Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі зооним компонентті фразеологизмдерге арналған



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата13.10.2022
өлшемі375.33 Kb.
#462575
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ОРТАҚТЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР



ISSN 1563-0226, eISSN 2617-1864 Шығыстану сериясы. №4 (99) 2021 https://bulletin-orientalism.kaznu.kz
© 2021 Al-Farabi Kazakh National University 
34
ҒТАМР 16.21.49 https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.04
А. Раева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. 
e-mail: asem_raeva@mail.ru
ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ 
ОРТАҚТЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
(ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ БОЙЫНША )
Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі зооним компонентті фразеологизмдерге арналған. Түркі 
халықтарының дүние бейнесін қабылдаудың ұлттық-мәдени ерекшелігі зоофразеологизмдерден 
көрінеді. Қазақ және түрік тіл білімінде зоонимдік фразеологизмдер мағыналық-құрылымдық, 
этнолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылса 
да, бүгінгі күні зоофразеологизмдерді тіл мен мәдениет сабақтастығы тұрғысынан туыс тіл-
дер арасында салыстыра зерттеуді маңызды деп есептейміз. Түркі зоофразеологизмдерінің 
семантикасы тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, түркі халықтарының тұрмыс-тір 
ші 
лі-
гі, салт-дәстүрі мен наным-сенімдеріне қатысты лингвомәдени ақпаратты көрсетеді. Мақа-
ла 
да түркі тілдеріндегі жануарлар атауы қолданылатын фразеологиялық бірліктердің 
мо ти вациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер анықталады. Зерттеудің мақсаты – 
зоофразеологизмдердің семантикалық құрылымын лингвомәдени тұрғыдан талдау. Алдымен екі 
тілдегі фразеологиялық сөздіктер бойынша атқа байланысты тұрақты сөз тіркестері жинақталып
мағынасы көрсетіледі, зоофразеологизмдердің мотивациялық негізінің түркі халықтарына ортақ 
және ұлттық сипаты талданады. Зерттеу барысында талдауға алынған зоофразеологизмдердің 
астарында белгілі бір ұлтқа ғана тән этномәдени код анықталады. Түркі зоофразеологизмдерінің 
мән-мағынасы мен мотивациялық негізін зерделеу түркі тілдерінің лексикалық қорында маңызды 
дерек болып табылады.
Түйін сөздер: зооним, зоофразеологизм, зоонимдік код, этномәдени код.
A. Rayeva
L.N. Gumilyov Eurasian National University, Kazakhstan, Nur-Sultan
e-mail: asem_raeva@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет