Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы
Пәні: Саясаттану
БӨЖ
Тақырыбы: Саяси қатынастар мен процестер.
Орындаған: Максум Ұлжалғас
Қабылдаған: Асильбекова
Балжан
Тобы: ФАТ-212А
Түркістан – 2024
І.Кіріспе.
Саяси шындық аса күрделі, көп жақты және көп қырлы құбылыс. Бүгінгі саяси
шындық өткен саяси шындықтың заңды жалғасы. Ол болашаққа ұласады.
Демек, саяси тарих пен бүгінгі саяси шындық және болашақ өзара тәуелді
диалектикалық байланыста. Сонымен бірге саясаттану пәні қазіргі саяси өмірді
осындай байланыстылық тұрғысынан зерттейді.
Қоғамның саяси өмірін
жасайтын және саяси қатынастарды қозғалысқа келтіретін негізгі құбылыстар:
саясат, билік, және мемлекет. Саяси өмірдің осы үш шешуші қозғаушы
күштерінің ықпалдастық қызметі нәтижесінде саясат шындыққа айналады.
Саяси өмірдің басқа сегменттері
мен механизмдері саясат, билік, мемлекетпен
қатынас
жасау
барысында
қозғалысқа
түсіп
отырады.
Өркениетті
демократиялық мемлекеттердің негізгі ерекшелігі сол ел халқының мүддесін
кӛздейтін заңдардың саясат пен мемлекеттік билікті
реттеп немесе шектеп
отыруы. Қазақстан Республикасының мақсаты да заңға бағынатын өркениетті,
экономикасы ел
халқына қызмет ететін, демократиялық принциптерді
ұстанатын мемлекет орнату. Транзитті қоғам
жағдайында Қазақстан бұл
стратегиялық міндетті шешуде біршама табыстарға қол жеткізді. Шешілмеген
міндеттер мен мәселелер де баршылық.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған
оқу құралында жоғарыда
айтылған мәселелер қозғалады. Саясаттану пәнінің бүгінгі саяси қатынастарды
зерттеудегі
орны мен рөлі талқыланып, оның қоғамдық-саяси ғылымдар
жүйесіндегі маңызы көрсетіледі. Мемлекеттік биліктің қуаты мен беделі тиімді
де, күшті саясат жүргізуге қабілеттілігіне байланысты.
Сол себепті оқу
құралында қазіргі Қазақстан қоғамы үшін тиімді саясат жүргізудің негізгі
бағыттары мен жолдары қандай болуы керек деген сұраққа жауап ізделеді.
Саясаттану пәнінің негізгі мәселесінің бірі – билік.
Өркениетті қоғам құрудың
стратегиялық міндеттерін шешуде Қазақстан Республикасында билік жүйесі,
демократиялық биліктің табиғаты қандай болуы керек, - деген өзекті мәселелер
төңірегінде де ой қозғалған.