Жоғары ажыратымдылықты қамтамасыз ету үшін бастиек арнайы
механизмнің
көмегімен
барабан
бойымен
екі
көршілес
тұмсықшалардың арасындағы арақашықтыққа
тең шамаға қарай
жылжытылады. Қалайша кескіннің 25 ... 30 % барабанға түсісімен,
түсті кескінді тасымалдау үшін қағаз парағы тартыла бастайды.
Алдын-ала жылытылған парақ бастиекке қарай жылжиды, ол оған
бояғышты тасымалдайды. Түсті баспа жылдамдығы минутына 1 200
dpi/2400 dpi (
FinePoint режимінде)
ажыратымдылықпен А4
форматтағы 85 параққа дейін жетеді. Бастапқы деңгейдегі түсті
лазер принтеріне қарағанда, баспа сапасының айына 300 мың бетке
дейін максималды жүктемесі болады.
Түсті қатқылсиялы принтерлер аса түрлі – кеңсе жəне үй
құжаттарын басып шығарудан бастап графикалық қосымшаларды
пайдаланумен күрделі ірі форматты баспаға дейін тапсырмаларды
орындайды. Қатқыл сиялы принтерлердің озат өндіруші Xerox
компаниясы.
7.1.5.
Принтер таңдау бойынша ұсынымдар
Бірінші кезеңде баспа үшін қандай құрылғы типі қажет екендігін
анықтап алу керек: принтер немесе
көп атқарымдық құрылғы
(КАҚ).
Кеңінен таралған КАҚ баспадан басқа сканер жəне көшірме
жасай алады. Жеке КАҚ өзіне факсимильді аппарат функциясын
(факс) да қоса алады. Пайдаланушың жұмыс үстелінің үстін жақсы
босатады. КАҚ жеке принтерден əлдеқайда қымбат тұрады.
Негізінде КАҚ баспаның бүріккіш жəне лазерлі технологияларын
іске асырады.
Баспа
құрылғысын
таңдау
кезде
баспа
құрылғысын
пайдалануына қолданбалы осы немесе сол баспа технологиясын
пайдаланған жөн.
Нақты модельді бағалау кезінде технологияны таңдағаннан
кейін келесі факторларға көңіл аудару керек:
■
нақты пайдаланушының тапсырмаларын
шешуге қажетті
функционалдық мүмкіндіктер (жұмыстарды орындау көлемі,
қажетті шрифтердің бары, орыс тіліне лайықталған);
■
түсті суреттерді құрамдау;
■
кескіннің қажетті сапасы, яғни ажыратымдылық қабілеті;
■
өнімділік немесе баспа жылдамдығы;
■
беріктік жəне пайдалану қолайлығы;
258
■
құны;
■
пайдалану шығындары, тасымалдағыш құны кіріктірілген, материал
шығындары, қызметі, пайдаланатын энергиясы.
Бүріккіш принтер немесе КАҚ сипаттамаларын талдау кезде
ажыратымдылыққа көңіл аударған қажет. Мысалы, принтер сипатында
4 800 х 1 200 dpi дейін ажыратымдылық көрсетілсе – онда бұл
тамшылар арасындағы минималды қашықтығы 1/4 800 дюймді
құрайтындығын білдіреді. Тамшы
көлемі кішірек болған сайын,
соншалықты растр азырақ көрінеді, яғни көрші нүктелері арасындағы
қашықтық. Бүріккіш принтердің маңызды сипаттамасы баспа кезінде
пайдаланатын - үштен бастап тоғызға дейінгі түстердің саны. Мəтіндер
мен кескіндерді басып шығару үшін үштүсті принтерлерді, ал
көптүстілерді – фотобаспалар шығару кезде пайдаланған жөн. «Баспа
жылдамдығы» параметрі де өте маңызды, ол əртүрлі өндірушілерде
минутына 20 ... 40 бет диапазонындағы модельдерге тəуелді.
Егер
принтер
Pictbrige технологиясын қамтамасыз етсе, оған
компьютердің қатысуысыз фотокамераны қосуға жəне фотоларды
тікелей басып шығаруға болады. Кейбір принтер модельдері сол
мақсатта
картридждермен, сондай-ақ LCD-дисплеймен жабдықталған.
Ақ-қара лазерлі принтерлер жəне КАҚ, əдетте үйде қолдану
үшін таңдайды. Лазерлі баспа принтерінде басылған 300 dpi
ажыратымдылықтағы мəтін сапасы типографиялық сапаға сəйкес. Егер
парақта сұр түсті градациялы кескіндер бар болған жағдайда,
сапалы
графикалық кескіндерді алу үшін 600 dpi артық ажыратымдылық қажет
етіледі. Ажыратымдылық қабілеті 1 200 dpi кезде басылым
фотографиялық сапасында жасалады. Егер көп құжаттарды шығару
қажет болса (мысалы, күніне 40 парақ), лазерлі технологиясы бар
принтерді таңдаған дұрыс болады. Лазерлі принтер жəне КАҚ қағазға
сапаны талап етпейді, мысалы, бүрккен, мəтінді құжаттың бір парағын
басып шығару бірнеше есе төмен.
Баспаның заманауи құрылғыларының көбі
Ethernet
и
Wi-Fi
интерфейсі
арқылы
жергілікті құрамда немесе сымсыз желісте жұмыс
істейді. Принтерлер мен КАҚ жиі автоматты екіжақты баспа
функциясымен жабдықталған. Жады картасы үшін слоттармен
жарақталған. Ол SDXC, SD немесе SDHC форматты карталарды
сүйемелдейді, жекелеп алғанда ДК-дан өтіп,
фотографияларды басып
шығаруға мүмкіндік береді. Баспа құрылғысының сымсыз желісті
картасының бар болуы сматрфоннан баспаны жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
259
і
Сонымен қатар, баспа құрылғылары пайдаланушыға Интернетке
автономды қосылуды жəне əйгілі онлайн қоймасынан, сондай-ақ
əлеуметтік желістерден баспа жасауды ұсына алады.
Достарыңызбен бөлісу: