Оңтүстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәнінен
дәріс кешені
Шымкент 2022
Дәріс 1
Тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәні.
Дәріс мақсаты: Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.
Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |