Жазушы Жұматай Шаштайұлының 2004 жылы «Жалын»
баспасынан «Жаңғырық» атты жаңа романы жарық көрдi. Жазушының
аз жазса да саз жазатын сырбаздығы, сiрә, сөз өнерiне өнер құдыретiне деген
үлкен жауапкершiлiктен, адал да таза махаббатттан өрбiп жатса керек.
Ең бастысы, жазушының оқушысына танытар өзiндiк әлемi бар, айтар
ойы бар, көрсетер көркемдiк уақыты мен кеңiстiгi бар. Ешкiмге ұқсамайтын
кесек кейiпкерлерi бар, олардың әркiмдi ойға салар, тұңғиық мұңға батырар
тосын тағдыры бар.
Қаламгердiң әдебиет әлемiндегi өзiндiк өрнегi, дара қолтаңбасы,
стильдiк ерекшелiгi бiздiңше – кейiпкердiң iшкi әлемiне сырттай бақылау
арқылы барлау жасауы, яғни «мен» де емес, «сен» де емес, кәдiмгi дәстүрлi
«олды», (үшiншi жақты) – классикалық стильдi пiр тұтынуы дер едiк.
Көркемдiк уақыт пен кеңiстiктi, ондағы өмiр кешкен адам тағдырын еркiн
игеруге мүмкiндiгi мол үшiншi жақпен айтылатын ойлар.
Белгiлi жазушының «Жаңғырық» деген романында да осы ақиқат,
кәдiмгi бәрiмiз көрiп, куә болып жүрген қарапайым өмiрдегi шынайы
шындық тағы алдымыздан шығады. Бүкiл қоғамымыз, қазақ елi
тоталитарлық кезеңде бастан кешкен тарихи оқиғалар, бастан өткерген өмiр
белестерi өзiнiң бар бояуымен, табиғи болмыс-бiтiмiмен көрiнедi. Бiр
шаңырақ астындағы үш Адам тағдыры бейне бiр қазiргi қазақ қоғамындағы
үш тап өкiлiнiң өмiр тарихын көркем кстелейтiндей. Мәселен, жас журналист
Бегiмбет тоталитарлық сана ықпалынан жаңа арыла бастаған қазақ
зиялыларының жаңа өкiлi болса, Мәскеудiң кинорежиссерлiк оқуын
тауысқан әпкесi Нұрғаныш өз өзегiнен жерiген, өз ұлтын менсiнбейтiн, оның
тек кемшiлiгiн көргiш маргиналдың нақ өзi. Қалада туып-өссе де қазақы
мiнез, тектiлiгiнен айрылмаған мiнездi де тұлғасы кесек шешесi – Назбүбi
оқымаса да өзiндiк ойы бар, таза табиғи болмысты ту етiп ұстаған кешегi
ұрпақтың бүгiнгi жұрнағы. Осы үш кейiпкердiң тағдыры, санасы, танымы,
көзқарасы т.б. арасындағы қайшылық, кереғар пiкiр, мiнез-болмыс, бүгiнгi
80
қазақ ұлтының бастан кешiп отырған тағдырын бедерлейдi. Қазақ халқының
тұрмыс-салты, қадiр-қасиетi, далалық пен қалалықтар арасындағы
психологиялық түзiлiстер, олар бастан кешiп отырған ұлттық фактор
шығарманың сюжетiн шиеленiстiрiп, оқиғаның мазмұн-мәнiн, рухани
құндылығын арттырып отырғандый. Шығармадағы оқиға композициясының
тосынқурылуы, дала мен қала тiршiдiгiнiң параллелдi түрде қосамжарласа
бейнеленуi арқылы қазiргi қазақтардың жан әлемiндегi екiұдай сезiмдi, қақ
жарылған қос құндылықты мансұқтаған, жаратылыс бiр болғанымен,
мақсаты екi түрлi сезiмдiк құбылыстарды суреттейдi. Қалалықтардың өмiрi
қызық, бiлiмi жоғары болғанымен, олар далалықтарда сақталған ата дәстүр,
тектiк белгi кесек мiнез, тарихи болмыстың мәңгiлiк маңызын, ұлттық
рухтың биiктiгiн мансұқтайды. Қазақты ұлт ретiнде сақтайтын алтын оқ әлi
де болса ауыл, ондағы қаймағы бұзылмаған ана тек ата дәстүр екендiгiн
автор ата кәсiптiң ауыр бейнетiн кешсе де, өзiң табиғи болмысынан ажырай
қоймаған адамдар тағдыры, олардың азапты қасiретi, тұрмысы арқылы
суреттейдi. Кейiпкерлер тағдыры екi сюжеттiк желiмен – алма-
кезекбаяндалып отырады. Бұл әдебиеттану ғылымында «жарыспалы
композиция» деп аталады. Романдағы дала өмiрi, ата кәсiптi мұрат тұтқан
ауыл адамдарының ауыр бейнетi тұрмысы, қандай қиыншылықтан да
мойымайтын қайсарлығы эпикалық дәстүрдi ұстанган авторлық
психологиялық баяндау барысында берiлсе, қалалықтардың рухани
әлемiндегi және iс-әрекеттердегi қайшылықтары көбiнде ой қақтығыстары,
iшкi диалогтар негiзiнде жүзеге асырылады. Екi сюжеттiк желi де адам
тағдыры, оның тарихы, оның рухани әлемiндегi кескiлескен күрес үстiнде
көрiнiп, әр таптың, яғни дала мен қала тұрғындарының қайшылыққа толы
өмiр тағдыры өздерiнше шешiлiп жатады. Әрбiр кейiпкердiң тағдыры
шығарманың соңына дейiн күрделене дамып, iшкi жандүниесiнiң қатпарлары
қалыңдап, көркем бораздар ерекшелене, сомдала түседi.
Қаламгердiң дара қолтаңбасы – сөз өнерiнiң көркемдiк сапасына ден
қойып, сонны шеберлiкпен меңгергенiнен, авторлық психологиялық
баяндаудың, яғни кейiпкердiң рухани әлемiн сыртқы симптомдар арқылы
ажарлай бейнелеуден айқын көрiнедi. Адам тағдырының тылсым сырларына,
кейiпкерiнiң iшкi жан әлемiндегi неше алуан сезiмдiк-эмоциялық
құбылыстарды айнытпай беретiн сыртқы ишара белгiлердi бейнелеуге, жеке
санадағы психологиялық процестердi көрсетуге ерекше мән бередi.
Кейiпкерлерiнiң рухани-психологиялық өмiрiн өзiне тән көркем бейнелеу
құралдарымен баяндау жазушының дербес қаламгерлiк жүйесiнiң жүрек
демiн байқатады. Оның үстiне сол авторлық психологиялық талдау көркем
характердiң ерекше сомдалуына шешушi рөл атқарады. Жазушы жеке адам
тағдыры арқылы бүкiл бiр ұлттың мәселесiн қозғайды.
Қаламгер бұл романында бұрындары ашық айтыла бермейтiн, айтсақ та
астарлай жеткiзетiн тоталитарлық жүйенiң зардабын жете зерделеуге, оның
ұрпақтар санасына салған зiл-заласын, жетпiс жыл бойы жүрекке салған
салмағын тәуелсiздiктi ту ете отырып, салиқалы тұрде айтуға тырысып
баққан. Романның өзi «Қиыр жайлап, шет қонған қазақтарды Америка
81
үндiстерiнен, Австралия аборигендерiнен айырмасы жоқ деп санайтындар әлi
жазаға тартылады», - деген жолдардан басталуының өзi бұл туындының өзге
шығармалардан өзгеше екенi байқалады. Автор Сансызбай арқылы ауылда
ата кәсiптiң ауыр бейнетiн белшесiнен кешсе де, өзiнiң табиғи тектiлiгiнен,
қайсарлығынан, ар-намысын арзан қылыққа айырбастай қоймайтын өрлiгiнiң
өмiршеңдiгiн өнеге етедi. Нағыз қазақ мiнез, тектiлiк, рухтың мықтылығы
романда осы Сансызбай бейнесi арқылы сомдалған. Романда соңына дейiн
өмiрде әлi де кездесетiн солақай көзқарас айтылып отырады. Бұл қазiргi
тәуелсiздiк жылдарында елдiгiмiздiң, еркiндiгiмiздiң нәтижесiнде осындай
шығармаға ой талқы боларлық тақырыпқа айналғандығын көрсетсе керек.
Жазушы Баққожа Мұқаевтың «Өмiрзая» (1998) романы мен «Мазасыз
маусым» жинағына қазiргi ауыл мен қаланың әралуан тiршiлiк-тынысы,
сондағы адамдардың яғни өзiмiз бүгiнгi өмiрде, еңбек пен тұрмыста, сан
алуан ситуацияларда күнбе-күн көрiп бiлiп, қоян-қолтық араласып,
кездестiрiп, ұштастырып жүретiн замандастарымыздың морльдық-әлеуметтiк
бiтiм-болмыстарындағы, iс-әрекеттерiндегi, мiнез-құлықтарындағы, ой-
пиғылдарындағы бiрге сүйсiнерлiк биiк азаматтық пен бiрде жиренерлiк
күйкi пендешiлiк иiрiсдер сыншыл суреттелген повесть енген. Ең бастысы,
кiтаптың осындай өзектес тұтастығы қилы-қилы тағдырлардың шынайы
бейнелегендiгiнде, қаламгерлiк позиция мен темпераменттiң ұдайы
айқындығында, өмiрлiк және көркемдiк шындығы бiр өрiм күйде ұласып,
лүпiлдеп соққан дүниелерден тұратындығында деуге болады. Ендi повесть
жайындағы ой-пiкiрiмiздi төрт ауыз сөзбен таратып айтуға тырысып көрейiк.
«Тiрлiкте сыйласпаған ағайын…» атты повеске кезiнде баллар үйiнде
тәрбиеленген, содан бергi он шақты жыл беделiнде өмiр ағысымен әр
қиырда, сан тарау соқпақта жүрген, әрқайсысының өзiне бұйырған тiршiлiгi
бар үш достың аянышты тағдыры арқау болған. Олардың бiрi – шахтер ани,
Қарағандыда еңбек етедi; екiншiсi - ғылым докторы Нияз, астаналық бiр
институттың басшысы; үшiншiсi – мезгiлсiз қайтыс болған Ғұсман. ортақ
достың осынау жанға батар ауыр қазасы үстiнде кiмнiң-кiм екендiгi яғни
Ғани мен Нияздың бүкiл бiтiм-болмысы нақты реалистiк-психологиялық
арнада көрiнiс табады. Повестi оқып отырып, француздың ұлы жазушысы
Виктор Гюгоның: «Бетперде ғана, шын адам оның аржағында» - деген
қанатты сөзiнiң тереңдiгi мен дәлдiгiне тағы да бiр ден қоямыз.
Повесть туристiк жолдамамен шет елдiк сапарға жиналып жатқан
Ғанидың аяқ астынан суық хабарлы телеграмма алуымен басталады да, одан
әрi Ғұсманның қазасы үстiнде екi дрстың iс-әрекетiмен өрбiп, ақырында
шахтер Ғанидың досының сүйегiн Қарағандыға жеткiзуiмен аяқталады.
туындының осындай оқиға желiсi мерзiмi жағынан екi-үш күндi ғана
қамтығанымен, мұндағы кейiпкерлердiң - үш достың - Ғани, Ғұсман,
Нияздардың бұған дейiнгi өмiр жолын солармен бiрге жүрiп, өткендей
боламыз.
Балалар үйiнiң шәкiрттерi - Ғұсман, Нияз, Ғанилардың «бiр атаның
балаларындай» болған достығы мен татулығы жұрттың көбiн сүйсiндiрген.
Тiптi, Сағын ұстазы бұларды «үш ноян» деп атап кеткен. Yш достың үшеуi де
82
«
үш ноян» қалпымыздан танбаймыз деп талай серттер де берген және
соларының үдесiнен талай рет абыроймен шығып та келген. Бiрақ, мұның
бәрi Ғұсман түрмеге отырғанға дейiнгi жәйттер едi.
Ғұсман – жан-дүниесi мөп-мөлдiр жан. Балалар үйiнде осылай болған ол,
кейiннен де осы қалпынан өзгермеген. Оның мейiрiмдiлiгi, ақындық
табиғаты елеусiз нәрселерден-ақ аңғарыла беретiн. Нияз бен Ғани үшiн өзiн
құрбандыққа шалған ер көңiлдi азамат. Қысқа жiп күрмеуге келмей тұрса да,
ер жiгiтке лайық мәрттiгiн көрсете бiлген iрi жан. Жоқтық жомарттың қолын
байлайды деген рас. Бiрақ тұрмыс тауқыметiн қайткенде жеңемiн деген
Ғұсман, жаңсақ бiр басқан қадамынан опық жеп тынады. Мiне, өзiнiң басына
iс түскен, көлеңкелi сәтте қасында бiр ғана досы - Ғани ғана қалса, екiншi
досы Нияз - құрдымға сiңген судай, iзiм-ғайым жоғалып кеттi. Ғұсманның
арқасында оқып қалғанымен жұмысы жоқ. Түрмеден оралған Ғұсманды,
iшiмдiкке үйiр Ғұсманды танығысы келмедi. Мұндай адамдарды өз
мансабына кесiрiн тигiзедi деп есептеп, безiп кетуге бар. Ал, Ғұсман болса
Нияздың осындай күйкi пендешiлiгiн қабылдай алмайды. Адамның
адамшылығын жұтып қоятын обыр мансап екендiгiн түсiнген Ғұсманның
Нияздан айрылмасқа шарасы жоқ едi.
Ғани - Нияхдың және сол сияқтылардың антиподы. Ол «балалар үйiнiң
бiр жапырақ қара наны мен бiр уыс қара талқанын» ұмытпаған жан. Оның
iрiлiгi мен кiсiлiгi барынша табиғи. Ғани жоқшылықта табысқан достары
Ғұсман мен Нияз үшiн неге болсын даяр. Қолынан келген жәрдемi мен
азаматтығын еш пұлдаған емес. Оның бiрiншi трагедиясы - Ғұсманның
мезгiлсiз қайтыс болуы, ал екiншi трагедиясы – Нияздан тiрiдей айрылуы.
Мiне, достық деген қастерлi де қасиеттi принцип ар-ожданның,
азаматтықтың, бiрден-бiр өлшемi болған тұста, оған сөз жоқ ендiгi мезетте
Ниязбен достығынан бас тартуына тура келедi. Ол бұл шешiмге қаншалықты
қиындықпен, iшкi тайталаспен келдi дейсiң?! Бiрақ, соның барлығы да
Ғанидың сол кесек мiнез-құлқынан, тұла бойы тұнған адалдықтың
табиғатынан, iс-әрекетiнен туындап жататын әрi көркемдiк, әрi өмiрлiк
заңдылық.
Ал адамның өзгеруiне, құбылуына әсер ететiн жоғарыдағыдай көптеген
жәйттердiң қай-қайсысына болсын қарсы тұрар иммунитет бар. Оның аты -
нағыз азаматтық бiтiм-болмыс. Мiне, осындай иммунитет Нияздың
бойындағы мансаптың оқпанына тұншығып жоқ болса, керiсiнше Ғанидың
тұлғасындағы абзал кiсiлiктiң арқасында iрiлене түскен. Жазушы өз
кейiпкерлерiнiң бойындағы осындай сипаттарды әдемi жеткiзе бiлген.
«Аппақ шымылдық» повесiнде көркемдiк шарттылық басым. Хан мен
Гүлжайна тәрiздi. кейiпкерлердiң табиғат Берген аңқаулығы, қкөңiл
аққылдақтығы юморлық сипат алып, езу тартқызып отырады. Ауырдың
үстiмен, жеңiлдiң астымен жүруге құштар Күләш пен Бикен – тәрiздi
келiншектердiң Хан мен Гүлжайнаны өздерiнiң сайқымазақ торына түсiргiсi
келген әрекеттерi сәтсiз аяқталады, сөйтiп өздерiн-өздерi әшкерелейдi.
Повестегi ситуациялардың шарттылығына, автордың қадам қуатына
83
иланасыз. Хан мен Гүлжайна сияқты типтер болмаса, өмiрдiң қызығы мен
сиқыры, жұмбағы мен құпиясы әлдеқайда аз болар едi.
«Аққұс» повесiнде ырың-жырың болған жанұя мүшелерiнiң қарым-
қатынасы Ермек атты баланың көзiмен берiледi. Өмiрлiк шындық екенi және
рас. Оспан тәрiздi адамдардың ең соңында өзiн-өзi жеңе бiлгенiне нанасың.
Өзi туралы шындықты бiлiп қойған Ермектiң туып-өскен ауылына
қашатынын, әжесiнiң мейiр-шуағын өмiрден ұдайы iздеп жүретiнiн
түсiнгендей боласың.
Жинақтағы ең сүбелi, ең шырайлы дүние – «Ақпанның ақырғы күнi»
атты повесть. Мұнда Ұлан, Ләйла, Айдар тәрiздi үш сыныптастың, кейiннен
еңбек долы бiр колхозда тҮйiскен заманы бiр құрдастардың тыныс-тiршiлiгi
шынайы түрде бейнеленедi. Адамдар бойындағы iзгi әрi қаскөй қасиеттердiң
тамыр жайған мәйегi сын сағаттарда қандай тұрғыда өрiс табады немесе
мүлдем өшiп тынады? Повесть былай қарағанда дәстүрлi үштiк арасындағы
тартысқа құрылғандай көрiнуi мүмкiн. Сөйте тұра, тосын жағдайда -
ақпанның ақырғы күнiнде адамдар бойындағы қаскөй нышандар, iс-
әрекеттер iзгiлiк алдында жер болып жығылады.
Ұлан – қайтпас, қайсар жан. Жетiмдiктiң тақсiретiн тартқан адамның тек
өз күшiне ғана сенетiндiгi өмiрлiк шындық. Өйткенi, оның сүйенерi жоқ. Бар
тiрегi - өзiн-өзi жiгерлендiру, өзiн-өзi шыңдау. Айдар – кекшiл, өлермен, «бит
iшiне қан құяр ебi бар» пысық, ферма меңгерушiсi. Жасында өлең жазған.
Бiрақ ол сезiмдi өшiрiп алған. Әсершiлдiктiң арты әлемiшке, жеңiл табысқа
жетуге қызығуға ұмтылумен бiрге тұншығып та қалған. Сұлулыққа iңкәрлiк
бетi қызылдың соңына түсумен, сонны қанағат тұтумен аяқталған. Айдардың
мықтылығы – дәулетiнде, осалдығы - өмiрден опық жеп адасқандығында.
Бала кезiндегi махаббаты – Ләйладан айрылуы осының дәлелi. Өмiр күрделi,
өмiр шындығы да – күрделi. ёланды көзiне iлмейтiн, Айдар десе iшкен асын
жерге қоятын Ләйланың тағдыры да күрделi. Алғашқы махаббатын да
қимайды, оған деген көңiлi де суымаған. Бiрақ, өзi тауып қосылған ёланның
көзiне де шөп салғысы келмейдi. Баққожа Мұқаев осының бәрiн шиыршық
арттыра отырып суреттейдi, бiрақ шектен аспайды. автор өз кейiпкерлерi
жанының нәзiк иiрiмдерiне зорлық жасамайды. Адамдардың ситуацияны
немесе ситуациялардың адамды билеген тұстағы психологиялық реңктерге,
иiрiмдерге зер салады.Бұған «Ақпанның ақырғы күнi» повесi айғақ. Адалдық,
адамгершiлiк, азаматтық жауапкершiлiк сыны олардың өзiн де, өзгелердi де
қатал сыннан өткiзедi.
Ұлан, Айдар, Ләйла, Баубек болмыстарындағы қарама-қайшылықтар
өзара сабақтас жәйттер, тамырлас нышандар. Бiржақты, бiртектi әсiрелеу
немесе қаралау жоқ. Бұлардың қай-қайсысы болмасын «адамға тән нәрсенiң
бәрi де маған жат емес» дейтiн, күрделiлiгi басым кейiпкерлер.
Жалпы алғанда Баққожа Мұқаев күнi бүгiнге дейiн жиырмаға жуық
прозалық кiтаптар мен оннан астам драмалардың авторы. Бұлардың баршасы
әдебиет пен театр сынының назарынан тыс қалмаған, өз бағаларын алған.
Достарыңызбен бөлісу: |