Қозыбекова Әсем Темірханқызы ««Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектеп»



Дата30.06.2016
өлшемі73 Kb.
#167907
Қозыбекова Әсем Темірханқызы
««Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы: Айналайын ақ анам!
Мақсаты : Оқушыларға 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу, оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : шарлар, нақыл сөздер, үнтаспа, «Көктемгі мереке құтты болсын,

қыздар!» қабырға газеті.

Барысы :


К і р і с п е.

М ұ ғ а л і м :Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан асыл аналар, қызғалдақ қыздар бүгінгі өтілетін «Айналайын ақ анам!» атты тәрбие сағатымыз сіздерге арналады.

- Балалар бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?

- Біз мектептен қайтып, үйге барғанда бірінші кімді іздейміз?

- Ананы қуанту үшін не істейміз?

- Ананы құрметтеу керекпіз.

1 – жүргізуші

Той пердесін ашайық Аналарды құрметтеп

Тойға шашу шашайық Ән маржанын ашайық.
2 – жүргізуші

Құтты болсын ардақты ана, Құтты болсын теңдік алған,

Асыл анам мерекең. Қуанышты мерекең.
1 – жүргізуші
Өмірде өзгермейтін үш ақ зат бар, ол – ананың ақ сүті, күннің нұры және сәбидің күлкісі.

1 – оқушы

Өмірдің иесі сен ғазиз ана, Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Келтірген дүниеге небір дана. Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

2 – оқушы

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Ананың махаббаты кәусар бұлақ,

Мәпелеп әлдилеген пейілің кең. Сенбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
2 – жүргізуші

Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтан ол – сәби үшін ең жылы ұя. Қалдыбек Жансаяның орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

3 – оқушы

Ана десем шешек атып жанары, Ана деген тіршілікте пана боп,

Өмірімнің бастау алар жақсы әні, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

4 – оқушы

Бал бөбегін мақтаған, Аялайтын біздерді,

Анам үшін мақтанам. Көп жасасын жақсы адам.

5 – оқушы

Алтын анам жасымнан аялаған, Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Мен үшін игілікті аямаған. Бал сөзі «жаным» деген сая маған.
1 – жүргізуші

АНА,АНА, АНА! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. 2 – сынып оқушыларының дайындаған көрінісін қабыл алыңыздар.

К ө р і н і с. «Атасы мен немересі»

6 – оқушы

Мамам менің ақ мамам, Әнін маған сақтаған.

Балын маған сақтаған, Бәрін маған сақтаған.


7 – оқушы

Жамандықтан сақтандырып, Ақ анамды мен әрқашан.

Жақсы ісімді мақтан қылып, Жүрсем деймін шаттандырып.

8 – оқушы

Халқымызға ең жақыны сіз ғой ана, Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. Теңесе алар бірақ нәрсе ол отан ғана.

9 – оқушы

Әлпештеген аялаған, Сәлем жазып бүгін саған,

Ақ сүт берген апатайым. Мейрамыңмен құттықтаймын.

10 – оқушы

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген мөлдір жандай бұлақтай.

Ана деген бәйтерегі өмірдің, О, адамдар қадірлей біл ананы.

Ана деген алтын қазық, алтын бақ. Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


Ана десем сезім билер тым ыстық, Бар адамға берсе ананың мейірін,

Жарасымды адамдарға туыстық. Орнар еді бар әлемде тыныштық.

1 – жүргізуші

Иә Аружан, бар адамға берсе ананың мейірін, орнар еді бар әлемде тыныштық, дей келе сынып оқушыларының дайыныдаған көрінісін көріңіздер.

К ө р і н і с. «Ананың ағарған шашы»

2 – жүргізуші

Ағартпасын тентектер, бір ананың самайын, баланың да тірегі, дананың да тірегі , шаншымасын ешқашан аналардың жүрегі деп, балалар аналарымызды ешқашан ренжітпейік.

11 – оқушы

Аналардың ақ сүтінен нәр алған, Сәби едік міне бүгін ер жеттік,

Аналардың үмітінен жаралған. Жүректерде биік мақсат, бар арман.

12 – оқушы

Айтсаң болды тіл алам, Сен керексің қайда да,

Әйбат мамам ай мамам, Жүре берсем қасыңда,

Сені көрсем қуанам. Айбат анам ай анам.

13 – оқушы

Әлпештеген аялаған, Сәлем жазып бүгін саған,

Ақ сүт берген апатайым. Мейрамыңмен құттықтаймын

1 – жүргізуші

АНА деген әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, АНА сөзі, нәзік мейірімді жылы естіледі емес пе Нурила.
2 – жүргізуші

Дұрыс айтасың Аружан, Құтты болсын мерекең Құтты болсын берекең.

Шарықтай бер шарықтай, Шарықтай бер шарықтай деп, кезекті биге береміз.

Қыз баланы сыйлаған халқым менің,

Мың бұралып келеді бишілерің – деп «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

14 – оқушы

Кір түсірмей жағама, Тау қопарып тасты үгіп,

Шгашымды да тарайсың. Тұрғыздың сен не қала.

Мектебіме барар да Саған қандай жақсылық,

Мейірлене қарайсың. Жасай алам мен ана.


15– оқушы

Алақаны ақ самал , Көкте күнім батса егер,

Мәпелеген жан ана. Өзің күнсің балаңа.

1 – жүргізуші

Аналарымызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз, анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау, ешқашан ауырмасын деп тілейміз.

Ән : «Ана туралы жыр» Орындайтын Қаныбек Ақерке


2 – жүргізуші

Аналарды сүйеміз, Әжені де ардақтап.

Ақылын ойға түйеміз. Әдеппен бас иеміз – дей келе оқушылардың тілегін қабыл алыңыздар.


  • Оқушылар аналарымызға арнап тілектерін айтады.

  • Қатырма қағаздан өздері жасаған сыйлықтарын аналарына таратып береді.

Ана біздің күніміз, Ұландарды қуантып

Ананың біз гүліміз. Ұзақ өмір сүріңіз. Балалар хормен айтады.

1 – жүргізуші

Құрметті асыл аналар сіздерге арналған «Айналайын ақ анам» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Мұғалім сөзі :

Бүгінгі өтілген «Айналайын ақ анам» атты тәрбие сағатын алып жүргізген Артықбай Нурила мен Жұмабай Аружан қызымызға көп рахмет.

Құрметті аналар және ұстаздар, оқушылар біздің сыныптың аналарымен өткізілетін «Ал, қанеки , аналар!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл сайысқа аулымыздың жас келіндері яғни осы сыныптың оқушыларының аналары қатысады.

Асылайын мойныңа, Шөлпілдетіп сүйейін,

Еркелейін қойныңда. Аналардың тойында- деп

Аналарымызды ортаға қошаметпен шақырамыз.

Байқауымызды бастамас бұрын біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазы алқасын таныстырып өтейік.

Ал қанеки ағайын, асқақ әнге салайын,

Басы болсын бұл тойдың, шырқап әнге салайық – деп бүгінгі өтілетін «Ал, қанеки, аналар» сайысы жеті кезеңнен тұрады.


  1. Таныстыру

  2. Қолдан жасаған бұйымдарын таныстыру, қорғау.

  3. Өнерлерін көрсету.

  4. Тағам түрлері, өз қолдарымен дайындалған

  5. «Кім жылдам?» картоп ашу

  6. Викториналық сұрақтар

  7. Ананың балаға айтар жақсы сөздерін қағаз бетіне жазып көрсету

Аналар жетті келіп танысуға, Қызып келген қырандай керілтеді.

Сыпырды томағасын осы дұға. Әдеппенен ізетпен танысуға – дей келе аналарымыз өздерін таныстырады яғни таныстыру кезеңі.

Шеберлерім өнер тамып қолынан, Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Жаңылмаған ата-баба жолынан, Біз айтайық төрелігін соңынан- деп сайысқа қатысушы аналарымыз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырады.

Қазақ жұрты киелі, Сізді сонша аңсап ел,

Өнерліні сүйеді. Би билеп, ән салып бер – дей отырып сайысқа қатысушы аналарымыз өз өнерін көрсетеді.


Ас қадірін білмеген аштан қалар,

Ат қадірін білмеген жаяу қалар – демекші сайысқа қатысушы аналарымыз өз қолдарымен жасаған тағамдарын, әділқазы алқаларының алдына алып барады.Олар көріп әділ бағасын береді.

Ойын ойнату: «Өз балаңды тап» Қатысушылардың көздері байланады, ортаға 10 оқушы шығару, арасынан көзі байланған ана өз баласын тауып алады.

Көрсетеді өнерді әр салада сайысып, Картопты да әдемілеп бір ашып,

Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып. Аналардың бармақтары майысып- дей келе «Кім жылдам?» кезеңінде аналарымызға берілген 10 картопты 1минутта ашып бітуі керек.

Қазағымның салт дәстүрін құрметтеп, Бабалардың салған жолын дәріптеп,

Сайыскерлер жауап берсін сұраққа, Әрқашанда жүрейікші құрметтеп.

Қатысушы аналарымыз әділқазы алқаларының алдында жатқан сұрақтарды алып жауаптарын дайындайды.

Ана деген атыңды ардақтауға жарап біз,

Қарлығаштай хатыңды бойтұмарға балаппыз.

Сүттей аппақ пейілің ала жіптен аттамай,

Бойға сіңіп мейірім, көріп өстік шет қақпай- деп аналарымыз 7 кезеңге де келіп жетті. Бұл кезеңде әрбір қатысушының қолына қағаз бен қалам беріледі. Аналарымыз балаларына арнап жақсы көретін көптеген сөздер жазады (айым, күнім, балапаным, жұлдызым, құндызым, қозым. т.б.). Көп сөз жазған ананың балдық саны да көбейеді. 1минут уақыт беріледі.

Құрметті қонақтар біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Әділқазы алқасының шешімі дайын болғанша кезекті әнге береміз.

Сайыс болған жерде жеңу бар және жеңілу бар. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі тойымызда аяқталды. Сіздер бүгін аналарымыздың батылдығы мен тапқырлығына куә болдыңыздар. Аналарымыздың жүзінен күлкі кетпесін.



Қорытынды сөз кезегін мектеп әкімшілігіне береміз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет