Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



Дата08.07.2016
өлшемі316.44 Kb.
#185442
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен  
бекітілген     
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1426 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу тәртібін айқындайды.
      1. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
      2) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
      3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтініш беруші құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестерінің, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкімшілік, ұшу және жердегі персоналы құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
      4) сертификаттық талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
      5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – ұшу тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламенттейтін құжат;
      6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы – аталған пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жоспарлы және жоспарлы емес жұмыстарын уақтылы және қанағаттанарлық орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
      7) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік – пайдаланушының осы Қағиданың талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
      8) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – техникалық қызмет көрсету бойынша нақты жоспарлы жұмыстардың сипатын және оларды орындау мерзімділігін, сондай-ақ сол әуе кемелеріне қатысты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті олармен байланысты рәсімдерді қамтитын құжат.
      3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік үш жыл мерзімге беріледі және оны басқа тұлғаға беруге болмайды.
      4. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      5. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
      6. Сертификаттау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді құжаттармен қоса беруі;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдын ала бағалауы және өтінім бойынша шешім қабылдауы;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
      4) шешім қабылдау және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беру (беруден бас тарту).
      7. Жалпы сертификаттау мерзімі 2 (екі) айдан аспауы тиіс.
3. Өтінім беру, алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім
қабылдау
      8. Өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім жібереді.
      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін төленген алымды растайтын құжат;
      2) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмелері;
      4) өтініш берушінің мынадай ақпараты:
      өтініш беруші қызметінің негізгі орны;
      ұшудың болжамды түрлері;
      ұшу жұмысын ұйымдастыру;
      ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі;
      ұшуды қамтамасыз ету;
      ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігі;
      техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;
      әуе кемелерінің әзірлігі;
      5) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
      6) мынадай басшылардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қызметі;
      ұшу қауіпсіздігі бойынша инспекция;
      ұшу жарамдылығын қолдау бойынша;
      сапаны бақылау бойынша;
      авиациялық қауіпсіздік бойынша;
      персоналды даярлау бойынша;
      7) үлгісі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері, ұшу жарамдылығы сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергілікті жердегі (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетілген әуе кемелерінің тізімі. Әуе кемелерін жалға алған жағдайда жалға алу (лизинг) шарттарын көрсету қажет;
      8) ұшу персоналы және жердегі персоналды дайындау және аттестаттауды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат;
      9) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың бір бөлігі болып табылатын немесе жеке құжат ретінде әзірленген персоналды бастапқы даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарлама (нұсқау);
      10) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
      11) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы;
      12) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
      13) сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқау;
      14) байланыс процедураларын қоса алғанда, ұшуды орындауды басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпарат (dispatch);
      15) сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
      16) пайдаланушы өз авиациялық қызметінің қажетті түрлерін қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
      17) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
      18) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерінің алдын алу бойынша шаралар туралы құжаттар;
      19) пайдаланушының өзі немесе шарттық негізде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат;
      20) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
      21) сыртқы ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдауға арналған шарттардың көшірмелері.
      Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Келесі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді мәлімделген өзгерістерге қатысты (өзгерістер болған немесе жаңартуды талап ететін) құжаттармен бірге ұсынады.
      9. Өтінімді алдын ала бағалау құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.
      Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
      1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негізгі қағидаттары;
      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес басшы құрамның ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі тәжірибесі, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрамы мен мамандар жөніндегі деректердің болуы;
      3) штаттың жинақталуы және авиация персоналының әзірлік дәрежесі;
      4) өтініш берушінің басқа ұйымдармен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ авиация персоналын оқыту бойынша жасасқан келісімдерінің болуы;
      5) әуе кемелерін экипажбен немесе экипажсыз (мұндай болған жағдайда) жалға алу келісімдерінің (шарттарының) болуы;
      6) мыналарға:
      ұшудың орындалуын ұйымдастыруға және тікелей бақылауға;
      ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі персоналға;
      әкімшілік және операциялық қызметке;
      қажетті құжаттаманы сақтауға арналған үй-жайлардың болуы;
      7) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың болуы және оның мазмұны;
      8) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауының болуы және оның мазмұны;
      9) ұсынылатын авиациялық жұмыстардың көлемін, әуе кемелерінің үлгілерін, басқару және басшылық ету әдістерін, өтініш берушінің басшылық орындарындағы мамандарының құқықтары мен міндеттерін бағалау;
      10) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының (регламентінің) болуы және оның мазмұны.
      10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган алдын ала бағалау шеңберінде ұсынылған құжаттардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін қарайды және 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес олар бойынша шешім қабылдайды, ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
      11. Өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтінім қайтарылу себептері көрсетіле отырып, қайтарылуға жатады.
      12. Өтінім мен құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрып, оның құрамына мынадай салалардағы мемлекеттік авиация инспекторларын қосады:
      1) ұшуды пайдалану;
      2) ұшу жарамдылығы;
      3) авиациялық персонал куәліктерін беру.
4. Сертификаттық тексеру
      13. Сертификаттық тексеру мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылады.
      14. Комиссия ұшуды қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша сертификаттық тексеру жүргізеді:
      1) құқықтық;
      2) қаржылық-экономикалық;
      3) ұшуды пайдалану және оны ұйымдастыру;
      4) ұшу жарамдылығын қолдау;
      5) персоналды даярлау;
      6) авиациялық қауіпсіздік;
      7) аэронавигациялық;
      8) әуежай;
      9) метеорологиялық;
      10) медициналық.
      15. Ұшуды және жердегі қызметтерді тексеру қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың әзірлік дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      Бұл ретте пайдаланушының жеке немесе шарттық негізде тікелей мағынада пайдаланылатын өндірістік базасының болуы тексеріледі және расталады.
      Ангар құрылыстарының, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі цехтардың, әкімшілік ғимараттардың, қоймалардың және басқа да құрылыстардың сертификаттық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
      16. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшу құрамын даярлау және оның біліктілігі азаматтық авиация саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      17. Өтініш беруші пайдаланатын барлық әуе кемелерінің қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары немесе Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған шетел мемлекеттерінің ұшуға жарамдылық сертификаттары болады.
      18. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде авиациялық жұмыстарды орындаған кезде өтініш беруші басқа елдердің әуежайларында өз өкілдерімен немесе басқа елдердің әуежайларында өкілдіктері бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Басқа елдердің әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиісті мемлекеттің әуежайларында техникалық қызметті ұйымдастырудың белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      19. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру актісі екі данада өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, ұсынымдары және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беру мүмкіндігі туралы қорытындылары көрсетіле отырып жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.
      20. Сертификаттық тексеру жүргізу кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші күнтізбелік 10 күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді. Өтініш берушіге өтінім берілген сәттен бастап жалпы сертификаттау мерзімінен аспайтын мерзімде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған сертификатты бергенге дейін сәйкессіздіктерді жоюға мүмкіндік беріледі.
      21. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген барлық сәйкессіздіктерді жойған жағдайда ғана авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беру туралы шешім қабылдайды.
5. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беру,
беруден бас тарту
      22. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беру мүмкіндігі туралы қорытындымен бірге сертификаттық тексеру актісі пайдаланушы сертификатын беру үшін негіз болып табылады.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шешім қабылданған сәттен бастап үш күн мерзімде осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті ресімдеуді және беруді жүргізеді.
      23. Егер:
      1) өтініш беруші ұсынған қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;
      2) өтініш берушіге қатысты оның аталған қызмет түрін көрсетуіне тыйым салатын сот шешімі болса;
      3) жалпы сертификаттау мерзімі өткен соң түзету іс-қимылдар жоспарында көрсетілген сәйкессіздіктерді жоймаса, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тарту жүргізіледі.
      24. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
6. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің
қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу
      25. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
      1) пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамаған;
      2) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;
      3) инспекциялық тексеру кезінде, соның ішінде шет мемлекеттерінде белгіленген ұшу қауіпсіздігіне әсерін тигізетін бұзушылықтар анықталған;
      4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.
      26. Осы Қағиданың 25-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тоқтата тұру себебін көрсетеді және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімін белгілейді.
      Егер әуе кемесін пайдаланушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, онда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктерді қайтарып алады.
      27. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданысын жаңартуды (егер ол тоқтатылған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушыға тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
      28. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданысын қалпына келтіру немесе қалпына келтіруден бас тарту жөніндегі шешімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеру аяқталған сәттен бастап үш күн мерзімде пайдаланушыға жазбаша түрде хабарлайды.
      29. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарылып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы 3 жұмыс күні ішінде пайдаланушыны және аэронавигациялық ақпарат қызметін хабардар етеді.
      30. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қайтарып алу кезінде пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.
7. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке өзгерістер
енгізу, телнұсқасын беру
      31. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке өзгерістер:
      1) пайдаланушының өтінімі бойынша;
      2) пайдаланушыны жоспарлы және (немесе) жоспарлы емес тексеру нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен енгізіледі.
      32. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесі, ведомстволық тиесілігі өзгерген жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерге әкеп соқтырмаса, куәлікке және пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге тиісті өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер енгізу мерзімі өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды.
      33. Пайдаланушы бұрын пайдаланылмаған әуе кемелерінің басқа түрлерін сатып алған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес өтінімді құжаттармен қоса жолдайды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап он күн мерзімде:
      1) ұсынылған құжаттарды қарайды;
      2) пайдаланушыға енгізілген өзгерістерге қатысты бөлікте инспекциялық тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      34. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мәлімделген әуе кемесін пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге енгізуден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге күнтізбелік 10 күн ішінде бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      35. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің телнұсқасын береді.
      36. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің телнұсқасын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтінішті қажетті негіздемелерімен және бұрын авиациялық жұмыстарды орындауға берілген куәлікпен (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа) қоса береді.
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
1-қосымша         
Нысан
Уәкілетті орган басшысына
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алуға
(ұзартуға) өтінім
      1. ____________________________________________________________
           (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу,
қолданылу мерзімін ұзарту) мақсатында _______________________________
                                       (өтініш берушінің толық атауы)
сертификаттау жүргізуді сұраймын.
      2. Өтініш берушінің СТН (ЖСН): _______________________________.
      3. Өтініш беруші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның банктік
деректемелері: _____________________________________________________.
      4. Өтініш беруші – заңды тұлғаның орналасқан жері (мекенжайы)
немесе өтініш беруші – жеке тұлғаның тұрғылықты жері: ______________.
      5. Өтініш берушінің пошталық (нақты) мекенжайы: ______________.
      6. Байланыс телефондары/факсы/электрондық поштасының мекенжайы,
АФТН коды: _________________________________________________________.
      7. Әуе кемелер орналасқан әуеайлақ (алаңқай) _________________.
      8. Мәлімделген авиациялық жұмыстардың түрлері: _______________.
      9. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде
ұшу өңірлері: ______________________________________________________.
      10. Жоспарланған ұшуды бастау күні: __________________________.
11. Басшы персонал



Лауазымы

Т.А.Ә., туған жылы, телефоны

Тағайындау туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаттары (куәліктері)










12. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы





Лауазымы

Т.А.Ә., туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытынды)

Жалпы ұшу

Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру












13. Инженерлік-техникалық персонал





Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсат беру












14. Шетелде авиациялық жұмыстарды орындау





ӘК типі және борттық нөмірі

Жалдаушы (тапсырыс беруші)

Мемлекет, қала және орналасқан әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі








      15. Өтініш беруші:


      сертификаттау рәсімдерін орындауға;
      сертификаттық талаптарға жауап беруге;
      авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын,
қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына
мүмкіндік беруге міндеттенеді.
      _______________________________________________________________
       Өтініш беруші заңды тұлғаның (басшының лауазымы, Т.А.Ә., қолы)
      М.О.
      _______________________________________________________________
                Өтініш беруші жеке тұлғаның (Т.А.Ә., қолы)
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
2-қосымша         
Осы Қағиданың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген
басшылық құрам жөніндегі деректер
      1. Т.А.Ә., туған жылы, атқаратын қызметі.
      2. Білімі.
      3. Азаматтық авиация маманының куәлігі.
      4. Біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжат.
      5. Басшы лауазымдарда атқарған жұмысы (атқарған лауазымындағы
жұмыс өтілін көрсету).
      Басшы _________________________________________________________
                                  (күні, қолы)
      Өтініш беруші осы қосымшаның 2, 3, 4-тармақтары бойынша өтініш
берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған растау құжаттарының
көшірмелерін ұсынады.
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
3-қосымша        
Ұшуды жүргізу жөніндегі үлгілік нұсқау
      1. Ұшуды жүргізу жөніндегі үлгілік нұсқауды өтініш беруші әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді реттейтін қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның талаптарын ескере отырып әзірлейді. Әуе кемелерін пайдалану, II бөлім, «Жалпы мақсаттағы халықаралық авиация. Ұшақтар», III бөлім, «Халықаралық ұшу. Тікұшақтар».
      1. Нұсқау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) Мазмұны;
      2) түзетулерді ескеру парағы және қолданыстағы парақтар тізбесі;
      3) қызметтік міндеттер, басшылық және пайдалану персоналының жауапкершілігі және субординациясы;
      4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификаттық ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам әуе кемелері);
      5) ұшу нұсқаулығының жүйесі және жұмыс түрлері;
      6) әуе кемесінің ең төменгі жабдығы тізбесіне қатысты қағидалар (MEL, қолданылғанда);
      7) метеорологиялық шектеулер;
      8) ұшу және жұмыс уақытының шектеулері;
      9) ұшу кезіндегі төтенше жағдайлар;
      10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды талдау;
      11) персонал біліктілігі және даярлау;
      12) есептік құжаттаманы жүргізу;
      13) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесінің сипаты;
      14) әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалану шектеулері;
      15) қалыпты жағдайларда ұшуды жүргізу;
      16) стандартты пайдалану рәсімдері (SOP);
      17) FDR/CVR жазбаларын пайдалану/қорғау (қолданылатын жерде);
      18) қауіпті жүктерді өңдеу;
      19) коллиматорлық индикаторлардың сипаттамасы (HUD)/көрудің кеңейтілген мүмкіндіктері бар техникалық көру жүйелері (EVS).
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
4-қосымша         
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының
нұсқауы
      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі – Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:
      1. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі қызметтің сертификаттық талаптарға, Нұсқаулық ережелеріне сәйкестігі туралы жауапты басшы қол қойған декларация және бұл сәйкестікке ұдайы көрсетілуі міндетті.
      2. Көзделетін рәсімдер сипаттамасы:
      1) әуе кемелерін ұшуды орындау үшін жарамды жай-күйде ұстау бойынша;
      2) жоспарланған ұшу үшін қажетті пайдалану және авариялық жабдықтың жарамды болып табылуы;
      3) техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланушы мен бекітілген ұйым арасындағы келісімдер (шарттар);
      4) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету.
      3. Ұйымның белгіленген талаптарға ұдайы сәйкес болуына қатысты жауапкершілік жүктелетін жауапты басшының, персоналдың аты мен лауазымдары көрсетілген басшылық персонал жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал жөніндегі мәліметтер.
      4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бекіту бойынша рәсімдер.
      5. Пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау және техникалық құжаттары бойынша есептік мәліметтерді жүргізу және мұрағатта сақтау рәсімдері.
      6. Жүргізілген техникалық қызмет көрсету туралы деректерді бақылау, бағалау және ұсыну рәсімдері.
      7. Пайдалану ақпаратын ұсыну талаптарын орындау рәсімдері.
      8. Ұшу жарамдылығын сақтау туралы ақпаратты бағалау рәсімдері.
      9. Ұшу жарамдылығын сақтау туралы міндетті ақпарат бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру рәсімдері.
      10. Осы бағдарламадағы кемшіліктерді жою мақсатында техникалық қызмет көрсету бағдарламасының орындалуын және тиімділігін талдау және тұрақты бақылау жүйесін енгізу және оның жұмыс істеу рәсімдері.
      11. Нұсқау қолданылатын әуе кемелері үлгілерінің және модельдерінің сипаты.
      12. Ұшу жарамдылығына әсер ететін ақауларды тіркеуді және жоюды қамтамасыз ету рәсімдері.
      13. Пайдалану кезіндегі елеулі оқиғалар туралы уәкілетті органды хабардар ету рәсімдері.
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
5-қосымша        
Нысан
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін
өтінім бойынша қабылданған
шешім
20__ ж. «___» __________ № _____
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу жөніндегі
_____________________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы)
өтінімін қарап, сіздер ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына сәйкес келетінін (сәйкес келмейтінін)
(құжаттар сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмейтін тармақ/тармақтар
көрсетіледі) хабарлаймыз.
      МО                                Уәкілетті органның басшысы не
                                        ол уәкілеттік берген адам
                                        ________   __________________
                                         (қолы)          (Т.А.Ә.)
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
6-қосымша        
Нысан
Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны
      __________________________ 20__ жылғы «___» _______ № _________
      (уәкілетті органның атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға:            __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
                   __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
                   __________________________________________________
                                   (Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ өтініш берушінің
               (заңды тұлғаның атауы)
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасына және Азаматтық
әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарға
сәйкестігіне сертификаттау жүргізді.
Қорытынды мәтіні  ___________________________________________________
Төраға:           __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)
                  __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы   __________________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                    (қолы)
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
7-қосымша        
Нысан
Елтаңба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_____________________________________________________
Уәкілетті органның атауы
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік
№ KZ – 02/001



Қолданылу мерзімінің аяқталу күні:

Пайдаланушының атауы
____________________

Пайдаланушының мекенжайы:


Телефоны:
Факс:
E-mail:

Пайдаланушымен жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы Куәлік пайдаланушыға ______________________________________


                                      (пайдаланушының атауы)
қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, ұшуды
жүргізу нұсқаулығы және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу
қағидасына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретіндігін
куәландырады.
      Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.
                            (уәкілетті органның атауы)
      МО                             Уәкілетті органның басшысы не ол
                                     уәкілеттік берген адам
                                     ________ _______________________
                                      (қолы)          (Т.А.Ә.)
Берілген күні: 20__ ж. «___» _______
Уәкілетті орган
___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № куәлігі)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
А бөлігі - Жалпы ережелер
      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 20__ жылғы _____ № _______ қаулысымен бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасына сәйкес
беріледі.
      2. ________ берілген № ____ авиациялық жұмыстарды орындауға
арналған куәлігі бар пайдаланушы ____________ ұшуды орындауға дайын.
      3. Пайдаланушы «___» өндірушілері мен модельдері мынадай әуе
кемелерін авиациялық жұмыстарды орындау үшін пайдалануға рұқсат
береді:



Өндіруші

Моделі

Ең жоғары жүк көтерімділігі мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3

      1-бағанда әуе кемесін өндіруші зауыт көрсетіледі;


      2-бағанда әуе кемесінің типті және мемлекеттік тіркеу нөмірі
көрсетіледі;
      3-бағанда - тонналық көрсеткіш және жолаушылар саны
көрсетіледі.
_____________________________   ________   __________________________
(уәкілетті органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкілеттік берген адам)
      МО
      Берілген күні: 20__ ж. «___» _______________
Уәкілетті орган
___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № куәлігі)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
В бөлігі – Авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсаттар мен шектеулер
      Пайдаланушының «_____» әуе кемелері Қазақстан Республикасының
(уағдаласушы мемлекеттер) қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттары
мен ұшу қағидаларына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға дайын.
      Ұшуға:
      Қазақстан Республикасы аумағы шегінде
      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде (өңірлер) рұқсат
етілді.



Әуе кемесінің типі

Авиациялық жұмыстардың түрлері

Ұшу түрлері (ВҰҚ, ВҰАҚ, АҰҚ)

Тәулік уақыты
























_____________________________   ________   __________________________


(уәкілетті органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкілеттік берген адам)
      МО
      Берілген күні: 20__ ж. «___» __________________
Уәкілетті орган
___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № куәлігі)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
С бөлігі – Басшылық персонал туралы мәліметтер
      «______» пайдаланушысының басшылық персоналы туралы мәліметтер:



р/с


Лауазымы

Т.А.Ә., байланыс телефоны












_____________________________   ________   __________________________


(уәкілетті органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкілеттік берген адам)
      МО
      Берілген күні: 20__ ж. «___» _________________
Уәкілетті орган
___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № _______ куәлігі)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
D бөлігі – Техникалық қызмет көрсету
      Пайдаланушы «_____» әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің
мынадай түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі:



Әуе кемелерінің типтері мен борттық нөмірлері

Пайдаланушы өз күшімен жүзеге асыратын техникалық қызмет түрлері

Шарттар негізінде жүзеге асырылатын техникалық қызмет түрлері



*Жедел

*Мерзімдік

*Жедел

*Мерзімдік










      *Ескертпе: техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның атауы


мен мекенжайы (мемлекет, қала), сертификаттың (куәліктің) нөмірі мен
қолданылу саласы, кім және қашан бергені, қолданылу мерзімін
көрсетілуі қажет.
Уәкілетті органның басшысы    _________   ___________________________
не ол уәкілеттік берген адам    (қолы)              (Т.А.Ә.)
      МО
      Берілген күні: 20__ ж. «___» _________________
Уәкілетті орган
___________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № _______ сертификаты)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
Е бөлігі – Әуе кемелерін жалға алу
      Пайдаланушы «_____________» мынадай жалға алынған әуе кемелерін
пайдалануға рұқсат етіледі:



Әуе кемелерінің типтері мен борттық нөмірі

Жалға беруші туралы мәліметтер (ӘК иесінің атауы, заңды мекенжайы)

Шарттың түрі (экипажбен немесе экипажсыз жалға алу, лизинг, фрахт), нөмірі, күні және қолданылу мерзімі






_____________________________   ________   __________________________


(уәкілетті органның басшысы      (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкілеттік берген адам)
      МО
      Берілген күні: 20__ ж. «___» _________________
Пайдаланушыны авиациялық 
жұмыстарға жіберу қағидасына
8-қосымша        
Нысан
Уәкілетті органның басшысына
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану
ерекшеліктеріне өзгерістер мен толықтырулар (дәлелді құжаттамасына
өзгерістер және (немесе) толықтырулар) енгізуге арналған
Өтінім
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану
ерекшеліктеріне, дәлелді құжаттамаға өзгерістер және (немесе)
толықтырулар) енгізуді сұраймын,
ұшуды бастаудың жоспарланған күні:
_____________________________________________________________________
(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде авиациялық жұмыстарды
орындауға арналған қолданыстағы куәліктің аяқталу мерзімі, сондай-ақ
жаңа пайдалану жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні
көрсетіледі).
      Басшы _________________________________________________________
                               (лауазымы/қолы/күні)
      М.О.
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке
өзгерістер енгізуге арналған құжаттар
тізбесі
      1. Әуе кемесін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке енгізу кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтінім;
      2) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесі, радиостанцияға рұқсат (лицензия), әуе кемесі жеріндегі (қолданылған жағдайда) шуыл бойынша сертификат;
      4) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі;
      5) ұшу жарамдылығын қолдау туралы мәліметтер;
      6) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;
      7) ұшу және техникалық құрам туралы мәліметтер;
      8) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандырудың түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
      9) әуе кемесін дезинфекциялау туралы сертификат;
      10) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа, техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланушы нұсқаулығына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар, ең аз жабдықтар тізбесі (MEL).
      2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесінің авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлігіне енгізу үшін құжаттар тізбесі.
      Өтініш беруші экипажсыз әуе кемесін жалға алған кезде, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:
      1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;
      2) әуе кемесі меншік иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;
      3) тіркеу мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;
      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын жарымды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (басқа мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған кезде);
      5) әуе кемесін пайдалануда бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын қолдауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;
      6) ұшуды орындау аудандары.
      3. Әуе кемесін экипажбен жалға алған кезде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке өзгерістер енгізуге арналған құжаттар тізбесі.
      Өтініш беруші әуе кемесін экипажбен жалға алған кезде осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:
      1) әуе кемесін пайдалануда бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға, сондай-ақ экипаж мүшелерінің дайындығына жауапты тараптар көрсетілген әуе кемесін экипажбен жалға алу туралы шарттың көшірмесі;
      2) әуе кемелерінің саны, типі, моделі және сериялық нөмірлері;
      3) әуе кемесі меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы;
      4) тіркеу мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері;
      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын жарымды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (басқа мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған кезде);
      6) мыналарды қамтитын ұшу құрамы туралы мәліметтер:
      шетелдік авиациялық персонал куәліктерін тану көшірмелері;
      ұшу куәліктерінің көшірмелері;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі;
      біліктілікті арттыру, оның ішінде халықаралық әуе желілері бойынша ұшуға арналған курстарын өту туралы құжаттар көшірмелері;
      7) ұшуды орындау аудандары.
      4. Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
      5. Әуе кемелерін пайдалану тоқтатылған жағдайда, пайдаланушы бұл туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етеді, бұл аталған әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктен алып тастауға негіз болып табылады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет