Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет4/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

міндет»
1
, – деген.
Сондықтан барша пайғамбарлар ақиқатқа үндеген. Олардың 
барлығының дағуаты (шақыруы) бір таухид
2
болған. Бұл 
жайында Аллаһ тағала Өзінің ұлы кітабында: «Расында, әр 
үмбетке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттардан
3
аулақ 
болыңдар», – дейтін елші жібердік»
4
, – деп баяндаған.
Тек 
шариғаттарында 
кейбір 
айырмашылықтар 
орын 
алғандықтан, Аллаһ тағала: «Сендерден әрбір (үмбет) үшін 
шариғат және жол белгіледік»
5
, – деп ескерткен. 
Пайғамбарларға иман келтіру төрт негізден тұрады: 
Бірінші: Олардың пайғамбарлығы, шын мәнінде, Аллаһ тағала 
тарабынан екендігіне иман келтіру. Бұл жердегі және бір басты 
жайт – бүкіл пайғамбарларға деген сенім. Кім олардың біреуіне 
иман келтірмесе, барша пайғамбарларға күпірлік танытқанмен 
барабар. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Нұхтың елі де елшілерді 
жалғанға шығарды»
6
, – деп ескертеді.
Нұх (аләйһис-сәләм) өз еліне жіберілген жалғыз пайғамбар 
еді. Аят мағынасы оған иман келтірмегендердің әрекеті барша 
пайғамбарларды да жоққа шығарғанмен бірдей дегенді меңзейді. 
Екінші: Пайғамбарлардың ішінен есімдерін білетінімізге де, 
білмейтінімізге де иман келтіру – парыз. Аллаһ тағала Құранда 
1
«Нұр» сүресі, 54-аят; «Анкабут» сүресі, 18-аят. 
2
Таухид – Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп сену 
және оған ешкімді серік етіп қоспау. 
3
Тағут – Аллаһ тағаладан өзге табынатын басқа заттар, пұт-мүсіндер, 
шайтан. 
4
«Нахл» сүресі, 36-аят. 
5
«Мәида» сүресі, 48-аят. 
6
«Шұғара» сүресі, 105-аят. 


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет