Оқушыларды Сауатты өмір салтын қалыптастыру ІІ. Негізгі бөлім


«Қолшатыр...» тренингін жүргіздім



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі72 Kb.
#452015
1   2   3
Баяндама Салуатты оиир салты баяндама

«Қолшатыр...» тренингін жүргіздім

-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

«Денің сау болсын десең...» тренингін өткіздім

Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады.

Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
Сынып сағатында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті естіп, «СПИД - деректер мен дәйектер»деген тақырыпта баяндама оқып, слайд көрсеттім. Ондағы мақсатым адам экологиясына кері әсерін тигізетін жазылмас дерттен сақтану, өзін-өзі лас жолға бейімдемеу жолдары туралы толық мағлұматтар беру. Оқушылар интернеттен, теледидардан, газет-журналдардан көріп, оқығандарын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.

Салауатты өмір салты – ол адам экологиясының таза болуы. Осы мақсатта наркомания ,СПИД, арақ ішу,шылым шегу.т.б қоғамға үлкен кеселін тигізіп отырған бұл дерттің алдын - алу шаралары мен таныстыру, үйрету мақсатында «Сәнге берілу ме,әдет пе, әлде ауру ма?», «Дені саудың - жаны сау», «Нашаға жол жоқ» деген тақырыптарда мектепте жоғары сынып оқушыларымен пікірлесу кештері ұйымдастырылып, кештің қонақтары мектеп медбикесі, салауаттану пән мұғалімдері оқушыларға дәрігер тілімен сындарлы, саналы етіп жеткізе білді.


ІІІ.Қорытынды

«Сіздердің табыстарыңыз - ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы».

( «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты)

«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

1.«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж.

2. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

3. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.

4.Источник: http://asyl-bilim.kz/load/shy_armalar/oldanushylardy_shy_armalary/salauatty_mir_salty/55-1-0-513

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Шымкент қаласының Білім басқармасы

«Отырар колледжі »



Баяндама

Тақырыбы: «Сауатты өмір салтын қалыптастыру»

Оқытушы: Сүйінбаева Ш.К.

Шымкент 2018

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет