Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министірлігі



Дата04.10.2023
өлшемі20.35 Kb.
#479756
Эссе экология

    Бұл бет үшін навигация:
  • Эссе

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті





Эссе


Тақырыбы: Мен экологияға не үлес қостым?







Орындаған: Тилепбаева Рухия
Қабылдаған: Изтлеуова.А
Тобы: Фи-22-7к5




Шымкент 2023
Мен экологияға не үлес қостым?

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі. Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ұлттық экологиялық проблемалар:
Арал теңізінің акваториясын қысқарту және тұздану дәрежесі жоғары жаңа шөлді аумақтардың түзілуіне байланысты оның табанының жалаңаштануы;
Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының болуы;
Каспий теңізі шельфінің ресурстарын қарқынды түрде игеру арқылы теңіз және жағалаулық экожүйелерге әсер ету;
Су ресурстарының ластануы және сарқылуы;
Тарихи ластанулар
Трансшекаралық экологиялық проблемалар
Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері
Жергілікті экологиялық мәселелер:
Ауа бассейнінің ластануы;
Радиоактивті ластану;
Бактериологиялық ластану;
Химиялық ластану;
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық сынақ полигоны ауданында 450-ден астам жердің үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей полигоны ғана емес, соған жақын орнаалсқан үлкен аумақтарда (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінен көпдеген тірі ағзалар және адамдар зардап шекті.Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды. Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, ол жер бүгінгі күнге дейін де өте қауіпті жер болып саналады. Не себепті? Себебі онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды.
Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. азіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағыдыры – адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу қажет. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдайлар Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Ал осындай үлкен экологиялық проблемалар болмау үшін, табиғатты сақтау үшін осы ережелерді ұстану қажет. Меніңше, өзен жағасында қоқыстарды жинау бойынша жасақтар құру қажет, көпшілік демалатын орындарда қоқыс жинауға арналған жәшіктер қою, жас ағаштарды отырғызу, қыста құстарға арналған астауларды ілу, кәсіпорындарда зиянды заттарды атмосфераға шығару кезінде сүзгілер қою, орманды кесуге болмайды, су айдындарын ластамау, атмосфераға зиянды заттарды шығармау, сирек аңдарды ауламау, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктерді жыртуға болмайды. Жалпы айтқанда, «Табиғаттың адамсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, қорғау біздің парызымыз.
Экожүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Табиғат – біздің асыраушымыз, олсыз адамзат өмір сүре алмас еді. Бұрынғы заманда, адамдар табиғатты құрметтеген және оған зиян тигізбеген. Ерлер – аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан, ал әйелдер жидектерді, саңырауқұлақтар мен шөптерді терген. Бұл үйлесімділік, өнеркәсіп пайда болғаннан кейін бұзылды. Зауыттардың саны көбейіп, экологияға үлкен залал келтірілді. Қазіргі уақытта, табиғат токсиндерден тұңшығып жатыр деп айтуға болады. Көптеген жануарлардың жойылып кетуі мүмкін, ал ормандар аяусыз кесілуде. Планетамызға экологиялық апат қаупі жақындап келеді. Сондықтан, нәзік табиғатымызға мейірімді болайық! Табиғаттың көмегімен жаратылған әлем, бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болып, сансыз тіршілік иелеріне өмір сыйлады. Біз оның маңызды бөлігіміз, мұңы ешқашан ұмытпауымыз керек. Өкінішке орай, қоршаған ортаның ластануы және жануарлар санының азаюы – адамның іс-әрекетінен туындаған. Егер табиғатты қорғауға барлығымыз үлес қосатын болсақ, онда планетамыздағы өсімдік пен жануарлардың алуан түрін сақтап қаламыз.
Менің ойымша, қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті. Барлық тіршілік иелері, соның ішінде адамдар да, табиғат деп аталатын үлкен үйдің шаңырағында өмір сүреді. Ол – біздің алтын бесігіміз. Бірақ, адамдардың кесірінен, біздің ғаламшарға экологиялық апат қаупі төңіп тұр. Сондықтан әрбір адам, табиғатты сақтап қалу үшін әрекет жасауы керек. Ешқашан жерге қоқыс тастамаңыз. Оны мұқият орап, қоқыс жинайтын арнайы орындарға апарыңыз. Гүлдер мен жапырақтарды жұлмаңыз, өйткені, өсімдіктер ауаны тазартады. Жазғы күндері пикникке шықсаңыз, міндетті түрде отты сөңдіріп кетіңіз. Себебі, орман өртеніп кетуі мүмкін. Біз табиғатқа қамқорлықпен қарауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет