«Аламан бәйге» жарысы



Дата01.02.2023
өлшемі42.5 Kb.
#469028
Аламан бәйге


Бекітемін:
Тәрбие ісінің орынбасары: Ж.М.Бұхарбаева

«Аламан бәйге» жарысы
Жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар,-
Құрметті әріптестер, оқушылар! 7,8,9-сынып оқушыларына арналған «Аламан бәйге» атты қазақ тілі пәнінен арналған жарысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Жарыстың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Бүгінгі бәйгеміз 6 кезеңнен тұрады, олар:

  1. Көмбе-төбе

  2. Тай жарыс

  3. Құнан жарыс

  4. Дөнен жарыс

  5. Жорға жарыс

  6. Алтын тұлпар

Шын жүйрік шабысынан танылады
Қатты білім, терең ой саналады
Баға берер әділ қазы ортамызда
Сіздерге қошеметпен қол соғады.
Әділдікті қақ жарар әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Беташарын бәйгеміздің бастайық
Көрерменді бір сәт серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып алайық,- дей келе сайыскерлеріміздің «Таныстыру» сәтін бастауға рұқсат етіңіздер
I топ: «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран
Халықпыз сөзге тоқтаған
Тілімен топты жаратын
Жұбымыз біздің « Жасқыран»
II топ: «Топжарған»
Шығарар намысты топты алдан
Дуалы ауыз тілге арман
Сайысқа келдік біліммен
Жұбымыз біздің «Топжарған»
III топ:


Жүргізуші:
Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда!
Жүйріктерді ұстайтын жерді «Көмбе-төбе» деп атаған. Жүйріктер жолға шығар алдында көмбе-төбеде тұрған көпшіліктің алдынан өтеді. Көптің алдынан жүйріктер тізіліп өткен тұста атбегілер бәйге аттарының бабын байқап, аяқ алысын аңдап, қай жүйріктің маңдайы жарқырап, озып келерін ой мөлшермен табады. Ендеше құрметті қатысушылары 1-кезең «Көмбе-төбе» бәйгесіне кезек береміз.
Бәйге шарты: Қазақ тілінің бастамасы – әріптен басталады. Сол себепті әліпбиді ретімен әдемілеп жазу ең алғашқы қадам екені сөзсіз. Сайысымыздың 1-тапсырмасына сәйкес әріптерді көркем жазумен жазып, алфавиттік реттілікті сақтау. Ұпай саны бойынша жоғары – 7 балл. Бәйгенің әр бөлімі бойынша әділ қазылар алқасы бағалап отыруын қадағалауды сұраймыз. Қатысушыларға сәттілік!
Жүргізуші:
Тай жарыс. Бір жастағы жылқы төлінің жарысы. Қашықтығы 6-8 шақырымнан аспайды. Қазақ халқы болашақ тұлпар болар жылқы мен батыр болар баланы тай жарысынан бастап таныған. Көшпенділер дәстүрінде тай жарысы кезінде ең соңынан келген тай мен балаға да сыйлық беретін ұғым бар. Бұл жас баланың көңілін аулайтын жақсы дүние.
2-кезең «Тай жарыс» бәйгесінің шарты:
Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына астындағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Жұмбақтың шешуін табу. Ұпай саны бойынша жоғары – 7 балл. Қатысушыларға сәттілік!
Ж П Н Д Б Р Н Р С Б Р
А а а і ә е а а
У З Ж Б Қ,
А ы а ы
Ш Л Р М З Г Л Н Д
А ы а е і і е
Б У Р Н Ж З П,
А ы ы а ы
Ш Н Д Т Л П Ж Т Қ Н
І і е о ы а а
Қ З Н С Б Р,
а ы а ы а
Қ Р К Қ П П Й Д Л Н Р
О е ы а а а а а
Т М М Х Л Қ,
а а а ы
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.
Жауабы: Кітап
Жүргізуші:
Құнан жарыс. Құнан жарыстың қашықтығы 15 шақырымнан аспауы керек. Одан ұзақ болса сүйегі қатып, өкпесі жетілмеген жас жылқы бұрлығып, беті қайтып қалады. Құнан жарыс кезінде жылқының болашақта қандай дәрежеде бап сүйеді (қоңды, күйлі немесе арық, орташа етті т.б.) соны анықтайды және шабыс ырғағын таниды.
«Құнан жарыс» бәйгесінің шарттары. Аталмыш бәйге 2-бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің жоғары баллы: 7
1-бөлімі «Балқарағай» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау.
2-бөлімі. «С»- дан басталатын сегіз сөз. Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:
1. Сұйық зат
2. Зат немесе құбылыс атауы
3. Дақыл атауы
4. Жемістің аты
5. Жануар атауы
6. Өсімдік атауы
7. Адам аты

Дөнен жарыс. Дөнен жарыстың қашықтығы 20 шақырымнан аспауы тиіс. Дөнен жылқының жарысы кезінде жүйріктің сүйек сыны айқындалады және еркек жылқы болса алдағы уақытта айғыр немесе жүйрік, болмаса мініс аты бола ма, соны шешеді.
«Дөнен жарысының» шарттары. 2-
Тұрақты тіркестердің мағынасын тауып, көшіріп жазыңдар.
Жүрек жалғау-
Кірпік қақпау-
Тас жүрек-
Қырғи қабақ болу-
Бармағын тістеу-
Ит өлген жер-
Тайға таңба басқандай-
Ат ізін салмау-
Пейілі тар-

Көкірегі қарс айрылу-


2-бөлім. Мағынасына сәйкес тұрақты тіркестерді синонимдерімен сәйкестендіріңдер.
1.Тасы өрге домалау. 2.Сіркесі су көтермеу. 3.Қабақ шытысты. 4.Сөз байласу. 5.Көзге түртсе көргісіз. 6.Арасынан қыл өтпейді. 7.Ат ізін салмау. 8.Ит арқасы қиянда. 9.Бармағын тістеу. 10.Жүрек жұтқан.
Батыр, өкіну, алыс, жолы болу, ашуланды, тату, хабарласпау, уәделесу, қараңғы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет