Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет1/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
qazrg adebi protsess




ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ 
БIЛIМ МИНИСТРЛIГI 
А.Бектаев, Т.Турткулбаева 
 
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ПРОЦЕСС 
 
 
(жоғары оқу орындарының қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығына 
 
арналәан оқу көмекшi құрал) 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ташкент 2012 



Аннотация 
Оқу құралы қазiргi әдеби процесс пәнiне арналған болып, онда бүгiнгi 
таңдағы ақын-жазушыларымыздың шығармашылығы, олардың өз 
туындыларындағы көтерген көкейкестi мәселелер, яғни поэзия, проза, драма 
жанрларының осы кезеңдегi орны, олардың тақырыбы, мазмұны мен ой-
түйiндерiнiң жаңаша бағытта екендiгi қарастырылған. 
Сонымен бiрге оқу құралда тәуелсiздiк жылдарындағы әдеби 
жаңалықтар мен жаңа тақырып, ағымдар мен өзiне тән ерекшелiктерi 
қарастырылады. Олардың туындыларына талдаулар, ой-түйiндер, түрлi 
пiкiрлер айтылады.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттерi мен мұғалiмдерге 
арналады.
Учебное пособие предназначено по предмету о сегодняшней процессе 
литературы, в нем предусматривается произведений поэтов и писателей 
сегодняшнего дня и проблемы в их произведениях, то есть о процессе 
поэтических, прозаических и драматических жанров, и о заключительных 
идеи. 
В том числе в учебном пособие предусматривается новые произведений 
литературы и новые темы направлений и его различие. В нем описывается 
литературные анализы, заключительные идеи. 
Учебное пособие предназначено для студентов высших учебных 
заведений и учителей. 
The aid scrutinizes modern literature processes, works of poets and writers 
within poetical, prozal and dramatical gaures, their issue, core and totals. In 
additiqu it contains literature news and its new areas, differences, briefs and final 
ideas.
The training aid is for students of high edicational institutions and theachers.
 
 
Пiкiр жазғандар: И.Якубов
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғ.Мамбеткаримов аға оқытушы 



К I Р I С П Е
Қазiргi әдеби процестiң, әсiресе, тәуелсiздiк жылдарындағы қазақ ақын-
жазушыларының поэзиялық, прозалық және драмалық туындыларын 
қарастырғанда, ондағы әрбiр жеке шығармаға негiзделе отырып олардың 
өзiндiк айтар ой-сезiмдерiн аңғаруға болады. 
Әрине, әдеби процесс – бұл белгiлi бiр дәуiрде, сонымен қатар, ұлттар 
мен елдердiң, аймақтардың, әлемнiң күллi тарихи кезеңдерiнде өмiр сүрiп 
келе жатқан әдебиеттiң тарихи – заңды қозғалысы.
Әдеби процесс әрбiр тарихи кезеңде әлеуметтiк, идеологиялық және 
эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен 
қарапайым бейнелер кескiнделген қарадүрсiн шығармалардан – көпшiлiкке 
арналған әдебиеттерге дейiн өз бойына үздiксiз сiңiрiп отырады. Мұның 
қатарына олардың жиi жарық көретiн жарияланымдары мен басылымдары, 
әдеби сын, естелiктер, әдеби эпистолярлық жанрларда жазылған 
оқырмандардың үн қатысуы да жатады.
Әдеби процесс терминi XX ғасырдың 20-30 жылдарда пайда болып, 60 
жылдары кеңiнен қолданыла бастады.
Әдеби процесс адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының 
толығуының тарихы. Әдеби процесс – жеке тұлғалар өзiнiң әкелген айрықша 
көркемдiк ашылымдарымен, өзiне дейiнгi құндылықтармен қайшылыққа түсе 
отырып, әдеби процестiң құрамында кезеңдiк, жалғастырушы өзгертушi 
қызмет атқарады.
Әдеби процесс – эстетика мен әдебиеттанудың, өнердiң, теориясы мен 
тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдiк категориясы болып 
табылады. Сонымен бiрге әдеби процесс – көркемдiк дүниенiң қозғалысы 
мен дамуын зерттейтiн методологиялық әдiс.
Бүгiнгi таңда қазақ әдебиетi жанрларының орны қай жағдайда екендiгiне 
көңiл бөлсек, әрине бүгiнгi күнде поэзияның орны ерекше мәнге ие. Ақын-
жазушылардың, әсiресе тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта жазған 
туындыларының барлығы да отан, өмiр, халықтың әлеуметтiк жағдайынан 
хабар берiп тұр. Мәселен: Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай 
Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Оразақын Асқар, Исраил Сапарбай, 
Темiрхан Медетбек, Есенғали Раушанов, Дандай Ысқақ, Мұратбек Оспанов,
Ханбибi Есенқараева, Ақұштап Бақтыгереева, Марфуға Айтхожина, Маржан 
Ершуова сияқты бiрнеше ақын-жазушылардың аттарын атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет