Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған



бет84/105
Дата02.01.2022
өлшемі1.97 Mb.
#452601
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
латын тілі(@kaz medical students)

Рецептегi қосымша жазулар

  1. Рецептiң жоғары бөлiгiнде: Cito! Тез! немесе Statim! Жедел түрде!

  2. Repete! - Қайтала! немесе Bis repetatur! – екi рет қайталансын! деген сөздерi жазылуы мүмкiн.


Рецептегi сөздердiң жазылу тәртiбi

Рецептегi сөздердiң жазылу тәртiбi 5 және 6 бөлiмде көрсетiледi. Рецепт – Recipe: - Ал: сөзiнен басталады. Сосын латын грамматикасы тәртiбiмен жазылады.


Н енi? Қанша?


Recipe: (Ал)

Дәрілік зат н/е дәрілік препарат (ілік септігінде)

Дәрілік зат мөлшері н/е дозасы

(табыс септігінде)




Н енiң?


Әрбiр дәрi-дәрмек рецепте жеке қатарда жазылады. Rp: (ал) – сөзiнен кейiн дәрiлiк заттар және өсiмдiктер атаулары бас әрiппен жазылады. Дәрiлiк заттар, препараттар мөлшеріне (санына) байланысты болғандықтан iлiк септiгiнде жазылады, ал мөлшерi (саны) Recipe-ал – сөзiне қатысты болғандықтан табыс септiгiнде жазылады. Мысалы:

Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0.1-100ml.

Licuoris Ammonii anisatis 1 ml.

Natrii benzoatis 0.6 ml.

Sirupi Althacae 20 ml.

Misceatur, Detur, Signetur: 1 шєй ќасыќпен күніне 3 рет
Рецепте қатты және ұнтақ дәрiлiк заттар граммен берiледi. Бiрақ грамм сөзi жазылмайды, ол ондық бөлiкпен кµрсетіледі. Мысалы:

Recipe: Unguenti Zinci 30,0.

Recipe: Anaesthesini 0,3.

Recipe: Exracti Belladonnae 0,015.
Сұйық дәрiлiк заттар мл көлемiнде берiледi. Мысалы:

Recipe: Olei Vaselini 30 ml (30,0).

Recipe: Extracti Cratoegi fluidi 20 ml.

Егер сұйық дәрiлiк заттар 1 мл аз болса, онда олар тамшы мөлшерiнде берiледi де, табыс септiгiнде жекеше түрде – guttam, ал кµпше түрде - guttаs деп жазылады. Мөлшерi римдік цифрмен берiледi. Мысалы:



Recipe: Solutionis Adrenalini hydrochloridi 0.1% guttam 1.

Recipe: Olei Mentae piperitae guttas V.

Антибиотиктер мөлшерi көп жағдайда әсер ету бiрлiгiне қарай берiледi.

Мысалы: Recipe: Benzulpenicilini-natrii 250000ED.

Егер 2 немесе бiрнеше дәрi-дәрмектер атаулары бiрдей мөлшерде берiлсе, онда тек соңғысына аnа сөзi арқылы саны көрсетiледi. Мысалы:



Recipe: Amidopirini .

Analgini ana 0.25.

Da tales doses numero 12 in tabulettis.

Signa: Бас ауырған кезде 1 таблеткадан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет