Оқыту және білім беру мазмұны



бет1/2
Дата27.04.2024
өлшемі23.97 Kb.
#500017
түріСабақ
  1   2
3 сынып сұрақ тапсырмалары


Дәріс – 2
Оқыту және білім беру мазмұны

1. Дидактиканың негізгі категориялары


2. Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы, функциялары
3. Оқытудың түрлері
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі

  • білім беру.............................

  • оқыту..............................

  • сабақ беру.............................

  • оқу.....................................

  • оқыту принциптері...........................

  • оқыту процесі және оның компоненттері.....................

  • оқытудың міндеттері.....................

  • оқытудың мазмұны....................

  • оқытудың формалары.......................

  • оқытудың әдістері.....................

  • оқытудың құралдары...................

  • оқытудың нәтижесі...........................

Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы, функциялары

  • Процесс – ілгері қозғалыс, нәтижеге бағытталған әрекеттер жиынтығы

  • Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі

  • Оқыту процесі – мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында білім беру міндеттерін шешу

Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы мен бөліктерімен сипатталады:

  • ғылыми білімнің, іскелік пен дағдының жүйесі (білім беру жүйесі)

  • мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру)

  • оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті)

  • оқыту әдістері

  • оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оның ойлау операциялары – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну.
Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық іс-әрекеті.
Дағды – қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.
Оқу процесінде білім, іскерлік, дағдының өзара байланысы оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкаіндік туғызады.
Оқыту екі жақты процесс, ол мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу – оқушылар іс-әрекеттерінің яғни обьективті әлемді танудың ерекше формасы.
Оқыту процесінің функциялары – оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқыту процесінің функциялары – оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы – оқушыны біліммен қаруландыру, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Оқытудың тәрбиелік функциясы – ғылыми теориялар мен ережелер оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айнала отырып, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады, баланы өмірге, білім алуға тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы – оқушылардың таным іс-әрекеттерін дамыту, олардың ой-өрісін дамытып, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет