильмдер құруға арналған программалар
Б) суреттерді өңдеуге арналған программалар
В) драйверлер
С) ақпаратты өңдеу, тасымалдауды жүзеге асыратын программалар
Д) сурет салу кезінде компьютерді басқаратын программалар

15. Бейнеадаптер...


А) монитордың жұмысын басқарады
Б) дисплей тереңдігі
В) жедел есте сақтау құрылғысы
С) графикалық ақпаратты интернетке орналастырады
Д) графикалық ақпаратты бейнежадына сақтайды

16. Photoshop –та жаңа бейнені құру үшін келесі әрекеттер орындалады.


А) файл - новый
Б) файл – открыть как
В) файл - сохранить
С) вид – параметры

17. Растрлық форматтарды таңдап ал


A) GIF, JPEG, BMP
Б) WMF, GIF, JPEG
В) WMF, BMP, CDR
С) JPEG, BMP, CDR

18. Дұрысын таңдап ал


A) RGB түс моделі сәуле түсіру үшін қолданылады
Б) RGB түс моделі сәулелену үшін қолданылмайды
В) CMYK түс моделі баспа кезінде, полиграфияда жиі қолданылады
С) CMYK түс моделі монитордан көру кезінде жиі қолданылады

19. Төмендегі графикалық редакторлардың қайысы векторлық болып табылады?


A) Adobe Photoshop
Б) Photo Paint
В) Paint
С) Corel Draw
20. Дұрысын таңдап ал
A) RGB түс моделі алдамға ыңғайлы
Б) RGB түс моделі полиграфия, типографияда қолдануға ыңғайлы
В) CMYK түс моделі компьютерде жұмыс жасауға ыңғайлы
С) CMYK түс моделі монитордан көру кезінде жиі қолданылады
Д) HSB моделі – адамға ыңғайлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет