Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет29/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Сегізінші буын процессорларына AMD Opteron процессоры жəне 
Athlon 64 (Turion 64) түрлі модификациялары, сондай-ақ Intel Itanium 
жатады. Athlon 64 СPU бастапқыда үстелдік ДК-де жəне ноутбуктерде 
қолдану үшін арналған болатын. Athlon 64 (2 800+, 3 000+, 3 200+, 3 
400+, 3 500+, 3 700+, 3 800+ и 4 000+) процессорларының туысы 0,09 
жəне 0,13 мкм технологиялары бойынша жасалған жəне 32- мен 64- 
разрядты процессорлар арасында аралық буын ретінде тұрақтанады. 
Олардың тактілік жиілігі 2,4 ГГц дейін жəне екінші деңгейлік кэш- 
жадының көлемі 1 024 кбайт дейін. 
Intel Itanium — үлкен дерек қорларымен, деректерді жəне бизнес- 
талдауды, 
күрделі 
техникалық 
есептеулерді 
орындайтын 
автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖЖ) жинауға арналған 
қосымшалармен жұмыс істейтін серверлер мен компьютерлерге 
арналған алғашқы 64-разрядты процессор. Оның негізгі артықшылығы 
болып процессор жүгіне алатын адерстелетін жады көлемі табылады. 
Салыстыру үшін: Pentium Pro/II/III/IV СPU 64 Гбайт жедел жадыға 
жүгіне алады, Itanium — 16 Тбайт-қа, ол шамамен 270 млн есе көп. Intel 
Itanium 2 сериясы жоғары өнімді серверлер мен жұмыс 
станцияларының 
жұмысына 
арналған. 
Itanium 

(MP) 
модификациясының ең үлкен тактілік жиілігі бар, жүйелік 128- 
разрядты шинаның ең көп жиілігі 667 МГц жəне Itanium 2 (MP), Itanium 
2 (DP) модификациялары үшін бірінші (L1) жəне екінші (L2) деңгейлік 
кэш-жадының көлемдері 32 жəне 256 болғанда тиісінше үшінші 
деңгейлік кэш-жадының (L3) ең көп көлемі 9 Мбайт. 
Тоғызыншы буынға көпядролы процессорларды жатқызады, олар 
үшін арнайы көпядролы микроархитектура жасалған. Intel фирмасының 
мұндай 
процессорларына 
К-10 
микроархитектура 
базасында 
орындалған Intel Core 2 сериясы, AMD фирмасының — Phenom сериясы 
жатады. 
Алғашқы Intel Core 2 процессорлары 65 нм технологиясы бойынша 
орындалған. 
Intel фирмасы Intel Core 2 туысы процессорларының бірнеше 
нұсқаларын біруақытта жасап шығарумен айналысты. Алғашқы болып 
4 Мбайт кэш-жадысы жəне 291 млн транзисторлары болатын екі 
ядролы процессорлар Conroe жəне Merom пайда болды. Conroe 
процессорлары үстелдік жүйелерге (ДК) арналған еді жəне тактілік 
жиіліктері 1,86 ... 3 ГГц дейін шығарылды. Процессоры Merom 
процессорлары мобильдік жүйелерде (ноутбук) қолдануға арналды, 
сондықтан оларды шығарған кезде ерекше назарда төмендеген энергия 
пайдалану болды, сəйкесінше оларда тактілік жиіліктер төмен болды — 
1,06 ...2,4 ГГц.
55 


Intel фирмасының төрт ядролы Kentsfield процессорлары бір 
корпустағы 
екі 
Conroe 
процессорын 
бейнелейді. 
Осы 
процессорлардың 
ядросы 
Conroe 
процессорларының 
сипаттамаларына ие, бірақ процессордың 582 млн транзисторлары 
болады. 
Intel Core туысының процессорларында технологиялық норма — 
45 нм жүзеге асырылған. Екі ядролы жəне кэш-жадысы 6 Мбайт 
болатын процессор модельдерінде 410 млн транзистор болды, ал 12 
Мбайттық төрт ядролы процессор модельдерінде — 820 млн 
транзистор болды. Процессорлардың осы қатары əр түрлі тактілік 
жиіліктермен (2,1 ... 3,33 ГГц) жəне жүйелік шина тактіліктерімен 
(800, 1 066 жəне 1 333 МГц) ерекшеленіп отырды. 
Тоғызыншы буын AMD фирмасының процессорлары — Phenom 
туысы К-10 микроархитектура базасында жүзеге асырылған. Олар 
65 нм технологиялық норма негізінде жасалды. Бұл процессорлар 
— төрт ядролы, алдыңғыларынан айырмашылығы барлық төрт 
ядролары да бір кристалда орналасқан. Сонымен қатар оларға Intel 
Core процессорлардағыдай ендірілген аналогтық бірқатар жаңа 
шешімдер ендірілген. 
Оныншы буын процессорларына Intel Core i7 процессорларын 
жатқызады, олар 45 технологиялық норма базасында орындалған, 
транзисторлар саны 731 млн кем емес. Intel фирмасының 
процессорларды жетілдіру саласында келесі қадамы жаңа 
технологиялық нормаға өту – 32 нм. Бұл процессорлар жаңа 
атауға— Westmere ие болды. 
AMD фирмасының оныншы буын процессорлары Phenom II
Phenom II ХА туысы атанды — 45 нм технологиялық процесі 
бойынша орындалған төрт ядролы процессорлар. Phenom II ХА 
процессоры 758 млн транзисторлардан тұрады жəне үлкейтілген 
үшінші деңгейлік кэш-жады болады (2 ... 6 Мбайт). 
Архитектураны оңтайландыру жəне 45 нм технологиялық 
нормасына өту есебінен AMD фирмасына өз процессорларының 
тактілік жиіліктерін 3 ГГц дейін арттыра алды, сонымен қатар 
төмен энергия тұтынумен қамтамасыз етіп, Intel процессорларының 
бағасы, 
өнімділігі 
мен 
энергия 
үнемдеу 
қатысындағы 
сипаттамаларына жақындауға мүмкіндік жасады. 
Intel фирмасымен жасалған процессорлардың он бірінші буыны 
Sandy Bridge жаңа микроархитектурасының негізінде жүзеге 
асырылды. Процессорлар 32 нм технологиясы бойынша 
орындалады. Әр түрлі модификацияларында ядролар саны 1-ден 8- 
ге дейін ауытқиды. 
56 


Sandy Bridge кэш-жадының үш деңгейі болады, үшінші деңгей кэш- 
жадысының көлемі əр түрлі өкілдерінде 1,0 ... 1,5 ден бастап ауытқиды 
(қарапайым бір ядролы Celeron процессорларының) 20 Мбайт дейін 
(серверлерге арналған 8-ядролы процессорлар). Процессорларда 
интеграцияланған жетілдірілген екі каналды жады контроллері, 
жүйелік шина контроллері (чипқа кіріктірілген жүйелік логика 
жинағының солтүстік көпірі) жəне графикалық контроллері болады. 
Процессордың 
барлық 
элементтері 
(ядролар, 
графикалық 
контроллер, үш деңгей кэші) 256 биттік компонент аралық сақиналық 
шина көмегімен біріктірілген. Шина төрт 32 байттық сақиналардан 
тұрады: деректер шинасы, сұраныстар шинасы, жағдай мониторингі 
шинасы жəне растау шинасы. Сақиналық шинаның өнімділігі 96 
Гбайт/с жетеді, тактілік жиілігі 3 ГГц, ол алдыңғы буын 
процессорларының көрсеткіштерінен төрт есе асып кетеді. 
Процессорларда мультимедиялық тапсырмаларда жəне қалқыма 
нүктесі бар жоғары тезəрекеттілікті қамтамасыз ететін жаңа 
кеңейтілген векторлар командасының жинағы AVX (Advanced Vector 
Extension) жүзеге асырылған. Sandy Bridge микроархитектурасының 
негізінде Ivy Bridge процессорлары жасалды, олардың құрылымы да 
дəл сондай, бірақ 22 нм технологиясы бойынша орындалады. 
АMD фирмасының он бірінші тобының өкілі Bulldozer процессоры 
болып табылады. Ол алдыңғы буын AMD процессорларымен 
салыстырғанда толықтай қайта өңделген архитектураға ие болады, 16 
ядроға дейін, үшінші деңгейлік артылған кэш-жады көлеміне ие. Sandy 
Bridge процессорлары сияқты олар да AVX командалар жинағын 
сүйемелдейді жəне кристалға интеграцияланған графикалық ядросы 
болады. Процессорларға төртканалды шина HyperTransport 3.0 
негізіндегі деректерді берудің жақсартылған технологиясы енгізілген
Процессор типі шешімін табуға ДК қолданылатын тапсырмалармен 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет