Коронавирустық инфекцияның репродуктивті жүйеге әсері. Дұрыс тамақтанбау



Дата06.11.2023
өлшемі95.81 Kb.
#482516
түріҚұрамы
коронавирус



Коронавирустық инфекцияның репродуктивті жүйеге әсері. Дұрыс тамақтанбау.

Коронавирустар – вирустардың тобы, оның ішінде 2019 жылдың маусымда адамдарға және жануарларға әсер ететін екі субфамилияға біріктірілген, құрамында РНҚ бар вирустың 37 түрі бар. Адамның коронавирусы алғаш рет 1965 жылы жедел респираторлы вирустық инфекциялардан оқшауланған. Коронавирус белгілері:


– дене қызуының көтерілуі;
– тұмау;
– бас ауруы;
– жөтел;
– тамақ ауруы;
– әлсіздік;
– іш өту.
* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.
Диагностика
Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:
– қан анализін;
– несеп анализін;
– зертхана зерттеулерін;
– ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.
– Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Инфекцияның берілу жолдары:
– көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
– тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)
– Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.
Профилактика шаралары:
– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;
– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
– бөлмені желдету;
– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
– тынысалу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;
– коронавирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
– адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.
Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары, барлық белгіленген сақтық шараларды сақтап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғай жүріңіз!




Ағзаның денсаулығына тұқым қуалаушылық, экология, зиянды әдет деген сияқты факторлар әсер ететіні анық, оған қоса дұрыс тамақтану да маңызды рөл атқарады. Зиянды тағамдардың залалы бірден байқалмаса да, уақыт өте келе міндетті түрде өзі жайлы сыр бере бастайды. Дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың тууына ықпал етеді.
Дұрыс тамақтанбау түсінігінің аясы кең. Бұған шамадан тыс тамақтану, зиянды тағамдарды жиі тұтыну, қатаң диеталар, аштық және т.б. кіреді. Сіз дұрыс тамақтанбай жүрсіз, егер:
- қарныңыз ашпаса да тамақ жейсіз;
- көп мөлшерде қант және құрамында рафинадталған қанты көп өнімдерді жиі тұтынасыз;
- қосымша өнімдері бар тағамдарды жиі тұтынасыз;
- тамақ жеу мәдениетін сақтамайсыз: дастарқан үстінде емес, теледидар немесе компьютер алдында тамақтанасыз;
- тым көп немесе тым аз тамақ жейсіз;
- жүріп бара жатып тамақ жейсіз;
- рационыңызға жемістер мен көкөністерді қоспайсыз;
- тұрақты азықтану тәртібі жоқ болғандықтан кейде түнде де тамақ жейсіз;
- диетаға жиі отырасыз.
Дұрыс тамақтанбаудың зияны
Аталған әр пункт денсаулыққа орасан зор зиян тигізіп, салдары жағымсыз болуы мүмкін. Ал ішек-қарын жолдары ауыратын адамдар үшін, балалар мен жүкті әйелдерге бұлай тамақтану тіпті жарамайды. Адам ағзасы жеткілікті түрде нәрлі заттарды алу үшін қарныңыз қатты ашқан кезде емес, аздап ашқан кезде тамақтану керек. Егер сіз стресстен тамақ жейтін болсаңыз немесе тәтті болғаны үшін, әдет бойынша тамақ жей берсеңіз, іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы құрылады, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады.
Шамадан тыс қант тұтыну ұйқы безіне салмақ түсіреді, бұдан ол көп мөлшерде инсулин бөле бастайды. Нәтижесінде бұл процесс бұзылып, қант диабеті белең алады.
Сонымен қатар тым көп мөлшерде тәтті тұтыну семіздік пен кариеске ұрындырады.
Көп мөлшердегі ащы тағамдар ағзадағы сұйықтықты бөгеп, несеп тас ауруы мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларын тудырады.
Қосымша өнімдер көптеген тағамдардың құрамында болады. Олардың кейбіреуінің еш зияны жоқ, ал кейбірі аллергия тудырып, асқазан мен ішек ауруларының тууына сеп болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет