«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



Дата09.11.2019
өлшемі231.5 Kb.
#447413
түріСабақ
1 сынып озин-ози тану

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
1 Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылығы: ақиқат Қасиеттері: адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық.



Мақсаты: Оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды шынай қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.



1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:
Танысу ойыны

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

«Ақиқат – даналықтың бастауы»

Халық даналығы

Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Сұрақ:

1) Ақиқат деген не?

2) Адами қасиетке нені жатқызуға болады?


 

Әңгімелесу

Елеместің адамгершілігі

Ертегі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді.

Әмиянды жерден көтеріп алып:

- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады.

Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі Қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:

- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянді ашып көрші, — дейді.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып Елемеске алғысын айтады.

- Балам, өзің кім боласын?Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды

Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:

- Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, — дейді.

Елемес қарияға еріп оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса — алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:

- Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, — деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:

- Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, — деп кеңес береді.

Елемес алғыс айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.



Әңгімелесейік

Сұрақ:

  1. Қарт Елемеске қандай кеңес береді?

  2. Елеместің өмірі қалай жалғасты?

  3. Елемес қандай адам?

  4. Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

  5. Адал болу не үшін қажет?




Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын.



Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс: 

Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.

Мысалы: Ш шана, А алма т.с.с.


 

  1. Топпен ән айту "Бала тілегі"

Сөзі:С.Молдасанұлынікі

Әні:Ф.Лұқпанованікі

1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)

2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)



 

Қорытынды: Сұрақ: балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.





Кері байланыс


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

2 Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылығы: ақиқат Қасиеттері: адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық.



Мақсаты: Оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды шынай қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Шаттық шеңбер

Бір – бірімізге жақсы тілек тілейік.



Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз «Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді»

Халық даналығы

Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Сұрақ:1) Адал деген не?

2) Адамдар неліктен адал өмір сүру керек деп ойлайсыздар?



Дана сөздер

  1. Әңгiмелеу Түлкі мен ешкі

Ертегі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.


   Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
 - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
 - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
   Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
   «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.


  1. Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? неліктен?

  2. Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? неліктен?

  3. Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер

 

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс: 

  1. Балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады.

  2. «Түлкі мен ешкі» ертегісінен не үйренгендерін, яғни қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренгендерін айтып береді.




 

  1. Топпен ән айту «Біз осылай өсеміз»

Сөзін жазған М.Әлімбаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.



Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз.

Қанаттанып өсеміз.

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы.

Сұрақ: 1) Өлең не туралы?

2) Біз осылай өсеміз дегенді қалай түсінесіңдер?



Мұғалім қорытынды жасайды. Еңбектеніп, талаптанып өскен ұрпақ еш уақытта жаман әрекеттерге бармайды.

 

Қорытынды: Сұрақ: балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.




Күлегештер, кері байланыс

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
3 Тақырып: Тәртіп пен парыз

Құндылығы: дұрыс әрекет Қасиеттері: адалдық, жауапкершілік, мейірімділік, сыпайылық.



Мақсаты: оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға тәртіп пен парыздың маңызын түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, сыпайылыққа, тәртіпті, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әдепті пен әдепсіздік көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,

үлгісімен қуантады түбінде.

Жүсіп Баласағұни


  1. Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Әңгiмелеу

Сыпайы қоян

Ертегі

Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті.

Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.

- Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігіңді және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді.

Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:

-Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана- қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі.

Осы бір сиқырлы, сөздер – ай !

Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім , - деп өкінді жылан.





  1. Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

  2. Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

  3. Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

  4. Өзіңнің өміріңде сыпайлықтың көмектескен кезі болды ма?




 Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Сергіту сәті Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.



Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс: 

15 бет суреттерге қарап тәртіптілік ережесін ұсыну

Суретке қарап, әңгіме құрастырыңдар


 

  1. Топпен ән айту «Менің дағдым-күн тәртібім»

Өлеңін жазған Сұлтан Қалиев

Әнін жазған Сайболат Жанғабылов

Ерте тұрып күнде мен,

Терезені ашамын.

«Сәлем» деймін Күнге мен,

Шаттық әнге саламын.

Айналаңа қарасаң,

Ғажайыптар қаншама.

Сан жетпейді санасаң.

«Сәлем» деймін баршаңа.

Жаттығудың небірін,

Жалғастыра беремін.

Сезем шалқып көңілім,

Ширағанын дененің.

Ұшқан құстай қалықтап,

Мектебіме бет алам.

Не тындырып жарытпақ.

Бұл дағдыдан шет адам?!

Осы әдеттен танбасам,

Бестіктерді көп алам,

Мектебімнен әрқашан

Шат көңілмен оралам

Қатысамын биге де,

Сенделіп бос жүрмеймін.

Көмектесем үйге де,

Шаршауды еш білмеймін.



 Барлығы сыныппен айтады

Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!






«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
4 Тақырып: Тәртіп пен парыз

Құндылығы: дұрыс әрекет Қасиеттері: адалдық, жауапкершілік, мейірімділік, сыпайылық.



Мақсаты: оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға тәртіп пен парыздың маңызын түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, сыпайылық, тәртіпті, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:

Шаттық шеңбер

Балалар шеңберге тұрып бір-бірлеріне тілек тілейді


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,

үлгісімен қуантады түбінде.

Жүсіп Баласағұни


  1. Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Әңгiмелеу

Алғыс

Ертегі
Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасан шешесіне:

-Апа,  дәмді, қызынық бергеніңіз үшін сізге рақмет! – деді.

-Ол алғыстарыңды маған айтпандар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызынық жапырақтары былай деп сыбырлады:

-Ол алғыстарыңды бізге айтпандар,құнарлы, қара топырақты жерге айтындар!

Қасым мен Хасан жерге басын иіп, еңкейіп

тұрып алғыс айтты: -- Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп – көп рақмет! Жер жұмсақ майда қара топырағын бүл еткізіп:

-Ол алғыстарыңды маған

айтпандар,жамбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді, дейді. Қасым мен Хасан ауыл

сыртындағы таудың басына шықты да,бұлт жақындағанкезде: Рахмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жер,бір рақаттандық! - деп айқайлады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:

Ол алғыстарынды маған айтпандар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршәләк себетін құдіретті күнге айтындар! Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспер:

-Уа, әлемге тіршілік,бұлтқа жаңбыр берген мейрімді күн! Сенің сәуленніі нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін  көп көп рақмет! -десті. Ол алғыстарынды маған айтпандар, деді күр күлімдеп тұрып. Қызанақты отырғызып,амылсыз баптады адамға алғыс айтындар! Қызанақты дәмді еткен адамның еңбегі! Қасым мен Хасан бақшаны баптан жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарысқа алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып: менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздеріңде бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей жалықпай күтіндер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйісініп, сендерге де алғыс айтатын болады, деді.



  1. Неліктен барлығы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?

  2. Балалар бұл оқиғадан қандай сабақ алды?

  3. Сендер кімдерге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?

  4. Адамның қандай парыздары бар?

  5. Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?

  6. Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс? Неліктен?




 Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс: 

1-тапсырма

Суреттерге қараңдар. Олардың алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер.

2- тапсырма

Суреттеге қараңдар. Олардың қасиеттері туралы әңгімелеп беріңдер.

3-тапсырма

«Ата-баба мұрасын қастерлеу-ұрпақ парызы» дегенді қалай түсінесіңдер? Айтып беріңдер.


 

Топпен ән айту

«Менің дағдым-күн тәртібім»

Өлеңін жазған Сұлтан Қалиев

Әнін жазған Сайболат Жанғабылов

Ерте тұрып күнде мен,

Терезені ашамын.

«Сәлем» деймін Күнге мен,

Шаттық әнге саламын.


Айналаңа қарасаң,

Ғажайыптар қаншама.

Сан жетпейді санасаң.

«Сәлем» деймін баршаңа.


Жаттығудың небірін,

Жалғастыра беремін.

Сезем шалқып көңілім,

Ширағанын дененің.


Ұшқан құстай қалықтап,

Мектебіме бет алам.

Не тындырып жарытпақ.

Бұл дағдыдан шет адам?!


Осы әдеттен танбасам,

Бестіктерді көп алам,

Мектебімнен әрқашан

Шат көңілмен оралам


Қатысамын биге де,

Сенделіп бос жүрмеймін.

Көмектесем үйге де,

Шаршауды еш білмеймін.



 


Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!


 

 




«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
5 Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру!

Құндылығы: дұрыс әрекет Қасиеттері: адалдық, кішіпейілділік, қарапайымдылық.



Мақсаты: оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды үйлесімді өмір сүруге үйрете отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Арынды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта

Нақыл сөз
Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.





Әңгiмелеу

Әйнек адам

Василий Сухомлинский
Бір баланың титімдей досы - Әйнек – адамы болды. Өзі мөп - мөлдір. Бір ғажабы; қасиетті Әйнек – адам досының не ойлағанын, неге мұңайғанына дейін біліп қояды. Бала анасының тілін алмай сыртқа ойнауға шыққалы жатса, - Әйнек – адам бұрынғыдай мөлдіремей, сәл - пәл күңгірт тартып:
- Олай етуге болмайды, әуелі ісіңді тындыр. Ойнауға содан соң шық,- дейді.
Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң, сыртқа шығады. Әйнек - адам үндемейді. Бірақ қайтадан мөп - мөлдір түске енеді.
Бірде баланың аулада бірге ойнайтын жолдасы ауырып қалды. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне алмады. Әйнек - адамына көзі түсіп еді, жауар бұлттай түнеріп кетіпті. Кімге жаманшылық жасап қойдым, қандай жаман ой ойлап қойдым,- деп сұрады бала дегбірі қашып...
- Ешкімге жаманшылық жасаған жоқсың. Жаман ой да ойлаған жоқсың... Тек досыңды ұмытқаның болмаса.
Баланы ұят қысты. Дереу ауру досының үйіне тартты. Оған анасы сыйлаған бір шоқ гүлін, үлкен - үлкен алмаларын ала барды.
Әйнек – адам осылай баланы нағыз адам, нағыз дос болып өсуге баулыды. Ол – баланың ұят, ары еді.


  1. «Әйнек адам» неліктен кейде күңгірт тартады?

  2. «Әйнек адам» қайтадан мөп-мөлдір түске енуі неліктен?

  3. Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?

  4. Өздеріңнің дұрыс әрекет жасағандарынды қалайша сезінесіндер?

 

Шығармашылық жұмыс: 

Кітаптағы 28-29 беттегі суреттерге қараңдар. Өзіңді ұятқа қалдырмайтын іс-әрекеттерді тауып, әңгімелеп айтып беріңдер.




 

Топпен ән айту
Жас дәуірдің түлегіміз

Өлеңін жазған Сержан Молдасанұлы

Әнін жазған Фарида Жолдасова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достар, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



 

Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!


 

 



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
6 Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру!

Құндылығы: дұрыс әрекет Қасиеттері: адалдық, кішіпейілділік, қарапайымдылық.



Мақсаты: оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды үйлесімді өмір сүруге үйрете отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:


  1. «Сәлемдесу» ойыны:
    Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Арынды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта

Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.


Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Әңгiмелеу
Қайыңның көз жасы
Толымбек Әбдірайым
Тамыз айы. Күн өте ыстық. Балалар ауыл шетіндегі салқын көлде шомылып жүр. Қапан көлге жаяу барғысы келмей, әдемі өсіп тұрған бала қайыңның бұтағын сындырып алды. Сосын атына мінді де, ауыл шетіне шаба жөнелді. Мұны көрші қария көріп отырды.. 
Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқап, таңғалды. Ол қарияға: 
- Ата. айтыңызшы. Неге су ағып тұр? - деді. 
- Су емес. Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Сондықтан жылап тұр. Табиғат перзенті ағаштың да жаны, жүрегі бар, адамдардан күтім тілейді. Ал адамдардың жасайтыны осы. 
Ұялған Қапан қызарып кетті. "Енді сындырмаймын, ата!" - деген сөздерді іштей қайталай берді. 



  1. Қапан не үшін ұялды?

  2. Ар-ұжданымен өмір сүретін адамды қалай сипаттар едіңдер?

  3. Сендердің өз қылықтарыңа ұялған сәттерің болды ма? Неліктен?




 Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Шығармашылық жұмыс: 

Кітаптағы 33 беттегі суреттерге қараңдар. Ондағы қылықтарды қалай түзеуге болады? сахналап көрсетіндертер




 

Топпен ән айту

Жас дәуірдің түлегіміз

Өлеңін жазған Сержан Молдасанұлы

Әнін жазған Фарида Жолдасова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достар, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.


Болашақтың иесіміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



 

Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!


 

 



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
7 Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Құндылығы: сүйіспеншілікҚасиеттері: жанашырлық, мейірімділік, қамқорлық.



Мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға риясыз сүйе білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды қоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.



Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Сүйіспеншілік-жүректе

Халық даналығы
Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.


Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Әңгiмелеу

Мейірбан әйел
Бірде екі әйел автобуспен асығыс жол жүріп бара жатты. Олар автобус аялдамасынан түскен сәтте бір келеңсіз жағдайға тап болды. Аялдама отырғышында бір жасөспірім бүк түсіп жатыр еді. Әйелдің бірі дереу әлгі балаға қарай жүгірді. Ал екіншісі болса, «онда нең бар, кеттік, өзіміз асығып тұрғанда», - деп кейіді. Сонда мейірбан әйел:

  • «Жұмыс, жұмыс» деп, қиналып, көмекке зәру болып жатқан мына баладан бас тарта алмаймын,-деді.

  • Оны танымаймыз да, бөтен біреудің баласы емес пе!?- деді, екіншісі ренішті күйде.

  • Мұның қалай, егер өз балаң осындай жағдайға душар болса, адамдардың риясыз көмек қолын созғанын қалар едің ғой!-деп, мейірбан әйел көмекке ұмтылды.




    1. Әйелді мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

    2. Осындай жағдайларда қандай адамдар көмек қолын созады деп ойлайсындар?

    3. Сендердің өмірлеріңде риясыз сүйіспеншілік көрсеткен адамдар болды ма?

 Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Шығармашылық жұмыс: 

1-тапсырма

Риясыз сүйіспеншілікті білдіретін іс-әрекеттерді сахналап көрсетіндер.

2-тапсырма

Өздерің сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіндер? Айтып беріндер


 

Топпен ән айту
Ақ мамам

Өлеңі мен әнін жазған Сағит Садықов

Еркелеймін, шаттанам,

Жарқын күлкің-бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.


Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.




 

Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!


 

 



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
8 Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Құндылығы: сүйіспеншілікҚасиеттері: жанашырлық, мейірімділік, қамқорлық.



Мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға риясыз сүйе білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды қоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.



Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Сүйіспеншілік-жүректе

Халық даналығы
Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.


Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Әңгiмелеу

Асқан асыл сыйлық

Ертегі
Ілгері заманда Отырар шаһарында бір саудагер болыпты. Оның үш қызы бар екен. Күндердің күнінде саудагер алыс елдерге сауда жасауға аттанбақ болады да үш қызын шақырып;

–Ал, шырақтарым, мен алысқа сапар шеккелі отырмын. Сендерге не сыйлық әкелейін, қалауларыңды айтыңдар, - дейді .

–Әке, маған бір тізбек ең асыл маржан әкелерсің, - дейді үлкені.

–Ал маған, - дейді ортаншысы, - көйлектік ең әдемі жібек әкел.

–Екі қыздың айтқанын тыңдаған саудагер сүйікті кенже қызынан;

–Ал, саған қандай сыйлық әкелейін? – деп сұрайды.

–Жан әке, егер сіз аман – сау оралсаңыз, содан артық сыйлық болмас. Ал егер сыйлықты атау қажет болса, онда қай елде болсаңыз да, пісірген наныңыздың күлін тастамай жинап әкеліп беріңіз, - дейді ол.

Саудагер қызының тілегіне таңданғанымен қарсы сөз айтпайды.

Әр елді аралап саудагер ұзақ жүреді. Қайтатын мезгіл таянғанда қыздарының тілегін орындап, бағалы сыйлықтарын алады да, елге қайтуға жиналады.

Үйдегі қыздары оны асыға күтіп отырады. Үйге аман есен оралған әкесі екі қызына бағалы сыйлықтарды беріп, кенжесіне күл салған дорбаны ұстатып тұрып;

–Қызым, мен сенің де тілегіңді орындадым. Бірақ осындай сыйлық әкелгеніме өзім ұялып тұрмын, - дейді.

Қызы үндемейді. Дорбаны алып, аузын ашып қояды да, сүйікті итін шақырады. Ит күлді иіскейді де, мұрнын шүйіріп теріс қарайды. Иттің әрекетін кӛрген қыз әкесіне;

–Жан әке, жат елде біреу сізді нанмен уландырмақ болып, нан пісіретін отқа у тастаған екен. Егер осы у денеңізге дарығанда ауырып қалар едіңіз. Қайтыс болуыңызда мүмкін еді. Ал сіз деніңіз сау, аман оралдыңыз. Осы маған ең асыл бағалы сый! – дейді.

Саудагер бұдан соң кенже қызын бұрынғысынан да ерекше жақсы кӛріпті.




  1. Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  2. Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

  3. Өздерің ата-аналарыңа қандай тілек тілер едіңдер?

 Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Шығармашылық жұмыс: 

1-тапсырма

Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салындар.

2-тапсырма

Риясыз сүйіспеншілікті білдіретін іс-әрекеттерді сахналап көрсетіндер.


 

Топпен ән айту

Ақ мамам


Өлеңі мен әнін жазған Сағит Садықов

Еркелеймін, шаттанам,

Жарқын күлкің-бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.
Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.




 

Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!


 

 




«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
9 Тақырып: Менің үйім

Құндылығы: сүйіспеншілікҚасиеттері: жауапкершілік, татулық, қамқорлық.



Мақсаты: оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды отбасын құрметтей отырып, жауапкершілікке, қамқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.



Жағымды көңіл-күйге келу кезеңі:
Шаттық шеңбер
Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!



Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Отан-отбасынан басталады.

Мақал
Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

 Отбасы дегенді қалай түсінеміз?

 Отбасына кімдер жатады?


  1. Ал, отбасы неден басталады? Отанға деген ыстық сезімнен, жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Әңгiмелеу

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме
Баяғы өткен заманда бір үлкен отбасы болыпты. Отбасында көп адам, тіпті, бір қауым ел бірге тұрыпты. Ол отбасында адамның көптігіне қарамастан, олар тату-тәтті өмір сүрген екен. Бұл жағдай елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы хабар патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бәрлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таңғалып:

  • Осы-ақ па?

  • Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасы тек осы қасиеттерден құрылады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосты.




  1. Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты?

  2. Әрбір адам оған жауапты ма? Неліктен?

  3. Отбасында қандай бала, аға, іні, әпке, қарындасың?

  4. Сендердің отбасыларыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?

Күнделікті өмірде отбасында бір – бірімізге үлгі болуымыз керек. Отбасы мүшелерінен тек жақсылықты көріп, кешірімшіл болсақ, татулық пен береке болады.

Жақсы бала отбасындағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезініп – байқап, бағалайды.

Отбасының әрбір мүшесі ондағы татулық пен бірлікке жауапты.

Отбасындағы бақыт пен тыныштық – олардың бір – біріне сүйіспеншілік, жанашырлық, түсіністік пен құрмет танытуында.



 Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Шығармашылық жұмыс: 

1-топ


Суреттерді мұқият қарап, отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынастарды тауып, әңгімелеп беріңдер. Өз отбасыларыңды да мысалға келтіріндер.

2-топ


Отбасындағы мінез-құлық ережесін жасаңдар

3-топ


Суреттердегі (гүл, ара, күн, ай, кітап, жеміс ағашы) бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріңе теңер едің? Әңгімелеп бер.

Суреттер: Оқушыларды байқай білуге, сезімталдыққа үйрету.



 

Топпен ән айту

Ана-әке

Әбдіжаппар Әлқожа
Жанашырым - ана, дара шыңым - ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың - әке, шырағымсың.

 

Қайырмасы:



Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

 

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған



Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

 

Қайырмасы:



Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана, мен сені меккеге апарамын

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке, мен сені меккеге апарамын



Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке




Сабақтың қорытынды сәті: Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет