Жоспар: Көне жазулар. Орта ғасырлардағы жазу-сызу. Руна жазуының сипаты. Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі. Байырғы түркі «ж» фонемені қақында. Көне жазулар



Дата27.06.2016
өлшемі108 Kb.
#160747
Жоспар:

  1. Көне жазулар.

  2. Орта ғасырлардағы жазу-сызу.

  3. Руна жазуының сипаты.

  4. Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі.

  5. Байырғы түркі «ж» фонемені қақында.

Көне жазулар:

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" — "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: "Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бүл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Да- ния зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның рунала- рына үқсатып, бүл жазуларды да руналық, яғни "қүпия" жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған қүлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау өдісімен тасқа, түрлі бүйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналык жазбада 35 өріп бар, бүдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостаған- дағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бүрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе қүлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге каған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жүртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей төңірден жаралған Білге (дана) қаған бүл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, үлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі таска жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!" Білге каған түсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, өділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде үйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым".

Орта ғасырлардағы жазу-сызу:

Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғдыжазуы дегеніміз — орта ғасырлардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғғ.) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмүд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Қүтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмат", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IX—X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б. Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, үйғыр, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.

Руна жазуының сипаты:

Түркі тіліндегі деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашкан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті.

Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге карағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бүл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байкау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына үксас. Олай болса, "Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады.

Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазак, халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бөрі-бөрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар казақ халкының ертеден келе жатқан бастауы.

Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.

Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жаткан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.

Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі:

Байырғы түрік жазба тілінің фонетикалық жүйесі мен (Орхон, Енисей, Шығыс Түркістан мәтіндері) жазу үлгісінің мәселесіне байланысты түрколог ғалымдар зерттеулері бүгінгі күнге дейін толық бір арнаға түсе қойған жоқ.

Беделді зерттеушілер А.Н. Кононов [1.23], В.А. Лившиц [2.90-98], Г.Клосон [3. 52, 71] байырғы түрік бітіг соғды алфавитінің негізінде пайда болған дей отырып, фонемограммалық (алфавиттік) жазу екенін мойындайды.

Ал В.Г.Гузев, С.Г.Кляшторныйлар қандай бір семит алфавитін шебер өзгертіп пайдаланған дей отырып, әліпби буындық жүйеге (силлабограмма) негізделген деген ұсыныс айтады [4.59; 5.70]. А.Аврутина шығу тегі жағынан екінші топтың пікірін қолдай отырып әліпби жүйесін «словесно-слогово-буквенную (сигнофонографический)» деп қорытындылайды [6.84, 95].Жатжұрттық бұл зерттеушілер түркі тілінің табиғи ерекшелігін, табиғи заңдылығын жақсы түсіне бермегендіктен жоғарыдағыдай қорытынды жасаған.

А. Байтұрсынов фонемографиясына ғылыми анализ жасаған түрколог-фонетист М.Жүсіпов түркі тілінің дыбыс үндесім тіл екенін анықтап тұңғыш рет «дыбыс үндесім» (сингармофонем) деген атау енгізіп келді [7.11-19]. Кейін 2005 жылы белгілі фонетист Ә. Жүнісбек осы дыбыс үндесім теориясын байытып байырғы түрік жазба тілінің фонологиялық моделін жасады [8.120-125].

Байырғы түрік бітіг дыбыс үндесім жазуы болғандықтан оның тілі де үндесім тіл. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын үндесім құбылысы дейді. Ал дыбыстарды (дауыстыларды да, дауыссыздарды да) буын не сөзге біріктіріп тұратын фонологиялық құрсауды (просодиканы) үндесім заңы дейді. Бұл заңдылық бойынша байырғы түрік бітіг жазба тілінің үндесім құбылысын анықтау үшін алдымен буынның дыбыс құрамын анықтау жөн. "Түрік тілдеріндегі кез келген буын үш құрақтан тұрады: дауысты құрақ – V (vokal), дауыссыз құрақ – С (consonant), буын құрақ – CV (consonant + vokal). Дауысты құрақ буынның тек басында, дауыссыз құрақ буынның тек соңында тұрады, ал буын құрақтың өзі буын болып табылады. Сондықтан ол барлық уақытта буынның басы болады" – дейді байырғы түрік жазба тілінің фонологиялық моделін жасаған белгілі фонетик ғалым Ә.Жүнісбек.

Олай болса осы теорияны пайдаланып байырғы түрік жазба тілінің үндесім дауыстылары мен үндесім дауыссыздарының фонологиялық сипатын алып қарастыруға жол ашылады. Байырғы түрік бітіг әліпбиінде дыбысты таңбалаған материалдық белгісі, идеалық белгісі берілген. Өйткені әр таңбаның ерекшелігінің өзі осы заңдылыққа бағынады.

Байырғы түркі «ж» фонемені қақында:

Бізге жеткен ерте Ортағасырлық жәдігерліктерді, тас бетіндегі рун жазуларын оқыған зерттеушілер бұған дейін байырғы түрік тілінде "ž" фонемсіз оқып келді. Сөйтіп байырғы түрік тілін "j" (и) тілді халық ретінде ғылымда берік түсінік қалыптастырды. Шынында солай ма? Осы проблемаға анализ жасап көрелік.

1. Байырғы түрік рун жазуының алдында, әрі сол дәуірде қолданыста болған брахми, манихей алфавиттерімен жазылған түрік тіліндегі жазба деректерінде "ž (ж)" фонемді "dža", "ž" деп белгілеген (Gabain. Eski.1988. p.26).

2. Ұйғұр алфавитін б.з. 790 жылдардан бастап Орталық Азиялық түріктер қолдана бастаған. Байырғы түріктердің рун жазуын кең көлемде қолданыста болған кезеңдердің бірі. Міне осы ұйғұр алфавитінде "ž (ж)" дыбысын графикада Ч деп белгілеген. Ұйғұр графикасымен жазылған мәтіндердің барлығында сақталған (M.Kašgarli. Divanü lugat-it-türk. 1985-1986.p.8,12). Олай болса, манихей, брахми мен ұйғұр әліпбиінде белгіленген түрік тілінің "ž (ж)" фонемі руникада қалайша жоқ болып кетеді деген сұрақ туады. "Ž" фонемі болуға тиісті. Зерттеушілер оны графикадан белгілеп бере алмаған.

3. Ерте Ортағасырлық Хазар мемлекетінің Савира тайпасы "ž (ж)" диалектімен сөйлеген. Гундердің көсемі (савир тайпасынан) Алп 682 жылы Хурсана Зертегінді (Жер-тегін) Арменияға елшілікке аттандырады. Міне сол Зертегін (Жер-тегін) деген атауын армян ғалымдары "žertegin (жер-тегін)" деп оқи отыра, олардың "ž (ж)" диалектілігін дәлелдейді (В.Л.Гукасян. Об одной., 1984.,с.82). Мысалы, Хазар мемлекетінің қағаннан кейінгі екінші лауазымды "жабғу хакан" (žabɣu qaɣan) деп сол дәуірдегі армян нұсқасы "Истории Алван" деген еңбекте жазып қалдырған (Гукасян.,с.80). Хазарлардың осы "ž (ж)" диалектісі кейін азербайжан тілінде дәстүрлік сабақтастығы сақталған. Хазар мемлекетінің бір үлкен тайпалық одағы печенектердің атауын Ал-Масуди (Х ғ.) "beženek" (беженек) деп жазып қалдырған. Мысалы, žer (жер), žyr (жырту), žymryq (жұдырық), beženek (печенек), žabɣu (явғу) т.т. с.с. жекелеген сөздер жазылып сақталған.

4. Байырғы түрік қағанатының билеуші тайпасы қыпшақтар болған (Сартқожаұлы Қ., 2003. б.67-82 ). Қыпшақ тілі ежелден "ž" тілді болғаны ғылымда әбден дәлелденген.

5. Ерте Ортағасырдың соңында жазылып сақталған М.Қашқари сөздігінде қыпшақ, оғуздар "ž (ж)" тілді екенін айта отырып, нақты мысалдар келтіреді: jinžü (түрікше – інжү) ~ žinžü (жінжү) (қыпшақ, оғуз); juɣdu (түрікше – жүкті түйе) ~ žuɣdu (қыпшақ, оғуз); žylyratty (жылтыратты), žuwšatty (ашытты).

Түркі диалектісінің сөз басындағы -s, -j әріптерінің орнына қыпшақ, оғуздар "ž (ж)" әрпін қолданған. Мысалы, Ol meni žetti (ол маған жетті). Suwda žundym (суға жуындым), - дейді М.Қашқари (МК.ІІ.364-389).

6. Б.з. V-XII ғ.ғ. өмір сүрген Еділ Бұлғарларында да "ž" дыбысы қолданыста болған. Мысалы, žoh (К.Т. žoɣ) ~ бата, оң арулау; žür (K.T. žüž) ~ жүз; žirme (K.T. žigirme) ~ жиырма; žeti (К.Т. žeti) ~ жеті. Еділ Бұлғарларында "ž" дыбысы тіл алды, жабысыңқы, ұяң айтылған (Хакимзянов Ф.С., Бұлғар тілі // Тюркские языки., с.47-51).

7. Қарлуқ тайпасының қалдырған мәтіндерінде "ž" тілді екенін дәлелдейтін жаңа деректер табылды (Сартқожаұлы Қ., Моңғолия экспедициясының есебі. 2003 ж., б.23).

8. Көк түрік мәдениетінің ізбасарлары Біріккен түріктер (керей, найман, едізді) (ТТ., б.71) (VІІІ-Х ғ.ғ.), Қарахандықтар (ХІ-ХІІІ ғ.ғ.) (ТТ., б.81), Мәмлүк-қыпшақтарда (ТТ., б.95), Х-ХІ ғасырда Орта Азия (Сыр бойы) оғуздар (ТТ., б.104), VІІ-ІХ ғасырда Хазарлар қол астында болған печенектер (ТТ., б.138), ХІ-ХІV ғасыр Оңтүстік орыс даласындағы половецтер (ТТ., б.130), ХІ-ХІV ғасырдағы хорезм түріктер (ТТ., б.142), XV-XVI ғасырдағы шағатай (ТТ., б.183) тілдерінің барлығында "ž" фонемі болған.

9. Қыпшақ тобының қазіргі тірі тілдері қазақ (ТТ., б.317), қарайм (ТТ., б.331), қарақалпақ (ТТ., б.341), қырғыз (ТТ., б.371), қырым татары (ТТ., б.385-386), құмық (ТТ., б.411), ноғай (ТТ., б.423), Астрахан ноғайлары (ТТ., б.659), Астрахан ноғай-қарағаш (ТТ., б.243), башқұрт (ТТ., б.270), салар (ТТ., б.35), татар (ТТ., б.464) тілдерінде "ž" фонемі толық қолданыста келе жатыр.

10. Сібірлік Алтай (ТТ., б.233), барабан татарлары (ТТ., б.259), долгон (ТТ., б.308), тува (ТТ., б.497), хакас (ТТ., б.597), шор (ТТ., б.647), шұлым (ТТ., б.638) тілдерінде "ž" фонемі толық қолданыста.

11. Оғуз тобының түркімен (ТТ., б.537), өзбек (ТТ., б.553), ұйғыр (ТТ., б.568-569), азербайжан (ТТ., б.209) тілдерінде "ž" фонемі сол тілдерінің негізгі дыбыстарының бірі.

12. Орхон түріктерінің мәңгілік көршісі, әрі этникалық жағынан түбі бір моңғол, манчжур, түнгүс, танғад тілдерінде "ž" басым дыбыстардың бірі. Орхон түріктерінің тіліне осы аталған көршілес халықтардың тілі әсер етпей тұра алмайтынын есепке алуымыз жөн.

13. Соғд, ұйғур, моңғол-ұйғур алфавиттерінде z (з), ž (ж), j (й), i (і), j (и), z (з) әріптерін бір кескінмен белгілеген. Байырғы түрік руна жазуында осы ерекшелікті қайталап j (й) мен ž (ж) әріптерін бір ғана  таңбамен кескіндеген.

Себебі, түрік тілінің ішіндегі "j" тілді диалектілер мен "ž" тілді диалектілер сол дәуірдің өзінде айқындалып, бөліне бастағанын еске алып осылайша бір таңбамен берген болуы әбден мүмкін.

Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері:

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.

Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.

Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).

V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.

Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.

Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.

Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді.1

Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей 2 ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.

Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.

Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.

Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып»3 деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.

Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей әріпімен 554 бетіне жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған4 .

Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр.

Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім.

Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.

Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.

Ежелгі түркі туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып білу әлі күнге дейін кешуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды. Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің өздері) өздерінің исламға дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құран етті-құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі, кезінде де толастамады. «Пантюризим» деген желеумен Түркі мәдениеті қуғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналыныі (1990-№12№-256 бетінде) жамбылдық А. Хмелов Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тілді (қазақ тілін) қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды. «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу,сызу атымен болмаған» - деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, - деп қорытады.

Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы қабырға жаңа, ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда5 орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді халықта әріп деген қайдан болсам» деп ауа жойылмас еді.

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады.

1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.

Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.

Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.

Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын сло Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады.

Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.

Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.

Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп

келеді. Ал кейінгі кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ – VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады.

«Сонымен қатар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманыңүшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.»1

«Күлтегін» жырындағы мынадай өлең жолдарына назар аударайықшы:

Қаның судай ақты,

Сүйегің тау боп жатты...

Бек ұлдарың құл болды...

Пәк қыздарың күң болды...

Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейттік...

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды.

Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек, әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы, түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой.

Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.

Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.

Пайдаланылған әдебиет:

1)Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965—33—633—4

2) Жүнісбек Ә. Көне түркі жазуының фонологиялық моделі жайлы // Тіл және қоғам. -Астана, 2005. -№1. -120-125 б.

3)Бартольд В.В. Соч.,5.-М.,1968.-С.45

4)Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.

5) Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967, 29 б.

6) Есенқұлов Е. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы, 1976. 10б.

7)Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991.

8) Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, Жазушы 1990.

1 Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967, 29 б.


2 Сонда

3 Есенқұлов Е. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы, 1976. 10б.

4 Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.

5 Бартольд В.В. Соч.,5.-М.,1968.-С.45



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет