Пайдаланушыларға «Виртуалды библиографиялық анықтама» қызмет көрсетудің ережелері
■ Пайдалаланушыларға қызмет көрсету СҚМУ кітапхана кешенінің ақпараттық қорларының, соның ішінде анықтамалық-библиографиялық аппаратының, және Интернет қорының базасында жүзеге асырылады;
■ «Виртуалдық анықтаманың» пайдаланушыларына кызмет көрсету «Сұрақ -жауап» тәртібінде электрондық пошта аркылы жүзеге асырылады; omakarenko@nkzu.edu
■ «Виртуалдык анықтама» келесі анықтамаларды ұсынады:
тақырыптық - кұрамында белгілі бір тақырыпта кұжаттар тізімінің болуымен бірге анықтама;
анықтағыш-библиографиялық - тұрғыдан сипаттаудың бұрмаланған элементтерін белгілейтін және / немесе оның жоқтығын анықтайтын анықтама;
мекенжайлық - СҚМУ кітапханасы мен баска кітапханалар және ақпараттық орталықтарда сұраныс салынатын құжаттың болуын және / немесе оның тұрған жерін. Интернет аркылы жүзеге асырылатын электрондық тізімдеме мен деректер қорына ашық түрде кіруге рұксаты туралы анықтама;
фактографиялық - кез келген оқиға, тұлға, ұйым, зат және т.б., соның ішінде, СҚМУ кітапхана кешенінде кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің тәртібі, оның реті мен жағдайлары туралы, соның ішінде кітапханада өткізілетін шаралар (конференциялар, семинарлар, көрмелер, саяхаттар) туралы мәліметтерді енгізетін анықтама.
■ Пайдаланушының сұранысы бойынша ізденіс қорытындысы келесі түрде ұсынылуы мүмкін. Деректерге сілтемелері бар мәтіндік жауап түрінде; соның ішінде интернет-корлары; библиографиялық тізім (10 атауларга дейін);
■ Кері нәтижелер болған жағдайда пайдаланушыға жазбаша түрде оның негізделуі беріледі.
■ Толық мәтінді электрондық кұжаттар берілмейді.
■ Келесі сауалдармен байланысты:
заңды және медициналык кеңес берумен;
дайын рефераттардың, курстық және дипломдық жұмыстардың ұсынылуымен;
математикалык, физикалық, химиялық және баска да міндеттерді шешумен байланысты;
сызбалармен, жоспарлармен, сүлбалар мен макеттердің өңдеу мен дайындалуымен бірге;
көңіл көтеретін сипаттағы (сөзжұмбақтарды шешу, викториналарға, зияткерлік ойындарға және жарыстарға және т.б.) қатысуға тиісті ақпараттардың ұсынылуымен байланыстылар қарастырылмайды.
■ Әдепсіз және этикаға жатпайтын сұраныстар қарастырылмайды.
■ Сұраныстар тәулік бойы қабылданады, СҚМУ кітапхана кешенінің жұмыс істеу уақытында келіп түсу тәртібінде орындалады.
■ Орындауға қабылданатын бір пайдаланушыдан келіп түскен сұраныстардың саны күніне бір данамен шектеледі.
■ Сұраныстың орындалу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |