Теорем Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші бір түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады. Теорема2



Pdf көрінісі
Дата29.12.2023
өлшемі160.9 Kb.
#488317
1 лекция



 
 
Теорема1. Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші бір түзуге параллель болса
онда бұл екі түзу өзара параллель болады. 
Теорема2. Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде айқыш бұрыштар тең 
болса, онда берілген екі түзу өзара параллель болады. 
Теорема3. Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде сәйкес бұрыштар тең 
болса, онда берілген екі түзу өзара параллель болады. 
Теорема4. Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде тұстас бұрыштардың 
қосындысы 180
0
-қа тең болса, онда берілген екі түзу өзара параллель болады. 
 
Үшбұрыштың теңдік белгілері.
1. Егер бірінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы 
бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен арасындағы 
бұрышқа тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
2. Егер бірінші үшбұрыштың бір қабырғасы және оған іргелес жатқан екі 
бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі 
бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады. 
3. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш 
қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады. 


Кез келген үшбұрышта 
Екі қабырғаның қосындысы үшінші қабырғадан үлкен, ал айырмасы 
үшіншісінен кіші болады. 
Сыртқы бұрыш онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштың қосындысына тең 
болады. 
Ішкі бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең. 
Үлкен қабырғаға қарсы үлкен бұрыш жатады. 
Үлкен бұрышқа қарсы үлкен қабырға жатады. 
 
Теңбүйірлі үшбұрыш 
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады 
Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол үшбұрыш теңбүйірлі 
үшбұрыш болады. 
Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектрисасы 
оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады. 
 Тік бұрышты үшбұрыштың 30º -қа тең бұрышына қарсы жатқан катеті 
гипотенузаның жартысына тең. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет