Қазақстандағы ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің жағдайы
«Паллиативті көмектің Қазақстанда дамуы»
Қызылорда жоғарғы медицина колледжі
Орындаған: Қараумбетова Ф
Қазақстандағы ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің жағдайы
XXI ғасырдың бастамасы мемлекетпен қоғамның халықтын денсаулығына деген назары өсіп келе жатыр, алдын алу жұмыстары қалпына келтіріліп, алғашқы және арнайы көмек көрсету жетістігі жоғарлап жатыр. Жоғары технологиялық медициналық көмектін құрылуы әлемнің стандарттық деңгейіне дейін өсуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1343 2011 жылғы 15 қараша, Астана қаласында «Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары туралы бекітілген.
Дәстүр бойынша ел халқының денсаулық жағдайы өмір сүру ұзақтығының орташа және күтілетін мінездемесінен басталады. Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығының беталысы, басқа елдерінің ішінде байқалғандай сияқты, соған қарамастан Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы басқа елдерінің ішіндегі ең төмені болып қала бермек және 1991 жылдан кейін өмір сүру ұзақтығы күрт төмендеп кетті. Қазақстанда 1990 жылы өмір сүру ұзақтығы 68,81-ден 64,4-ке дейін төмендеді, ал 1996 жылы қайтадан 66,9-ға жоғарлады. Экономикалық ұлғаюға қарамастан, ол 1990 жылғы деңгейден 2 жылға кем артта қалуда және 2004 жылы тіркелген 79,43 жас деңгейіннен, 13 жылға Евроодағының орташа өмір сүруінен – 15 жылға кем. Алдыңғы Кеңес Одағының барлығында – жыныс арасындағы орташа өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы үлкен болды. 2006 жылы ер кісілердегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 60,55 жылды құрады, ал әйелдерде бұл сан 72,03 жылды құрады. Ер кісілердің өмір сүру ұзақтығы 90-жылдардың бірінші жартысында 1996 жылы әйелдермен салыстырғанда 63,9-дан 58,93-ке дейін күрт төмендеп кетті. Ең үлкен өлім жұмысқа қабілетті жастағы ер кісілердің ішінде байқалды. 1987 жыл мен 1995 жылдардың арасында өлім деңгейі 30-44 жастағы ер кісілердің ішінде екі еседен артық жоғарлады және 45-54 жастағы ер кісілердің ішінде 75%-ға өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |