Есепті модификациялау немесе ауыстыру
Жоқ
Алған шешімді қолдану
Иә
Есепті шешу барысын талдау
1 -сурет Г.С Альтшуллердің
өнертапқыштық тапсырмаларды
(есептерді) шешу алгаритмнің құрылымы
Бұл блоктың әрбір құрылымы техникалық объектіні жасаушының әрекет етуінің ірілендірілген кезеңіне сәйкес беріледі.
Жұмыстың бірінші бастапқы кезеңі - өнертапқыштың жағдайдың анықтамасы, жаңа объектіні құру немесе жетілдірудің қажеттігін түсіндіру.
Екінші кезеңге берілген өнертапқыштың жағдайдан ең аз есепті құру мен талдауға өту орындалуы.
Сонан соң есептің моделіне өту жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде тамаша идеалды соңғы шешімді қалыптастыру жүргізіледі,ол оған кедергі келтіруші техникалық қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Бесінші кезеңде техникалық қайшылықтарды жою тәсілін іздеу жүргізіледі, ол энергетикалық, ақпарттық және заттай ресурстардың шығынын азайту есебінен орындалды. Сонымен бірге техникалық объектінің түрлі элементтерін моделдеу әдісін пайдаланумен талдау жүргізіледі.
Техникалық қайшылықтарды жою тәсілін іздеу үшін ақпараттық ресурстарды жасаушының қолындағы бар: физикалық, биологиялық, химиялық және математикалық тиімді банкі, жүйе асты ресурстары, техникалық қайшылықтарды жоюдың типтік тәсілдері қарастырылады (6 кезең).
Жетінші кезеңде техникалық қайшылықтарды жоюдың таңдап алған тәсіліне таңдау жүргізіледі.
Сегізінші кезеңде есеп шешілмесе, ондай есеп өзгертіледі немесе оны толық ауыстырады.
9-кезеңде синтезделген техникалық қондырғыны жүйенің үстіндегімен үилестіру, олардың бір-біріне қосылу жүреді; алынған шешімнің кеңінен қолданылу саласы анықталады.
Соңғы 10-кезеңде есепті шешудің процесін бағалау мен талдау жүргізіледі, траекториясы және қарастырылып отырған канондық алгоритмнің ауытқуы себептері анықталады.
Ізденіс жұмыстарының жекелеген кезеңдерін орындау кезінде олардың әрқайсысы өзінің алдындағы кезеңнен қатаң түрде алгоритм бойынша жүріп отырады. Бірақ мұндай логикалық бірізділік жаңа, өзгеше идеялардың пайда болуына және микро-макро деңгейде есептерді шешудің түрлі эвристикалық әдістерін пайдалануға кедергі болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |