Сабақтың тақырыбы: Мектебім Мейірім мекені! Сабақтың мақсаты



Дата06.09.2023
өлшемі83.72 Kb.
#476686
түріСабақ

Сынып сағатын
7-сынып



Педагогтің аты-жөні:

Зархат А.Б.

Күні:

1.09.2023 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Мектебім – Мейірім мекені!

Сабақтың мақсаты:

- Алғашқы қоңырауда ұсынылған сынып сағаты тақырыбының мәнін аша отырып, оқушылардың білім алып отырған мектебіне деген махаббатын ояту. Сынып ішінде ынтымақтастық атмояферасын қалыптастыру.
-«Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, қоғамдағы әр адамға құрметпен қарауға баулу;
-7-сыныпта қосылған пәндермен таныстыра отырып, сол пәндерге деген қызығушылықтарын ояту

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Сабақтың ортасы


10 минут

«Жазғы демалыстан алған әсерім...»


Берілген ойды аяқтау

Оқушылар сынып ішінде әңгіме құрады. Әр оқушы өзінің жазғы демалыстан алған әсерімен бөліседі.



Оқушылардың бір-біріне кері байланыс жасайды.
Бірін-бірі бағалайды

Слайд2

5 минут

Мағынаны ашу

«Мектебім – мейірім мекені!»
Сұрақтар:
- Неге мектепті мейірім мекені деп айтамыз?
- Мектепті мейірім мекені етіп отырған жандар кімдер?
- қазіргі таңда ұстаздан не күтесіңдер? (оқушы қалауын білу)

Берілген сұрақтар негізінде бүгінгі сынып сағаты тақырыбының мағынасын ашады.





Мадақтау сөздер

Слайд3

15 минут

«Пәндермен танысу»


7-сыныпта қосылған пәндермен жеке-жеке танысу. Пәндердің өмір сүрудегі тигізетін пайдасын түсіндіру
-физика
-химия
-биология
-география
-алгебра/геометрия

Берілген ақпараттарды мұқият тыңдайды. Пәндермен танысады

Оқушы көзқарасы. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы пәндерге байланысты өз көзқарасын ұсынады. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».


слайд

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
10 минут



Ой қозғау
«Білім» сөзіне ассоциограмма жасайды.


Осы тапсырма арқылы сабақты қорытындылау. Білімнің нағыз күшпен және еңбекпен келетінін осы ассоциограмма арқылы түсіндіру.

Барлық оқушылар ұйымдасқан түрде «БІЛІМ» сөзіне ассоциограмма жасайды. Өз ойларымен бөліседі. Ассоциограммаға жазған сөздеріне жеке-жеке талдау жүргізеді

«Микрафонды қағып ал» әдісі арқылы бағалау


микрафон




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет