5В010200 –
Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі
мамандығының студенттеріне арналған біртұтас практика бағдарламасы. –
Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 13 бет.
Ұсынылған практика бағдарламасы «Бастауыш
оқытудың педагогикасы
және әдістемесі» студенттеріне практикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін
қажетті оқу-әдістемелік құрал болып табылады.
Рецензенттер:
Нуридинова Г.А.., М.Әуезов атындағы ОҚМУ,п.ғ.к.
Сихынбаева Ж.С.., Шымкент университеті, п.ғ.к.
Практика бағдарламасы Шымкент университетінің оқу-әдістемелік
кеңесінде талқыланып құпталды.
Шымкент университеті. 2016 ж.
Алғы сөз
Педагогикалық практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі
болып саналады. Педагогикалық практика кезінде студенттер барлық
педагогикалық пәндерден алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс
жүзінде қолдану арқылы машықтанады.
Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы іс-тәжірибе болып саналады.
Педагогикалық практика 4 курста өткізіледі.
Мектеп бағдарламасна сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және
қоғамдық
жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша
машықтанады.
5В010200 -«Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі студенттері
университетте оқу кезінде,
оқу жоспарына сәйкес, оқу және педагогикалық
практика түрлерінен өтеді. Сөйтіп, әр теориялық курстан кейін практикалық
курс өткізіледі.Оқу практикалары базалық пәндерден бастап кәсіби пәндерді де
қамтиды. Оқу практикалары әр курс сайын өтілетін
базалық пәндер бойынша
жүргізіледі.
Оқу практикасы 1-2 курста өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты
базалық және кәсіби пәндер бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибелер
арқылы нақтылау саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу
практикасы жүргізіледі:
1- курста өтілетін
«Педагогикалық қызметке кіріспе», «Жаратылыстану
негіздері» іс-тәжірибеде педагогикалық процестің жай-күйін
және оқушы
тұлғасын зерттей отырып педагогикалық қызмет міндетін айқындау қабілетін
қалыптастырады.
2-ші курстағы «
«Тәрбие жұмысының әдістемесі» іс-тәжірибесі-бастауыш
сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерімен байланыс
орнатып ,сыныптағы тұтас педагогикалық процеске
жаңа білім беру және
тәрбие технологияларының элементтерін ендіреді.