Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы



бет1/2
Дата06.11.2023
өлшемі177.5 Kb.
#482498
  1   2
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

  • Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
  • 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
  • 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
  • Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.
  • Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.
  • Кезеңдер
  • Оқушының іс-әрекеті
  • Диагностикалық кезең
  • Оқушылардың білім деңгейін диагностикалау
  • Мұғаліммен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау
  • Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау
  • Топтардағы оқыту талапта рының жобасын талқы лауға қатысу
  • Оқытуды іске асыру
  • өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы
  • Білімді меңгерту нәтижесін бағалау
  • Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнатылуы)
  • Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру
  • Кесте-1
  • Деңгейлеп туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген 
  • Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
  • Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы 
  • Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы 
  • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы 
  • Оқушы белсенділігінің оянуы 
  • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
  • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет