Ішкі секрециялық бездер физиологиясы, балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілуінің қазіргі кездегі ерекшеліктері және жыныстық тәрбие



бет1/4
Дата24.10.2023
өлшемі171.19 Kb.
#481519
түріЛекция
  1   2   3   4
ОФПД №7лекц

Қанның жас ерекшеліктері және жүрек - қан тамырлары жүйесінің дамуы

Лекция №7

ЖОСПАРЫ:

  • 1.Организмнаң ішкі ортасы-қан, тканьаралық сұйықтық, лимфа
  • 2.Қан топтары.Қан құю.Резус-фактор.
  • 3.Қан қысымы, қан айналымы
  • 4.Жүректің қызметі,оның жас ерекшеліктері.
  • 5.Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу

1.Организмнаң ішкі ортасы-қан, тканьаралық сұйықтық, лимфа

  • Қан, лимфа және клеткааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты.

Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді.

  • Организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мәлімдеді ол 1878 ж. америка физиологі В.Кэннон.
  • Ішкі ортаның оргаизмнің басты-басты биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды айтады

Қан – жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тыс баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, данедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.

  • Қанның негізгі функциялары:
  • 1)Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
  • 2)Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).
  • 3)Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (тропикалық яғни қоректендіру қызметі).
  • 4)Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тканьдерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тасыйды (экскреторлық қызмет).
  • 5)Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадағы антиденелер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғи жат, улы заттарды бейтарап, зиянсыздайды (қорғаныс қызметі).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет