Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі
Оқушылармен өткізілген кездесу
АНЫҚТАМАСЫ
Өткен күні: 03. 11.2021 жыл
Өткізілген уақыты:сағат 10:00
Қатысқандар: студенттер 1 -2 курс -27 оқушы
/Үрмелі соқпалы,хорда-дирежерлік,халық аспаптары,ән салу бөлімдері,хореография)
Тақырыбы: Жастар арасындағы жыныстық тәрбие
03.11.2021 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде «Жастар арасындағы жыныстық тәрбие» такырыбында Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығы және емхана мамандарының студенттермен кездесуі болып өтті.
Жастар денсаулық орталығынының маманы А.Алтаева және психолог маманы К.Жолақанова өз мәлімдемемелерінде қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Негізгі мақсаты - ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алудың жолдары, және қандай оның қауіпі бар екені туралы. Әлемдік статистикаға сүйенетін болсақ, қазіргі таңдағы жас бойжеткендердің 14 жастағы әрбір оныншы жасөспірім, пәктігінен айырылып үлгерген.Ғалымдар, жігіттерде жыныстық өмір – 22-24 жаста, ал қыздарда – 19-20 жаста басталуы керек дейді. Сарапшылардың пікірінше, ұлдар үшін жыныстық қатынас – өз достарының алдында беделін көтеруге мүмкіндік беретін құрал. Ал қыздар оны сүйіспеншіліктің белгісі деп түсінеді. Дәрігерлер ерте басталған сексуалдық белсенділік, келешекте жаман нәтижеге әкеледі деп айтуда.
Қыздармен әңгіме ашық жүргізілді. Қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойды, талқылауға белсене қатысты.Біздің қоғамда жыныстық сауаттылық жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа тусудің салдарынан әр түрлі жыныстық жолдармен жұғатын аурулар көбеюде,сондықтан да жауапкершілікті сезініп, ерте жүктіліктен сақтану керегін, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан сақ болу жайлы айтылды. Сонымен қатар оқушыларға зиянды әдеттерден сақтану ,салауатты өмр салтын ұстану жайлы кеңестер бірілді.
Кездесу сонында студенттерге психологиялық тренинг жүргізілді.
Педагог-психолог: Смагулова Ш.А.
Колледж аяжаны: Тоқжолова А.М
Достарыңызбен бөлісу: |