ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Шығармашылық мамандықтар» факультеті
«Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасы
Бекітемін
«Бастапқы әскери дайындық және
шығармашылық мамандықтар»
кафедрасының меңгерушісі
А.А.Сихаев
«___»__________2024ж.
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Автоматтан ату әдісі және ережесі
Дайындаған: аға оқытушы Турсинбаев М.М.
Пәннің аты: Атыс дайындығы
Топ: БӘД-21-1
Аудитория: 208
15.03.2022 ж., сағ.11:25
Тараз 2024ж
Топ: БӘД-22-1
Сабақтың тақырыбы: Автоматтан ату әдісі және ережесі
Сабақтың мақсаты: Атыс тәсілдері мен қозғалыс жасауды оқытудың бағыттары – азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі құрамдас бөлігі болып саналатындықтан студент жастарымыздың бойында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаушыға қажетті білікті болу, патриоттық және рухани-психологиялық қабілеттер мен қасиеттерді қалыптастыру.
Тәрбиелік маңызы: студент жастарды кәсіби біліктері мен ұрыстағы шеберліктерін, сонымен қатар алдына қойған міндеттерін табысты шешуге қажетті жауапкершіліктерін бүгінгі таңдағы әлеуметтік көзқарас бағыттарымен байланыстыра түсіндіру.
Ой өрісін жетілдіру: тұлға ретінде мәдениеті жоғары, білімді, қабілетті, өз ойын ашып жеткізе алатын және де еліміздің саяси, мәдени, экономикалық даму процесстеріне талдау жүргізе алатын маман етіп дайындау бағытында ықпал ету.
Сабақты өткізу әдістері:
- түсіндіру және атыс тәсілдердін үйрету.
Сабақтың түрі: практика.
Сабақты өткізу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: әскер дәстүрі бойынша амандасу, студенттерді түгендеу және өткен сабаққа шолу жасау.
Жаңа сабақты бастау: түсіндіру және практика жүзінде атыс тәсілдердін үйрету.
Қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |