Фитогормондар



Pdf көрінісі
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482938
Tropical Weekly Announcement Presentation



Фитогормондар
Фитогормондар
Ауксиндер
Орындаған:Әбиболла Әсел
Ақжол Назерке
Бекен Аяулым


Фитогормондар
Өсімдік гормондары-
(фитогормондарды) өсу процестерін
реттейтін қосындылар туралы ілім ХХ
ғасырдың отызыншы жылдарында
қалыптасты. Олар өсімдік мүшелерінің
біреуінде (жапырақ, бүршік, тамыр
мен өркен ұлпалары) синтезделіп,
қалыптасып және өсіп жатқан басқа
организмдерге тасымалданады. Қазіргі
кезде олардың ауксиндер,
гиббереллиндер, цитокининдер т.б.
топтары белгілі болды. 


Ч.Дарвин ауксиннің өсімдіктің
апексінде синтезделіп, жер үсті
бөлігінде полярлы (жоғарыдан төмен)
бағыты бойынша қозғалатыны
туралы қорытынды жасады. 1931
жылы макроағзалардан, өсімдіктерде
сабақтың майысуын тудыратын зат
бөлініп алынды; бұл зат
индолацетикалық қышқыл (IAA)
болып шықты; ИЛҚ көп ұзамай өсімдік
және саңырауқұлақ ұлпаларынан да
шығарылған болатын. ИЛҚ өзінің
табиғаты бойынша триптофан
аминқышқылының туындысы болып
табылады. ИЛҚ әр түрлі өсімдік
түрлерінің тіндеріндегі барлық
ауксиндердің 80-95% құрайтын негізгі
табиғи ауксин болып табылады


Ауксиндер
АУКСИНДЕР (көне грекше: αὔξω – «өсемін») -өсімдік
жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы
зор, өсу процестеріне демеу болатын өсімдіктер
гормондары, индол туындылары. А. жасанды және
табиғи жолмен түзіледі. Жасанды А. – өсімдік өсіру
тәжірибесінде қолданылатын кристалды заттардан
(мыс., индолил май қышқылы, нафтил-сірке
қышқылы, т.б.) алынады. Табиғи А. барлық жоғ. және
төм. сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ
бактерияларда түзіледі. Олар өсіп келе жатқан
өркендердің ұштарында, тұқымда, тұқымжарнақта
пайда болып, жасушалардың созылуын, сабақтың,
жапырақтардың, тамыр кесінділерінің өсуін, олардың
иілгіштік қасиеттерінің пайда болуын тудырады,
қалемшелердің тамырлану қарқынын тездетеді.


Ауксин 
әсер нен 
қышқылданған
клетка қабығы жұмсарып, оның
құрамындағы 
целлюлоза 
және
пектинд к полимерлер үз л п, қасиет
өзгеред . 
Бұл 
шк
(тургорлық)
қысымның әсер нен өс п келе жатқан
жасушаның созылуын жең лдетед .
Ауксин қорект к ортада өскен өс мд к
ұлпасында (каллус) және қалемшелерде
қосалқы тамырлардың пайда болуына
ықпал етет нд ктен көбею жеделдейд .
Ауксиндер 
өс мд к 
гормондары
(цитокининдерд ң) б р ккен үйлес мд әсер
жасанды ортада өскен 


Ауксиндер туралы айтатын болсақ, біз белгілі бір фитогормондар
тобын немесе өсімдік гормондарын атаймыз, оның мақсаты
өсімдіктердің өсуін реттеу. Бұған жету үшін олар негізінен
жасушалардың созылуын тудырады. Олардың синтезін жүзеге
асыратын орын - сабақтар шыңына жататын меристемалық
аймақтар. Осы жерден ауксиндер өсімдікке жататын басқа
аймақтарға, әсіресе концентрация градиенті осылайша
орнатылатын негізге қарай жылжиды. Қызықты факт:
саңырауқұлақтар, балдырлар, бактериялар және жоғары сатыдағы
өсімдіктер сияқты организмдерде ауксин синтезі жүретіні
анықталды.


Өсу процесіне әсер ететін химиялық
жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші
химиялық заттар деп атайды. Өсімдіктің
өсуі кезіндегі клетканың созылу фазасы
физологиялық активті қосылыстар —
ауксиндер қатынасында өтеді. 1939 жылы
Н.Г.Холодныйдың зерттеу жұмысының
нәтижесінде колеоптиль ұшында өсуге
өсер ететін зат бар екендігін анықтап, оны
ауксин деп атайды. Ауксиндер тамыр
ұшына да жиналады, ол қышқыл
формуласы — С18Н3205.


Ауксиндер барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы өсімдіктердің
көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда да түзіледі. Кейінгі жылдары зерттеушілер мұнай
құрамынан НРВ — өсімдіктің өсуіне әсер ететін (өсуді 2-3 есе тездететін) физиологиялық
активті қосылыста бөліп алды. Ол мұнай стимуляторы ауыл шаруашылығына ендіріліп,
пайдаланылуда. Күнделікті тіршілік — өмір қазір ғалымдар алдына ауылшаруашылық
өсімдіктерінен мол өнім алу жолдарын іздестіру керек екендігінмақсат етіп қоюда. Ауыл
шаруашылығының тек өсімдіктер саласында ғана емес, сол сияқгы мал шаруашылығында да
өсуді реттеуші заттар кеңінен қолданылуда.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет