УДК 616.1-092-056.48:613.24
С.Т. АЛЛИЯРОВА, Қ.С. НҰРЖАНОВА, А.Б. КАРАГИЗОВА
Казахский Национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова
г.Алматы, Казахстан
СЕМІЗДІК -ЖҮРЕК ҚАНТАМЫР АУРУЛАРЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Семіздік — жүрек - қантамыр аурулары қауіпінің ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Семіздік
індетінің кең таралуын әлеуметтік, экономикалық, мәдени және физикалық ортаның өзгеруімен байланыстырады.
Мақалада семіздік пен жүрек - қантамыр аурулары арасындағы байланысты анықтауға бағытталған
зерттеулердің талдауы мен семіздіктен емделу әдістері көрсетіледі.
Түйінді сөздер: семіздік, дененің артық салмағы, профилактика, жүрек қантамыр аурулары, физикалық белсенділік,
емдәм терапиясы, фармакотерапия, емделу.
Өзектілігі.
Семіздік тек қана энергетикалық байланыстың
бұзылуынан ғана емес, генетикалық және неврологиялық
факторлардың әсеріне, эндокриндік жүйе функциясының өзгеруіне, өмір сүру салтына және пациенттің тамақтану
ерекшелігіне байланысты созылмалы полиэтиологиялық ауру болып саналады.
Дүниежүзінде семіздіктің таралуы тек қана дамыған елдер арасында емес, сонымен
қатар дамушы елдерде де
кеңінен таралған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша 2008 жылы 1.46 млрд. 20 жастан жоғары ересек
адамдар артық салмақтан, оның ішінде — 200 млн-нан астамы ер адамдар және 300 млн әйел адамдар семіздік
дертіне шалдыққан.
Сонғы мәліметтер бойынша 1980 -2013 ж.ж аралығында дене массасы индексі 25 кг/м2-тан
жоғары ересек
дамдардың саны артты, 28,8 ден 36,9% – ер адамдар үшін болса, 29,8 ден 38% – әйел адамдар үшін. 1 кестеде дене
массасы индексі бойынша семіздіктің классификациясы және оған қосалқы аурулар қауіпінің деңгейі көрсетілген.
Кесте 1 – Дене салмағы индексі бойынша семіздік классификациясы (ДСҰ 1997)
Дене салмағы типтері
ДСИ
Қосалқы аурулар қауіпі
Дене салмағының жетіспеушілігі
<18,5
Төмен
Қалыпты дене салмағы
18,5-24,9
Қалыпты
Артық дене салмағы
25-29,9
Қалыптыдан жоғары
I деңгейлі семіздік
30,0-34,9
Жоғары
II деңгейлі семіздік
35,0-39,9
Өте жоғары
III деңгейлі семіздік
>40,0
Тым жоғары
Семіздік жүрек - қантамыр ауруларының қауіпті факторларының бірі болып табылады.
Жұқпалы емес созылмалы аурулардан болатын өлім-жітіктің жоғары көрсеткіші, қазіргі қоғам дамуының маңызды
сипаттамасы болып табылады.
Дүние жүзі бойынша өлімнің 68%-ы, жұқпалы емес созылмалы аурулардың үлесіне тиеді, соның ішінде 48%-ын
жүрек - қантамыр аурулары құрайды, Еуропада -87% және 58%, Ресейде 82% және 62% [1] , [2].
Қазақстан Республикасының кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның мәліметтеріне сүйенсек, қан айналым жүйесі
бойынша өлім саны жан түршігерлік дәрежеге жеткен — 100 мың адамға шаққанда 535 жағдай тіркелген.
Респбуликада 2 млн-ға жуық адам, жүрек қантамыр ауруларына байланысты есепте тұр. Бұл экономикалық
белсенді халықтың 12%-ын құрайды.
Осыған байланысты жүрек қантамыр ауруларына әсер ететін факторларды ерте бақылауға көп көңіл бөлуде. Жүрек
қантамыр ауруларының ең маңызды қауіп факторы-бұл семіздік болып саналады.
Семіздікті жүректің ишемиялық ауруларының яғни ағзадағы қан айлалымының бұзылуының мүмкіндіктерінің
жоғары болуымен және жүректен кенет өліп кетуімен байланыстырады [3].
Дененің
артық салмағы және семіздік, жүрек қантамыр ауруларынан басқа, көптеген жұқпалы емес аурулардың
дамуында маңызды рөл атқарады.
Демек, күтілген өмір сүру ұзақтығын қысқартады және өмір сүру
сапасына кері әсерін тигізеді.
Олар қант диабетінің 44%-ына, жүрек қан айналымының 23%-ына және кейбір ісік ауруларының 7-41%
дейін
себепші болады [4].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікіріне сүйенсек, семіздіктің кең етек алуын, әлеуметтік,
экономикалық, мәдени және физикалық өмір сүру ортасының өзгерістерін есепке
алмай тек қана белгілі
адамдардың белгілі бір тұқымқуалаушылық бейімділігіне байланысты түсіндіру мүмкін емес [5]. Ең бастысы, бұл
дұрыс тамақтанбау және аз қимыл салдарына байланысты.
Адамдар арасындағы физикалық белсенділіктің төмендеуі және тамақтану тәртібінің өзгеруі, яғни калориясы көп,
бірақ сіңімділігі аз өнімдерд мен сусындарды қолдану, жеміс-жидектер мен көкөністерді
жеткілікті деңгейде
қолданбаудан кейін шығатын энергетикалық дисбаланс мәселесі болып тұр.