Реферат тақырыбы: Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар болашақ бағдарламасы



Pdf көрінісі
Дата28.05.2024
өлшемі166.52 Kb.
#501990
түріРеферат
Абдиманапов Әлихан 15 СӨЖ



 
Алматы Технологиялық Университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
РЕФЕРАТ 
Тақырыбы: Білім және ғылым жүйелеріндегі 
реформалар болашақ бағдарламасы 
 
 
 
Тобы: ВТиПО 23-13
Орындаған: Рустам С 
Қабылдаған: Маликов Б. 
 
 
 
Алматы, 2024 жыл 


Халықаралық «Болашақ» степендиясы 1993 жылдың 5-қарашадағы 
Қазақстан Республикасының (ҚР) Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаевтың № 1394 Қаулысымен кадрлар мен мамандар даярлау үшін 
құрылған. Республика азаматтарының әлемнің алдыңғы қатарлы оқу 
орындарында күндізгі бөлімде магистратура, докторантура (PhD), 
медициналық ғылым кандидаты, клиникалық ординатурада оқу, резидентура 
білімін шыңдауға немесе шетелдік мекемелерде іс-тәжірибеден өтіп біліктілік 
арттыруға мол мүмкіндік береді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі 
республикалық комиссияның оң қорытындысына ие болған үміткерлер ғана 
стедения иегері атанады (ҚР Электрондық үкіметі, 2021). Н.Назарбаев өзінің 
әрбір Халыққа Жолдауы мен мақалаларында білімнің жекелеген адамдар мен 
мемлекет өміріндегі орнының ерекше екенін айтады, соған байланысты 
көптеген мемлекеттік бағдарламалар да қабылданған. Елбасы «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мемлекеттің табысты да, бәсекеле 
қабілетті болуы азаматтарының білімді болуымен байланысты екенін айтқан 
еді. 
Осыған байланысты әлемдік озық университеттердің білім берудегі 
озықтығын үйрену мақсатында ең алғаш рет 1994 жылы «Болашақпен» АҚШ, 
Ұлыбританияға, Германия және Франция секілді елдерге Қазақстанның 187 
студенті білім алуға жіберілген. Жыл өткен сайын «Болашақ» 
бағдарламасының ауқымы мен үміткерлер саны артып, қызметі жалғасып 
келеді. «Болашақ» 
бағдарламасының 
көп 
жақсылықтарының бірі 
қазақстандық 
университеттердің 
шетелдік 
оқу 
орындарымен 
ынтымақтастықтары артуы мен дамуына өз пайдасын тигізді (Н.Назарбаев, 
«Тәуелсіздік дәуірі» 82-83 б., 2017). 
Қазіргі таңда «Болашақ» түлектері Президент аппаратынан бастап, 
барлық маңызды мекемелер мен ұлттық компанияларда Қазақстанды заман 
талабына сай дамытуға табысты қызмет етіп жүр. «Болашақ» түлегі оқуының 
бітіріп, Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент 
қалаларында 5 жыл немесе басқа облыс, қалаларда – 3 жыл немесе білім 
саласында – 2 жыл мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс істеуі 
керек. Бағдарлама түлектерінің 99,1 пайызы жұмысқа орналасқан (Kursiv.kz, 
2019b). 
Жалпы «Болашақ» бағдарламасымен 1994-2020 жылдар аралығында 14 
156 стипендия берілсе, оның 785-і 1994-2004 жылдар аралығында, ал 2005-
2020 жылдарда 13 371 стипендия тағайындалған. Сол 13 371 стипендияның 
3379-ы – бакалавриат, 7379 – магистратура, 35 – аспирантура, 87 – клиникалық 
ординатура, 366 – докторантура, 2125 – тағылымдама бағдарламасы бойынша 
білім алуға бөлінген. «Болашақ» стипендиясының иегерлері мына елдерді 
таңдайды: Ұлыбритания мен Ирландия – 45,5%, АҚШ пен Канада – 26%, 


Еуропа елдері – 12,9%, Азия елдері – 8% және степендияттардың 7,6% үлесі 
Ресейде оқуды таңдаған. Бұған қоса, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде 
білім алған 11 121 маманның 54,8%-ы гуманитарлық, 36,2%-ы техникалық, 
7,2%-ы медициналық және 1,8%-ы шығармашылық мамандық иегерлері екен 
(Azattyq-ruhy.kz, 2021). 
«Болашақ» 
бағдарламасы 
елдің 
дамуымен 
стратегиялық 
басымдықтарына сай өзгертіліп, талаптары күшейтіліп отырды. Мәселен, 
2008-2010 жылдары шетелдік университтерде оқумен қатар, шетелдік 
мекемелерде тәжирбеден өту бойынша «Тағылымдама бағдарламалары» 
құрылды. 2014 жылынан бастап «6+6» форматы бойынша тілдік дайындық 
талабы енгізілумен қатар, IELTS талаптары да 3.0-ден 5.0-ге дейін 
арттырылды. Әлемнің 100 үздік ЖОО-да оқыту және Ғылыми кадрларды 
даярлаудың жаңа жүйесі Split PhD-ды іске қосылды. Ал, 2017-2018 оқу 
жылынан бастап дипломдағы бітіру орташа бал ережесі GPA 3.0-тен 3.3-ке 
дайын көбейтіліп, IELTS бойынша да талап 5.0-ден 5.5-ке дайын ұлғайтылды. 
2019-2020 оқу жылынан бастап «Болашақ» үміткерлеріне жас шектеулері 
алынып тасталды («Болашақ» халықаралық степендиясы, 2021). «Болашақ» 
бағдарламасын ҚР Мемлекеттік хатшысы басшылық ететін «Шетелдерде 
мамандар дайындау бойынша республикалық комиссиясының» оң шешімін 
алған үміткерлер ғана иелене алады («Егемен Қазақстан» газеті, 2019a). 
Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен 
«Болашақ» жұмысын жүргізу және басқару бойынша «Халықаралық 
бағдарламалар орталығы» (ХБО) акционерлік қоғамы (АҚ) құрылды. ХБО 
шетелге оқуға жіберуге тапсырыс беруші ретінде шетелдік университет және 
студентпен арада үшжақты келісімшарт жасайды. Әлемдік рейтингін жиі жиі 
жаңалап, үміткерлерге ақпараттық мәліметтер беріп отырады. ХБО стипендия 
бөлумен айналыспайды, бірақ бөлінген стедендиямен студент, олардың оқып 
жатқан университтері арасындағы әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстарына 
жауапты («Болашақ» халықаралық степендиясы, 2021a). 2008-2010 жылдары 
арасында Болашақ бағдарламасына ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, 
ғылыми-педагог қызметкерлері үшін жеңілдік санаттары, 12 айға дейін 
ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін шетелде ғылыми 
тағылымдамалар бағдарламалары енгізілді. 2008 жылдан бастап ауыл жастары 
мен мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің 
бағдарлама арқылы алдын-ала ағылшын тілін жетілдіріп, білім алу мен 
тәжірибеден өту мүмкіндігі жасалды. 2011 жылдан бастап бакалавриат 
бойынша «Болашақпен» білім алу бағдарлама талаптарынан шығарылды 
(Kursiv.kz, 2019b). 
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен «Болашақ» 
стипендиясын тағайындау бойынша күрделі өзгерістер жасалды. Үміткерлерді 


ұсыныс және негіздеме хаттары арқылы бағалау сондай-ақ, мемлекеттік тіл 
мен шет тілді білу деңгейін анықтау тесті алынып тасталды. Қазіргі негізгі 3 
кезең олар: кешенді тестілеу, тәуелсіз комиссиямен сұхбат және қорытынды 
кезең. Нәтиже – Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық 
комиссиясының отырысынан кейін белгілі болады. Тағы бір өзгеріс, 2020 
жылдан бастап құжат тапсыру толықтай онлайн форматқа өтті. 2019 жылға 
дейін 7 санат: мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық, медиа, 
мәдениет-спорт, медицина-денсаулық сақтау, инженерлік-техникалық 
бағыттағы үміткерлерге тілдік курстары тілдік курс бойынша жеңілдетілген 
квота берілетін. Өзгерістен кейін тек ауылдық үміткерлердің ғана тілдік курс 
жеңілдігін пайдалана алатын болды. Үміткерлер 2008-2012 жылдарында 1,5 
жылға дейін, ал 2012-2019 жылдарында 1 жылға дейін шет тіленен дайындық 
курстарынан өтетін еді. 
«Болашақ» степендиясына үміткерлері ҚР Білім және ғылым 
министрлігі бекіткен әлемдік университеттердің тізіміндегі бір университетті 
таңдау қажет. 2020 жылы «Болашақ» бағдарламасымен студенттер әлемнің 23 
еліндегі 138 университетке білім алулары қарастырылған еді. Ал, 2021 
жылдың 30-сәуірдегі Білім және ғылым министрлігі жиналысынан кейін 2021 
жылдан бастап, әлемдік университеттер тізімін 1-ден 3 жылға бірақ жасады. 
Жаңартылған тізім бойынша, 2021-2023 жылдарында қазақстандықтар 
әлемнің 27 елінен 207 университетінде білім алатын болады. Шетелдік 
университттерді таңдауда кезінде QS World University Rankings, Academic 
Ranking of World Universities, Times Higher Education» секілді үш халықаралық 
академиялық рейтингінің ең кемі екеуінің топ-250 енген университеттер 
іріктеліп алынады (ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2021). 
Ковид-19 пандемиясына байланысты 2021 жылдың 28 қаңтарындағы 
мәлімет бойынша Австралия, ҚХР, Швейцария, Оңтүстік Корея мен 
Жапонияда оқу үшін студенттік визаларды беру тоқтатылды. ХБО-ның 2021 
жылдың 12-наурыздағы дерегінде, пандемиясына байланысты 75 студент 
онлайн және 610 стипендиат шетелде білім алып жатыр екен Бағдарламаның 
негізгі талаптарының біріне жетекші университеттің филиалдарында емес, 
шетелдік университеттің бас корпусында білім талап етіледі. Соңғы 
уақыттары да Қазақстанда әлемдік университтердің филлиалдары ашылып 
жатыр. Тек ағылшын тілінде білім беретін Де Монфорт (Лестер) британ 
университетіның филиалы 2021 жылы Алматыда ашылу жоспарлануда. Бұл 
үдерістің «Болашақ» квотасының азаюы мен көбейуіне еш әсері жоқ. 
Степендианттың қай елде, қандай мамандықпен қай университетте оқуды өзі 
таңдайды. 
Бағдарламаның кейбір талаптарына саралар болсақ, магистратура 
бойынша білімін аяқтаған тұлға қайтадан «Болашақ» арқылы докторантураға 


оқуға әрекеттене алмайды. Тиісті мерзім бойынша қызмет ету керек. Оқуды 
аяқтағаннан кейін шетелде қалып жұмыс істей алмайды. Шетелде жұмыс 
істеуге болатын жалғыз мекеме Қазақстан шетелдегі дипломатиялық 
органдары. «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түскен студент қажетті 
талаптарға сай келсе басқа елге, басқа университетке ауысып, білімін 
жалғастыруға мүмкіндік берілген. Ең басты талап, ауысатын университет 
жетекші университет болуы керек және оның шақыртуы негізінде студенттің 
оқу үлгерімі қажетті нормаларға сай келуі қажет (Sputnik.kz, 2021, Kursiv.kz, 
2021a). Дамыған елдердің үлгісінде құрылғанына 28 жыл болған «Болашақ» 
бұл бағдарламаның әлемде концептуалдық жақтан баламасы жоқ. 
Студенттерді толықтай қаржыландыру бойынша «Болашақ» 2014 жылы 
АҚШ-та өткен Going Global VIII халықаралық конференциясында Британдық 
Кеңес 
пен 
Герман 
академиялық 
алмасулар 
қызметінің 
зерттеу 
қорытындысында ұқсас 11 бағдарламаның арасында іріктеу барысының толық 
ұйымдастырылуы, еңбек нарығындағы сұранысқа сай жасалған мамандықтар 
бағыты және ЖОО тізімі санаттары бойынша «Болашақты» үздік 
стипендиялық бағдарлама анықтаған («Егемен Қазақстан» газеті, 2021b). 
Қорытындылай келе, «Болашақ» бағдарламасы шын мәнінде 
Қазақстанның болашағына үлкен оң өзгерістер әкелетін бағдарлама бола білді. 
Тәуелсіз Қазақстанның он мыңдаған азаматтары дамыған, алдыңғы қатарлы 
елдердің білімін үйренумен қатар қоғамдық озық тәжірбесімен жақын 
танысып, талдау жасау, салыстыру ұғымдарын жұмыс барысында қолданумен 
қатар, елдің даму қарқынының артуы мен жандануында мол үлестерін қосып 
келеді. «Ең үлкен инвестиция білімге салынған қаржы қағидасына сай, бұдан 
28 жыл бұрын қолға алынған бағдарлама бүгінде өзінің жақсы нәтижелерін 
беріп келеді. Қазіргі Қазақстанның басқарушылары арасында көп деген 
министрлер, әкімдер, ұлттық компанияның топ-менеджерлер Болашақтың 
түлектері. Болашақ бағдарламасы тәуелсіздік алған Қазақстанның қоғамына 
үлкен серпіліс пен жаңашылдық алып келді. Шетелде оқуға ниетті жастар 
қатары артты. Ағылшан тілін білуге деген сұраныс қалыптасты. Елдің түрлі 
саласындағы даму үдерісі барысында «Болашақ» бағдарламасының 
түлектерінің үлесінің алдағы жылдарда да жалғаса беретіні айқын байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет