ТҰЛҒАНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ
ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ
КОММУНИКАЦИЯ МОДЕЛЬДЕРІ
Әлеуметтану мамандығы
Ортақтасу барысында адамдар әртүрлі идеялармен, көңіл-
күйлермен, сезімдермен, қызығушылықтармен алмасып
тұрады. Осының барлығын ақпарат деп қарауға болады. Бірақ
адамдар арасындағы алмасуды техникалық құралдардың
ақпарат алмасуымен шатастырмау керек. Тұлғааралық
коммуникацияның өзгешеліктері: кері байланыс,
коммуникациялық кедергілер, коммуникациялық ықпал,
сөздік және бейсөздік деңгей.
Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс
Ортақтасу барысында ақпарат бір адамнан (коммуникатор
ақпарат беруші) екінші адамға (реципиент ақпарат алушы) тек
беріліп-алынбайды, алмасады. Сондықтан, ортақтасудағы
ақпарат алысу - тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бұл
процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің
жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен
келісімге келу.
Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық ортақтасу барысында
кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні:
тұлғааралық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе
көбейеді, коммуникатордан реципиентке өткен ақпараттың
iшкі мағынасымен катар реципиент коммуникатордың
ақпаратына, оның тәртібіне қалай қарайтыны, қалай
бағалайтыны жөнінде мәліметтер беріледі.
ОРТАҚТАСУ
Кері байланыс дегеніміз коммуникатордың әрекетіне реципиенттің
реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты
ортақтасу серігіне оның мінез-құлықтары өзгелер жағынан қалай
қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.
Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс
кезінде реципиенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде
көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер "Сен айтып тұрған нәрсе
маған ұнамайды”, “Не деп тұрсың, түк те түсінбей жатырмын". Не
болмаса, тікелей куаныш, ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін
ымишаралар. Тікелей кері байланыс реципиентті коммуникатор
түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және
нәтижелі етеді.
Кері байланыстың жанама түрі психологиялық ақпаратты ортақтасу
серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі
риторикалык сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық
реакциялар пайдаланылады.
Коммуникатор
реципиенттің өзіне қарасты осері, қатынасының шынайы сипаты
туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен
пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен ортақтасу барысы да,
ақпарат алысу да белгілі дәрежеде күрделене түседі.
ОРТАҚТАСУ
Ортақтасудың
құрылымы:
Коммуникация
Перцепция
Интеракция
Достарыңызбен бөлісу: |