«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Қарым-қатынас - адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде. Дәрістің қысқаша мазмұны



бет4/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#186766
1   2   3   4   5   6

Қарым-қатынас - адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде. Дәрістің қысқаша мазмұны.

Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:

- ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы

- ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы

- оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы

- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.

Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары:

Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.

Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.

Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.

Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.

Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.

Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.

Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.

Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.

Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:

1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.

2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу.

3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.

5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес.

6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.

9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.

10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

П.Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.

Психолог А.А.Леонтьевтің мұғалімнің «нашар» оқушымен қарым- қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі- өнеге боларлық. Бір қызығы, мұндай мінез- құлықты педагогтар әрдайым мойындай бермейді.

1. Ол «жақсы» оқушыларға қарағанда, «нашар» оқушыға жауап беруіне аз уақыт береді, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді.

2. Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты қайталап жатпайды, көмектеспейді де, сол мезетте басқасынан сұрайды немесе дұырс жауабын өзі айтады.

3. Ол «ымырашылдыққа» салынады, теріс берілген жауапты оң бағалайды.

4. Сонымен қоса ол «нашар» оқушының қате жауабы үшін жиі ұрсып- сөгеді.

5. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.

6. «Нашар» оқушының жауабына құлақ аспауға тырысып, оның көтерген қолын байқамаған болып, басқасын шақырады.

7. Сирек күледі, «жақсы» оқушыдан гөрі «нашар» оқушыға сирек қарайды.

8. Сирек шақырады, кейде сабақта онымен мүлде жұмыс істемейді. Қарым- қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым- қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.

Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:

- мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;

- мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;

- оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;

- ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық жағдайының пайда болуы;

- оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің творчествалық ойын айқындауы тиіс.

Қарым- қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын оқу былайша қамтамасыз етіледі:

- оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым- қатынасы жүйесін орнату;

- оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым- қатынас жүйесін қалыптастыру;

- жеке адамның тұтастай танымдық бағыттаушылығын қалыптастыру;

- оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық, т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;

- оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;

- оқушылар ұжымындағы өзара қарым- қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.

Қарым- қатынасты оқытудың дамушы фукнциясы былайша жүзеге асырылады:

- оқу әрекетінде жеке адамның жан- жақты тұтастай дамуының әлеуметтік- психологиялық негізін орнату;

- жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама- қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;

- жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына (өз бетінше білім алуына және өзін- өзі тәрбиеленуіне) ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;

- қарым- қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік- психологиялық факторларды (бұйығылық, ұялшақтық, сенімсіздік т.б) меңгеру.

Сабақты жоспарлау барысында сізде нақты сынып, оқушылар, олармен өзара қатынас туралы ойлар туындайды. Осының өзі педагогикалық қарым- қатынасты моделдеу деп аталады, әрі ол алдағы сабақтың мазмұнымен және методикалық компоненттермен тығыз байланысты болады.

Қарым- қатынасты меңгеру. Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді шешеді, мәселен қарым- қатынас арқылы зейінділікті меңгереді. Кейбіреулер алаңдайды. Оларды оқу процесінде қалай «оралту» қажет. Ескерту керек пе? Мұқият көз салу, бет әлпетімен жаратпаған сыңай білдіру, сыныпта ерсілі- қарсылы жүру, тақтаға бормен тықылдату, мәнерлі тыныштық орнату.

Педагогикалық қарым- қатынас процесінде мұндай міндеттер көптеп туындайды. Оқушыларды материалға қалайша қызықтыруға, әсерлендіруге, сыныпта бірлескен ізденісті және ұжым болып ойластыруды қалайша туғызуға болады?

Қарым- қатынастың үш жағы бар- интерактивті, коммуникативті, перцептивті.

Г.М.Андреева бойынша қарым- қатынас құрылымы:

1. Коммуникативті (адам арқылы қарым- қатынас)

2. Интерактивті (білім, оймен ғана ауысу емес қимыл)

3. Перцептивті (өзара тіл табысу үшін, қарым- қатынасқа қатысып отырған партнерлердің бірін- бірі қабылдауы)

Қарым- қатынас жасаудың негізгі психологиялық сипаттарына жатқызамыз:

а) дара адамдар арасындағы қатынас және оның әлеуметтік бағыт- бағдары;

ә) оның психологиялық дамуы мен негізгі тірегі;

б) қарым- қатынас жасауының белгі таңбалары және оның қимыл қозғалысы, бет құбылысының, ым- ишаралары мен көзқарасынан айқын бақылау;

в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінетіндігі.

Ал қарым- қатынас жасау әркетінің психологиялық құрылымына келсек, олар: қарым- қатынас орнатуға ықылас- ынталы болу; қарым- қатынас жасауға ұмтылып әрекеттер жасауға бағдарлану; діттеген ойын жеткізуді жүйелі жоспарлау; мақсат- мүддесін айтып жеткізуді жүзеге асыру; белгіленген ісімен бағдарларының іс жүзінде орындалуын түрліше деңгейде бақылау.

Қарым- қатынас жасаудың әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық қызметі төмендегі мақсат- міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: адамдардың ұжымдық іс- әрекеттері мен олардың нәтижелі болуын ұйымдастыру, өзара қатынас орнатып байланысқа түсу, тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайға икемделу, адамдардың тобына, олардың іс- әрекеттеріне орай ыңғайлануы, өздерін топтағы адамдармен салыстыра отырып, жеке басының ерекшеліктерін аңғарып білу, топтар арасындағы қарым- қатынасты, байланыстарды нығайту сияқты әртүрлі жағдайларға төзімділік көрсетуге бейімделуге тиіс.
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастың ролі

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.

Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.

Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.

Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.

Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.

Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және әдепті.

Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың ықпалымен дамып отырады.

ТАБИҒАТ – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап, көмек көрсетеді.

МӘДЕНИЕТ – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме, сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде, мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.

Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби, шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі балалардың қабілеттерін дамытады.

ҚОРШАҒАН АДАМДАР – адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек қана баласы, тек сүйікті адамы ғана болып коймайды. Адамда олардың барлығы да болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас, туыстас, қызметтес және ортақ ісі бойынша таныстары, жолдастары болады. Мектептегі құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең, осындай қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады. Сонымен қатар балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымең, туған-туыстарымен қарым-катынас жасайды.

Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек, бұл тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен карым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, сенімге ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді, әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.

«МЕН» өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке тұлғаның «МЕНІ» үйде, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік «Менін» дұрыс жолға қойып, мақсатты түрде бағыттап отырған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды адами қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.

Қорыта айтқанда, өзін-өзі танудың түпкі мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру арқылы жан-жақты жетілген және үйлесімді дамыған адам тәрбиелеу болып табылады.

Адам өміріндегі достықтың мәні.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ…


Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса болды. Ол талап еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін сезіп, білген кезде түсінетіндей. Және біз дос болайық деп те айту – достықтың табиғатынан алыстау көрінеді маған. Себебі, достықты сөз емес, сезім орнатады. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе алса – сол сенің нағыз досың деннің өзі кейде достықтың нақ мәнін аша алмайтын сияқты. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдастарыңның да қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың.
Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш. Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты, досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны нағыз досыңды тапқанда ғана «егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда бұл да бір өкініш болғандай екен ғой» деп ойлап, сезесің.
Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған айтуда да көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол сіздің нағыз достық сеніміңіздегі адам бола алмайды. Досқа деген сенімнің болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады. Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін, айқын айту – достықтың бір парызы саналғанымен, жолдастармен мұндай тақырып қозғау кейде ыңғайсыздау болуы мүмкін. Достың жолдастан айырмасы осы.
Досардың (тағдырдың жазуы солай болса) бірге жүрмеуі – достықты әлсірете алмайды деп ойлаймын. Өйткені, берік сенім орнаған соң жер алыс болса да, достық сезім бір-бірінен бір сәт те алыстай алмақ емес. Туған бауырыңдай қашан да саған жақын болады. Кемшілігін туғаныңдай түсінікті тілмен қысылмастан жеткізесің немесе өзіңнің қателіктерің мен ұсыныс, талабыңды оған айта да аласың…Достықадамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Жалған достықты қалай анықтаймыз?

Британиялық кітапжегіш ғалымдардың айтуынша және Гвинеялық адамжегіш залымдардың дәлелдеуінше жалған достық былай басталады: 1-бөлім (Ми тоңқайту): Қыз жігітпен ойнап, қылығын көрсетеді. Жігіттің есі кетіп, тасын домалатып, назына жауап қайыра бастағанда, қыз аяқ астынан суып кетеді. Жігіт мән жайды түсінбей, «мен бірдеңе бүлдірдім бе?», «артық „движение“ жасап қойдым ба?» деп, тасын кері домалатып, көтін қысады… Қыз тап сол мезетте жігітті қайтадан өзіне тартады. Осылайша әрі-бері қыз ойыны басың айналып, миың шайқалғанша қайталана береді. 2-бөлім (Қаужау) Жоғарыда айтылған үздіксіз ми тоңқайту барысында, жігіттің назарын жоғалтып алмау үшін, қыз оған түрлі қыртыған мәнсіз сөздерді айтып, ұзын арқан кең тұсаудан шығармауға тырысады:



  • «Түсінгеніңе рахмет, сен нағыз азаматсың!»

  • «Неге жігіттердің барлығы сен сияқты болмайды екен, осы??»

  • «Сен сондай сүйкімдісің!»

  • «Менің жігітім нағыз оңбаған… шіркін сен идеал жігіт болар едің.»

  • «Сен маған ұнайсың» немесе «Сен ең керемет адамсың!»

  • «Сен маған ағам сияқтысың!»

  • «Егер менің жігітім болмағанда, мен сенімен жүруші едім.»

  • «Тууу, негізі менің талғамым нашар, неге мен сен сияқты жігіттермен кезікпедім екен?»

Сөйтіп жүріп, өзіне қыртым-сыртым сатып алып беруді, немесе басқалай қыдыртып, көңіл көтертуді меңзеп қалады, мақау жігіт сүмеңдеп айтқанына көніп, барын шашады. Қысқасы, ақшаға, назарға, уақытын бөлуге, жылауық әңгімесін тыңдатуға қаужай отырып, миын тоңқайтуды ұмытпайды. Жігіт қыздың өтірік шырмауында кептеліп, өмір бойы достық аймағынан шыға алмай мына жігітке айналады.

Сылтаулары (және оның аудармалары):

  • «Сен менен көп жас үлкенсің (қаусаған осырақ шалсың) немесе керісінше, сен менен тым кішкентайсың, (өйткені маған табыс табатын ағашкалармен „мутить“ еткен ұнайды).

  • Сен мені „анандай“ жағынан қызықтырмайсың (Сен сияқты ұсқынсыз жігітті көрсем көзім шықсын!)

  • Мен дайын емеспін, алдымен өзімнің ішкі дүниемді реттеп алуым қажет! ( сенсіз де мақау жігіттерім толып жатыр!)

  • Менің жігітім бар (мысығымның атын „Жігіт“ деп қойғам)

  • Мен әріптестермен жүріс жасамаймын (саған тіпті әртүрлі қалада жұмыс істесекте жоламас едім)

  • Мәселе сенде емес, менде (мәселе менде емес, сенде)

  • Мен қазір бар көңілімді жұмысқа бөлуім керек (зеріктіргенің соншалық, сенімен кездескенше, қызықсыз жұмысымды істегенім артық).

  • Мен биыл жеке өмірімді жоспарлаған жоқпын (Әсіресе, сен сияқты мұңайған боқ жоспарыма қалайда жоспарыма кірмейді)

  • Дос болып қалайықшы (мен сенімен қатынасты үзбей, ара-тұра өзімнің көңілдес жігіттерім жайлы айтып, керек кезінде мылжыңымды тыңдайтын тегін құлағым болғаныңды қалаймын, жылағым келгенде мұрын боғымды сүртіп, сүйеу болатын иығың керек, ұйқым келгенде басымды қойып, жастанатын боқ қарның керек)

  • Сен мен үшін тым жақсысың, мен саған лайық емеспін! (Былай тиісетін мін таба алмадым, бірақ бәрібір шопақ жегізіп нахқа жібергім келіп тұр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет