көсемдері де оның исраилдік екенін білетін және оны
ұнатпайтын. Ал енді одан құтылудың оңтайлы сәті туып тұр.
«(Мұса) қорқа байқастап қаладан шықты да: «Раббым! Мені залым елден құтқар», – деп (дұға қылды)» 1 .
Мұса Мәдиян жерінде Мұсаны перғауын адамдары іздестіруде еді. Аллаһ тағала
дұғасын қабыл етіп, оған жол көрсетті. Сөйтіп, Мұса қолында
жейтін асы мен ішер суы жоқ, астында көлігі болмаса да, жолға
шықты. Тіпті қайда барарын да білмейді. Себебі ол Мысыр
жерінен ешқайда шықпаған-ды. Ол бағыты ретінде «Мәдиянға бет бұрған кезде: «Әрине, Раббым мені тура жолға салар», – деді» 2 . Мұса Ніл өзенін артқа тастап, шөл дала арқылы жаяу
сапар шекті. Аяқкиімі жыртылып, жалаңаяқ жүруге тура келді.
Ағаш жапырақтарымен қоректенеді. Осылай ол пайғамбар
Шуғайбтың елі – Мәдиянға жетті. Бұл кезде ондағы қауым
әйкәлықтар Аллаһ тағала тарабынан апатқа ұшыраған соң,
олардың жұртына басқа халықтар қоныстанған-ды. Мәдиянда
суат басында отырған кезінде қой, түйелерін айдап малшылар
келді. Мәдиянның суаты қаланың сыртында адамдар мен малға
арналған құдықтарды қоршай салынған бөлек-бөлек бірнеше
науадан тұратын. Олар малын суару үшін құдықтан су тартып
осы науаға құятын. Мұса сол жерде қойларын суатқа жібермей
иіріп тұрған екі қызды көрді. Аллаһ тағала: «Мәдиян суына барған кезде ол жерде (мал)суарған бір қауым адамдарды көрді. Олардың арасынан (малын) қайырып тұрған екі әйелді көрді де: «Неге қарап тұрсыңдар?» – деді. Екеуі: «Біз 1
«Қасас» сүресі, 21-аят.
2
«Қасас» сүресі, 22-аят.