Жол қауіпсіздігінің мəселесін шешудің күрделілігін ескертетін маңызды фактор болып автомобиль көліктерінің жолдың барлық көрсеткіштеріне сəйкес жеткіліксіз қамтамасыз етілгендігі табылады. Бұл тұста автомобильдер паркінің саны мен көше-жол торабының ұзындығының аралығындағы үзілулер (алшақтық) ұлғаяды. Егер автомобильдер паркі жылына шамамен 10 % ұлғайса, онда жолдардың ұзындығының өсуі 1 %-дан аспайды. Мұның салдары болып жол қозғалысының сығылушылығының тұрақты үнемі ұлғаюы, демек ЖКА-на жиі ұласатын қақтығысу жағдайларының сипатын көп жағдайларда алып жүретін жол қозғалысына қатысушылардың өзара əрекеттесулерінің жəне тікелей түйісулерінің күрт жиілеуі табылады [2].
Қозғалыс қауіпсіздігінің мəселесін шешу 3 фактордан тəуелді болады:
əлеуметтік, адам əрекеттерімен байланысқан (жүргізушімен, жаяулармен, автомобиль көліктерінің кəсіби қызметкерлерімен, жол полициясымен, жол шаруашылығымен);
көлік құралдарын жəне жол полициясының техникалық құралдарымен қоса автомобиль жолдарын конструкциялық жетілдіру;
қоршаған ортаның жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты, қозғалыс қауіпсіздігінің жəне оны басқарудың құрылымын, қозғалыс қауіпсіздігінің заңдық-құқықтық аспектілерін қоса алғанда жəне басқалары [3].
Осындай басты мəселелерді шешуде кешендік, мемлекеттік жақындап келулер қажет жəне бұл факторлардың барлығы шындығында басты факторлар болып табылады, сонда да басымдылықты əлеуметтік факторға беру керек. Жол қозғалысының қауіпсіздігі бəрінен бұрын əлеуметтік саясаттың объектісі болып табылады, өйткені бұл еліміздің азаматтарының өмірі жəне денсаулықтары, ал қалған барлық аспектілерді тек қана жүйелерді қамтамасыз етушілер ретінде қарастыру қажет.
Жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату үшін көптеген шаралар кешенін жүзеге асыру қажет. Олардың маңызды бөлігі автомобильдер конструкциясының дамуымен, ең алдымен тежеу жүйелерін жетілдірумен, сонымен қатар автомобильдерді арнайы жабдықтармен, мысалы, қауіпсіздік белдіктерімен, жұмсақ аспап панелімен, қуатжұтушы рульдік колонкасымен, ауа қауіпсіздік қапшықтарымен жəне т.б. жабдықтармен байланысты болады. Сондай-ақ жолдарда қозғалыс тəртібін жоғарылатудың жəне қозғалыс қауіпсіздігін жүргізушілер арасында мектептерде насихаттаудың маңызы зор болады.
Автомобильдендірудің жағымсыз зардаптарын төмендету маңызды болып табылады. Олардың ішінен ең күрделісі жəне бастысы — бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі. Оны қазіргі заман жағдайларында шешу тек қана «адам–автомобиль–жол–орта» жүйесінің өзара əрекеттесулерінің барлық кешенін есепке алып, жүйелі пайдалана отырып, инженерлік жақын- даулардың деңгейінде мүмкін болады [2].
Көліктерді одан əрі қарай дамыту жəне жетілдіру ұйымдастырудың, жоспарлаудың жəне тасымалдау процестерін орындаудың үдемелі əдістерін меңгерген инженерлік-техникалық қызметкер мамандарын даярлауды талап етеді.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы кезеңінде өндірісті басқаруды жетілдірудің, инженерлік- техникалық қызметкерлердің өздерінің еңбегінің нəтижелері үшін жауапкершіліктерін арттыру сұрақтарының, олардың белсенділіктерін, шығармашылық ынталарын дамытудың ерекше мəні бар. Бұл талаптар толықтай автомобиль көліктеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |