Пәні: Қазақ әдебиеті, 11 сынып
Стандарт: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Типтік оқу бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (96-қосымша) бекітілген жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Әдістемелік нұсқау хат:2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты
Оқу бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы қазақ әдебиеті пәнінен жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы10-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. Авторлары: Жұмажанова Т.Қ., Мәмбетов Ж.О., Әрінова Б.А., Рахымжанов Қ.А., Омарханов Е.А.
Оқулық:Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым , Алматы «Мектеп» 2011.
Пәнді оқыту мақсаты:
Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқыту міндеттері:
- көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;
- оқушыларға әдебиеттің өнердің бір түрі екендігін танытып, әдеби білім мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру;
- әдебиеттің ұлттық ерекшелігін, шығармалардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көркем бейнеленуін, көркем туындының идеялық мазмұнын ұғындыру;
- оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармашылықпен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;
- ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.