Пайдаланушының басшылығы
Клиент
1.0 нұсқасы
БТА-ONLINE
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ ЖҮЙЕСІ
Мазмұны:
1.
|
Жүйеге кіру …………………………………………………………….
|
3-бет.
|
2.
|
Жүйеден шығу………………………………………………………..
|
3-бет.
|
3.
|
Парольді ауыстыру…………………………………………………………….
|
4-бет.
|
4.
|
Жүйеде құжаттар құру
|
|
4.1.
|
Еркін пішінде құжаттар құру .………………………...
|
10-бет.
|
4.2.
|
Сатып алу/сату/айырбастау бойынша құжаттар құру…………
|
11-бет.
|
4.3.
|
Шетел валютасында аударым жасау бойынша құжаттар құру………….
|
18-бет.
|
4.4.
|
Көшіру әдісімен құжаттар құру…………………...
|
21-бет.
|
4.5.
|
Қалып бойынша құжаттар құру……………………………….
|
23-бет.
|
5.
|
Зейнетақы/әлеуметтік/жалақы тізілімдерін құру…………
|
26-бет.
|
6.
|
Жүйедегі құжаттарды авторлау…………………………………..
|
32-бет.
|
7.
|
Құжаттарды импорттау……………………………………………………..
|
35-бет.
|
8.
|
Есепшоттар бойынша қозғалыстарды қарау/банк мөртабанымен үзінді алу……………………………………………..
|
38-бет.
|
9.
|
Өнімдер. Кредиттер……………………………………………………..
|
40-бет.
|
10.
|
Өнімдер. Депозиттер……………………………………………………
|
42-бет.
|
11.
|
Жүйеде қалып құру…………………………………………...
|
44-бет.
|
12.
|
Жүйеде қалыптарды авторлау және қалыптарды қарау……………
|
47-бет.
|
13.
|
Анықтамалықтар……………………………………………………………...
|
48-бет.
|
14.
|
Пошта…………………………………………………………………….....
|
51-бет.
|
15.
|
Сертификаттарды қайта шығару……………………………………………..
|
55-бет.
|
16.
|
Дербес саясаттар. Құжаттар құру…………………
|
56-бет.
|
17.
|
Бізбен қалай байланысуға болады? ……………………………………………………
|
61-бет.
|
1. Жүйеге кіру
*** «БТА-Online» жүйесімен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін «БТА-Online» қолдану барысында электронды құжаттармен алмасу ережелеріне» сәйкес «Жұмыс орнын баптау» пайдалану басшылығы» негізінде пайдаланушының жұмыс орнын алдын-ала баптау бойынша іс-әрекеттерді орындау қажет (барлық құжаттар Банктің http://bta.kz/ru/corp/btaonline/ сайтында берілген).
Internet Explorer браузерін іске қосыңыз және мекенжай жолында көрсетілген мекенжайлардың бірін теріңіз:
https://online.bta.kz/portal/ru - БТА-Online орыс тіліндегі нұсқасы
https://online.bta.kz/portal/en - БТА-Online ағылшын тіліндегі нұсқасы
e-token (kaztoken) дербес кілтін қойыңыз, парольді енгізіңіз және басты нысандағы «Кіру» басқышын басыңыз.
БТА-Online жүйесінің басты нысаны шығады.
2. Жүйеден шығу
Жүйеден дұрыс шығу үшін экранның сол жағындағы жоғарыдағы «Шығу» басқышын басыңыз.
Маңызды! «Шығу» сілтемесі арқылы шығу пайдаланушының сервермен сессиясын дұрыс аяқтайды. Егер шығу терезенің бұрышындағы таяқша арқылы жүргізілген жағдайда (браузер терезесін жабу), сессия кідіріп қалады және автоматты түрде 20 минуттан соң аяқталады. Демек егер Сіз жүйеден дұрыс шықпасаңыз, 20 минут күте тұрыңыз және қайтадан жүйеге кіріп көріңіз.
Жүйеден дұрыс шығу Жүйеден дұрыс щықпау
3. Парольді ауыстыру
Жүйедегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйеге бірінші рет кіргеннен соң парольді ауыстыру керек.
Назар аударыңыз!
Қолжетімділік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында парольді айына бір рет ауыстыруға кеңес береміз. Парольдің ұзындығы кемінде сегіз таңбадан тұруы керек. Пароль жоғары және төменгі тізілімде сандар мен арнайы таңбалардан тұруы қажет.
Парольдің мысалы: 15*RoW%@
Парольді ауыстыру үшін тіркеу бетінде «Парольді өзгерту» сілтемесін басыңыз.
Парольді өзгерту терезесіндегі «Қолданыстағы пароль» өрісіндегі ағымдағы парольді енгізіңіз, сонымен қатар «Жаңа пароль» және «Жаңа парольді растау» өрістерін толтырыңыз және «ОК» басыңыз.
Егер сіз алдыңғы парольді Тумар Конфигураторында сақтаған болсаңыз, парольді ауыстыру кезінде Тумар Конфигуратор профайлында да парольді ауыстыру керек.
«Іске қосу-Бағдарламалар-GammaTech- Tumar CSP» кіріңіз.
БТА Online жүйесіне кіру үшін пайдаланушыларға eTokenPRO (Java) және KazToken кілттерінің екі түрі беріледі.
Егер жүйеге кіру үшін сізге eTokenPRO (Java) кілті берілсе
Сіздің JavaToken кілтіңіздің атауына сәйкес келетін профайлды таңдаңыз.
Профайлды басыңыз және «Профайлды өзгерту» әрекетін таңдаңыз.
Профайлды редациялау терезесі ашылады.
«Пароль» өрісінде жаңа парольді белгілеңіз, оны «Растау» өрісінде қайталаңыз. «Сақтау» басқышын басыңыз.
Кілттерді алу процесі басталады. Оның аяқталуын күтіңіз.
Пароль дұрыс енгізілсе, кілттердің тізімдерінде сертификаттар тізбегімен 2 кілт табылады. Пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда, кілттердің тізімі бос болады.
Жүйеге кіру үшін сізге KazToken кілті берілсе
Сіздің KazToken кілтіңіздің атауына сәйкес келетін профайлды таңдаңыз.
Профайлдың үстінен басыңыз және «Профайлды өзгерту» әрекетін таңдаңыз.
Профайлды редакциялау терезесі ашылады.
«Пароль» өрісінде жаңа пароль белгілеңіз, оны «Растау» өрісінде қайталаңыз. «Сақтау» басқышын басыңыз.
Кілттерді алу процесі басталады. Оның аяқталуын күтіңіз.
Пароль дұрыс енгізілсе, кілттердің тізімдерінде сертификаттар тізбегімен 2 кілт табылады. Пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда, кілттердің тізімі бос болады.
4. Жүйеде құжаттар құру
БТА-Online жүйесінде құжаттарды төмендегідей құруға болады:
4.1 Еркін пішінде құжаттар құру
Құжат құру үшін «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.
«Төлемдер» нысанының үстіне басыңыз.
Бұдан әрі «Құру» басқышын басыңыз.
Төлемді құру үшін нысан ашылады.
Қалыпсыз еркін пішінде төлем құру кезінде «Қалыптың коды» өрісі толтырылмайды.
Құрғыңыз келген құжаттың типін таңдаңыз (біздің жағдайда «Жалақыны есепке алуды» таңдаймыз).
Бұдан әрі төлем тапсырмасының өрістерін толтыру керек: төлемнің нөмірі, төлем жасаушының шоты (мәзірден сіздің шотты таңдаңыз). Бенефициар анықтамалыққа енгізілген жағдайда, мысалы, ЖСН/БСН енгізіңіз және «Лупа» дегенді басыңыз .
Бенефициар автоматтты түрде анықтамалықтан алынады. Бенефициар анықтамалыққа енгізілмеген жағдайда, бенефициардың деректемелерін толтырыңыз және аталған бенефициарды сақтау қажет болған жағдайда, «Сақтау» өрісіне белгі қою арқылы сақтауды белгілеңіз .
Бұдан әрі төлемнің тағайындалуын, ТМБК, БЖК (салық аударымдары үшін) көрсетіңіз.
Келесі құжатты құру жоспарланған жағдайда, тізілімі жоқ төлемдер үшін «Сақтау» немесе «Сақтау және жалғастыру» дегенді басыңыз.
Тізілімі бар төлемдер үшін «Жарналар» дегенді басыңыз , олар «Сома» өрісінің жанында болады.
Тізім құруға арналған нысан ашылады.
Тізімде қызметкерді құру үшін «Жаңа» дегенді басыңыз.
Назар аударыңыз! Төлем нысаны арқылы құрылған тізімдер дербес болып табылады және тізілімдегі қызметкерлер (салымшылар) бойынша ақпаратты қайталамайды.
Өрістерді толтырыңыз және «Сақтау» дегенді басыңыз. Құжатқа қайту үшін «Кері қарай» дегенді басыңыз.
Құжатты жүйеде сақтау үшін «Сақтау» басқышын басыңыз немесе егер келесі құжатты құруды жоспарлап отырсаңыз, «Сақтау және жалғастыру» басқышын басыңыз.
Бұдан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұл жағдайда құжат сомасының сілтемесін басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесі арқылы құжатты қарауға; құжатты таңдап және тиісті басқышты басу арқылы құжатты жоюға немесе авторлау журналын қарауға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарастыруға мүмкіндік береді.
Құжатты авторлауға жібергеннен кейін, ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.
4.2. Мысал үшін шетел валютасын сатып алу, сату, айырбастау бойынша құжаттар құруды қарастырайық.
Құжаттар-Төлемдер дегенге кіріңіз, Құру басқышын басыңыз.
Толтыру үшін нысан ашылады.
Транзакцияның типін көрсетіңіз – валюта сатып алу, валюта сату, валюталарды айырбастау.
Назар аударыңыз! БТА Online жүйесіндегі бағам салыстыру үшін көрсетілген және Банкте орындалуы үшін міндетті болып табылмайды.
Жүйеде осындай төлемдерді құрудың екі типі бар – Жедел (күнбе-күн) және Алдын-ала (келесі күні).
Жедел
Валюта сатып алу
Валюта сатып алу кезінде шығарып алу шоты таңдалады – теңгелік, есепке алу шоты – шетел валютасында.
Жүйедегі бағам жасырын белгіленген және пайдаланушының тарапынан өзгертуге жатпайды. Бұдан әрі Сома бағанында сатып алу қажет валютадағы соманы көрсету қажет. Аталған соманың есепке алу сомасы екендігін көрсету керек.
Бұл жағдайда бағам бойынша есеп жүргізіледі және есепке алу сомасы мен есептен шығару сомасы бағандарында бағамға сәйкес есептелген сомалар жазылады.
Төлемнің тағайындалуын, ТМБК көрсету керек.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Валютаны сату
Валютаны сату кезінде пайдаланушы есептен шығару шотын таңдайды – шетел валютасында, есепке алу шоты – теңге бойынша.
Жүйедегі бағам жасырын белгіленген және пайдаланушының тарапынан өзгертілмейді.
Бұдан әрі Сома бағанында сату қажет валютадағы соманы көрсету қажет. Аталған соманың есептен шығару сомасы екендігін көрсету керек. Бұл жағдайда бағам бойынша есеп жүргізіледі және есепке алу сомасы мен есептен шығару сомасы бағандарында бағамға сәйкес есептелген сомалар жазылады.
Төлемнің тағайындалуын, ТМБК көрсету керек.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Валютаны айырбастау
Валюта айырбастау кезінде пайдаланушы есептен шығару және есепке алу шоты-валюталық шоттарын таңдайды.
Жүйедегі бағам жасырын белгіленген және пайдаланушының тарапынан өзгертілмейді.
Бұдан әрі Сома бағанында сату қажет валютадағы соманы көрсету қажет. Аталған соманың есептен шығару сомасы екендігін көрсету керек. Бұл жағдайда бағам бойынша есеп жүргізіледі және есепке алу сомасы мен есептен шығару сомасы бағандарында бағамға сәйкес есептелген сомалар жазылады.
Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Алдын-ала сатып алу
Валюта сатып алу
Валюта сатып алу барысында пайдаланушы есептен шығару шотын таңдайды – теңгелік, есепке алу шоты – шетел валютасында.
Сома бағанында теңге бойынша есептен шығарылуы тиіс соманы көрсету керек. Бұл жағдайда аталған сома автоматты түрде есептен шығару сомасының бағанына жазылады. Шетел валютасын сатып алу көлемінің сомасы төлемнің мақсатында жазылады. Бұл жағдайда төлемдегі валюталау күні болып ағымдағы операциялық күн көрсетілуі керек, себебі қаражаттарды сақтық қорда сақтау Банкке өтінім түскен уақытта жүргізіледі.
Алдын-ала сатып алу бойынша сомалар клиенттің шотына келесі жұмыс күні есепке алынады.
Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Валютаны айырбастау
Валюта сатып алу кезінде пайдаланушы есептен шығару шотын таңдайды – валюталық шот, есепке алу шоты – теңге бойынша.
Сома бағанында теңге бойынша есептен шығарылуы тиіс соманы көрсету керек. Бұл жағдайда аталған сома автоматты түрде есептен шығару сомасының бағанына жазылады. Төлемдегі валюталау күні болып ағымдағы операциялық күн тұруы керек, себебі қаражаттарды сақтық қорда сақтау Банкке өтінім түскен уақытта жүргізіледі.
Алдын-ала сату бойынша сомалар клиенттің шотына келесі жұмыс күні есепке алынады.
Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Валюталарды айырбастау
Валютаны айырбастау кезінде пайдаланушы есептен шығару және есепке алу шоттарын таңдайды – валюталық шоттар.
Сома бағанында валюта бойынша есептен шығарылуы тиіс соманы көрсету керек. Бұл жағдайда аталған сома автоматты түрде есептен шығару сомасының бағанына жазылады. Төлемдегі валюталау күні болып ағымдағы операциялық күн тұруы керек, себебі қаражаттарды сақтық қорда сақтау Банкке өтінім түскен уақытта жүргізіледі.
Алдын-ала айырбастау бойынша сомалар клиенттің шотына келесі жұмыс күні есепке алынады.
Төлемнің тағайындалуын, ТМБК толтыру керек.
«Сақтау» басқышын басыңыз.
Бұдан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан әрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап және тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді.
Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.
4.3. Шетел валютасында аудару үшін құжат құру
Құжаттар-Төлемдер дегенге кіріңіз, Құру басқышын басыңыз.
Толтыруға арналған нысан ашылады.
«Шетел валютасында аудару» транзакция типін көрсетіңіз.
Соманы жазыңыз, есептен шығару шотын таңдаңыз.
Бұдан әрі бенефициар бойынша деректерді толтырыңыз. Бенефиар банкінің таңдауын келесі тәртіпте жүзеге асыру керек: банктің SWIFT енгізіңіз және іздеуді басыңыз . Банктің атауы мен орналасуы бойынша өрістер толтырылған.
Бұдан әрі егер бенефициар сақталмаған жағдайда, барлық өрістерді толтыра отырып, оның деректерін көрсетіңіз және бенефициардың сақталуы туралы белгі қойыңыз.
Бұдан әрі бенефициар сақталған жағдайда, СТТН өрісінің жанындағы іздеу басқышына басу жеткілікті, шетел бенефициарларының базасы ашылады.
Әрі қарай банк комиссиясын көрсетіңіз, комиссия есептен шығарылатын жағдайда, есептен шығару шотын көрсетіңіз.
Тізімнен көрсетілген бенефициарға сәйкес келетін келісімшартты таңдаңыз. Төлемнің тағайындалуы мен ТМБК толтырыңыз және төлемді сақтаңыз.
Бұдан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан әрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап және тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді.
Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |