Кәсіптік тесттер
сілтілік үйлесімділігіне
қалай әсер етеді
1. сілекейдің қатты ағуы
2. шайнау
3. тағамды аз мөлшерде жұту
4. тағамды көп мөлшерде жұту
5. салынбалы протезді қолдану
6. ауызды күнделікті тазалау
7. ауыздың құрғауы
8. тағаммен қантты пайдалану
9. тіс жұғындысы
10. тіс тастары
11. тіл жұғындысы
12. қызыл иек сұйықтығы
А) алкалоз жағына ығыстырады
В) ацидоз жағына ығыстырады
2. Ауыз қуысының қышқылдық-сілтілік үйлесімділігінің физиологиялық өзгерістеріне тән (3)
-
Гомеостаздан ауытқиды
-
Гомеостаздан ауытқымайды
-
Ауыз қуысындағы физиологиялық үрдістерді бұзады
-
Ауыз қуысындағы физиологиялық үрдістерді өзгертпейді
-
Ауыз қуысының құрылымы мен қызметінің бұзылыстарын шақырады
-
Ауыз қуысының құрылымы мен қызметінің бұзылыстарын тудырмайды
3. Сілекейдің минералдаушы қасиеті ауыз қуысының рН-ына бағынышты ма (1)
-
иә
-
жоқ
4. Сілекейдің әсерінен тіс жұғындысында Стефан графигі қалай өзгереді (2)
-
рН төмендеуі аз мөлшерде
-
рН төмендеуі айқын
-
рН төмендеуі аз уақытқа созылады
-
рН төмендеуі ұзаққа созылады
5. Сахарозаның тіс жұғындысына ацидо-гендігін қамтамасыз ететін жайттар (3)
-
оның тіс жұғындысы микрофлорасымен тез ыдыратылуы
-
оның тіс жұғындысы микрофлорасымен баяу ыдыратылуы
-
тіс жұғындысы көбеюін күшейтуі
-
тіс жұғындысы дамуын тежеуі
-
тіс жұғындысында полисахаридтер түзілуін күшейтуі
-
тіс жұғындысында полисахаридтер түзілуін тежеуі
6. Қызыл иек сұйықтығында рН мәнінің жоғарылауын қамтамасыз ететін жайт (2)
-
зәрнәсіл
-
аммиак
-
глюкоза
-
калий
-
сахароза
7. Ауыз қуысында қышқылдық-сілітілік үйлесімді реттеуге қатысатын буферлік жүйелер (3)
-
бикарбонаттық
-
фосфаттық
-
гемоглобиндік
-
нәруыздық
8. Ауыз қуысында 1. ацидоз 2. алкалоз дамытатыны:
-
Гипосаливация
-
Түнгі ұйқы
-
Тісті күнделікті тазаламау
-
Сілекейдің қатты бөлінуі
-
Тағамды аз мөлшермен жұту
-
Ксеростомия
9. Қызбаның бірінші сатысында ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады: (3)
A) сілекей мөлшерінің артуы
B) сілекей мөлшері өзгермейді
C) ауыз қуысының құрғауы
D) рН-ң қышқылдық жаққа ығысуы
E) сөйлеудің және тамақты жұтудың қиындауы
F) катаралды глоссит және стоматиттің көріністері
G) шырышты қабықтың жарылулары, жаралары және гиперемиясы
I) ауыз қуысының ылғалдылығы орташа дәрежеде
J) сілекей мөлшерінің төмендеуі
10. Қызба кезінде ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады (3)
A) тіс тастарының түзілуі
B) тістің өңезденуі
C) ауызда шірікті иістің пайда болуы
D) рН-ң сілтілік жаққа ығысуы
E) рН-ң қышқылдық жаққа ығысуы
11. Тіс-жақ аймағы тіндерінің қабынуының мысалы бола алады (1)
A) дерттік серпіліс
B) дерттік жағдай
C) аурулар
D) дерттік үрдіс
E) аурудың басталуы
12. Тіс-жақ аймағы тіндерінде қабынудың дамуына әсер етеді (3)
A) иммундық тапшылық
B) лейкопениялар
C) тіс-қызылиек жүлгелерінің өзгерістері
D) ауыз қуысының тазалығы
E) организм резистенттілігінің жоғарылауы
F)ауыз қуысында әлсіз сілтілі рН-ң болуы
13. Тіс-жақ аймағы тіндерінің жіті қабынуы сипатталады (4)
A) гипоергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы
B) гиперергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы
C) тұйықталған аймақта шектелуімен
D) қабыну үрдісінің шектелуімен
E) қабыну ошағынан метаболиттердің белсенді түрде сорылуымен
F) мыйдың жақын орналасуына байланысты асқынулар даму қауіпімен
14. Жіті пульпиттер мен периодонтиттерге тән (1)
A) нейтрофилді лейкоцитоз және ЭТЖ-ң артуы
B лейкопениясыз ЭТЖ-ң артуы
C) агранулоцитоз және ЭТЖ-ң төмендеуі
D лейкоцитозсыз ЭТЖ-ң артуы
E) лимфоцитоз және ЭТЖ-ң артуы
15. Тіс-жақ аймағы тіндерінің сүлде қабынуы сипатталады (3)
A) ағымының қысқалығымен
B) ұзаққа созылуымен
C) нейтрофилді лейкоцитоз дамуымен
D) мононуклеарлы сіңбелердің дамуымен
E) дәнекер тіннің пролиферациясымен
F) тіндердің айқын альтерациясымен
16. Сілекей бездерінің аталған қызметтерінің ең маңыздысы (1)
-
Асқорытулық
-
Реттеуші
-
Инкреторлық
-
Экскреторлық
-
Реминералдаушы
17. 1- көмірсулар 2-нәруыздар 3- майларды ыдыратуға қабілеті бар сілекей ферменттері
-
Мальтаза
-
Амилаза
-
Саливаин
-
Гландулаин
-
Кaлликреин
-
Эстеропротеаза
-
Липаза
-
Эстераза
18. Тіс кіреукесіне Са2+ және РО43- иондарының түсуіне қолайлы рН мөлшерін көрсетіңіз (1)
-
5-6
-
7-8
-
10-12
-
3-4
-
8-9
19. Қандай жасушалар S-IgA-ның негізгі көзі болып табылады(1)
-
Бездің соңғы бөлімдерінің сөлденістік жасушалары
-
Шығаратын өзектердің эпителиалды жасушалары
-
Қосымша өзектердің жасушалары
-
Ацинарлық жасушалар
-
Өзектік жасушалар
20. Организмнен сілекеймен шығарылатын зат алмасу өнімдері (4)
-
Аммиак
-
Зәрнәсіл
-
Креатинин
-
Кетон денелері
-
Глюкоза
-
Май қышқылдары
21. Ксеростомия кезінде немесе тісті өткізбейтін материалмен жапқанда тіс кіреукесінде қандай өзгерістер болады (1)
-
Тіс кіреукесінде тас түзілуінің жоғарылауы
-
Кіреукенің гиперминерализациясы
-
Деминерализациядан кейін байқалатын тіс жегісі
-
Кіреукенің гипоплазиясы
-
Кіреукенің гиперплазиясы
22. рН-ң қандай көрсеткішінде сілекей гидроксиапатитпен қанығады (2)
-
6,0-6,3
-
6,3-7,2
-
6,0
-
7,2-7,36
-
7,4
23. Сиалоаденитке бейімдейтін жайттарды көрсетіңіз
1-Жалпы (5)
2-Жергілікті(3)
-
Иммундық тапшылықтар
-
Стресс
-
Сілекей өзегінің бітелуі
-
Сілейме
-
Өзектің тарылуы
-
Сілекей безінің жарақаты
-
АІЖ аурулары
-
Гипосаливация
24. Сілекей бездері семуі патогенезіндегі негізгі тізбектерінің дұрыс бірізділігін көрсетіңіз
-
Шығару өзектерінің бітелуі
-
Жасушалардың семуі
-
Жасушалардың дистрофиясы
-
ацинарлы жасушалардың сөлмен толып кетуі
25. Сәйкестікті табыңыз
1. Сиалоз
|
A) Сілекей бездерінің реактивті-дистрофиялық өзгерістері
|
2. Сиалоаденит
|
B) Сілекей бездерінің
қабынуы
|
3. Сиалостаз
|
C) Сілекей бездерінен сөл бөлінуінің тоқтауы
|
26. Апластикалық анемия кезінде қызылиек қанағыштығын шақырады (1)
-
эритроциттер санының азаюы
-
лейкоциттер санының азаюы
-
тромбоциттер санының азаюы
-
гемоглобин мөлшерінің азаюы
-
ЭТЖ жоғарылауы
27. Вазопатия кезіндегі ауыз қуысынан қан кетудің патогенезінде маңызы бар (4)
-
қан тамыр қабырғасының тіректік мембранасы құрылымының өзгерісі
-
ангиоэктазияның түзілуі
-
қан тамыр қабырғасының тіректік мембранасында коллаген мен басқа да нәруыздардың түзілуінің бұзылысы
-
эндотелидің иммундық кешендермен және токсиндермен зақымдалуы
-
қан ұйындысының тығыздалуының бұзылысы
28. Иценко-Кушинг ауруына тән (4)
A) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының екіжақты гиперплазиясы
B) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында андрогендердің түзілуінің жоғарылауы
C) сүйек тінінің остеопорозы, көптеген тіс жегісі
D) бүйрек үсті безі қыртысты қабатының біржақты гиперплазиясы
E) бетте, кеуде қуысының жоғары бөлігінде және іште майдың жиналуы
29. Аддисон ауруына тән (4)
A) қызылиек және тілдің шырышты қабығы және терінің нілденуінің жоғарылауы
B) гипонатриемия, гиперкалиемия
C) гипернатриемия, гипокалиемия
D) артериалық гипотензия
E) бұлшықеттің үдемелі әлсіздігі
30. Гипертиреоздың негізгі көріністері болып табылады (9)
-
Негізгі зат алмасудың жоғарылауы
-
Дәм сезудің төмендеуі
-
Дене қызымының жоғарылауы
-
брадикардия
-
гиперхолестеринемия
-
тахикардия
-
қалқанша безінің ұлғаюы
-
тістердің тіс жегімен 100% зақымдануы
-
тершеңдік
-
ашушаңдық, саусақтардың дірілі
-
артериалдық гипертензия
31. Тиреоидты гормонның тапшылығының салдары (4)
-
жүрек бұлшықетінің интерстициальды ісінуі
-
дисметаболизмдік кардиомиопатия
-
тахикардия
-
макроглоссия
-
ҚМК төмендеуі
2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР*
№ 1 . Егеуқұйрықты барокамераға орналастырып үш минөт аралығында ауаны барометрлік қысымның 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Төменгі барометрлік қысым жағдайында болған жануарда 4 минөт өткен соң клоникалық - тоникалық селкілдек пайда болады. 5 минөттен кейін ақтық тыныс (сирек терең дем алу) пайда болады және бір бүйірімен қисайып жатады. Кейін тыныс алуы толығынан тоқтайды. Төменгі барометрлік қысым жағдайында (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап) өмір сүру уақытының ұзақтығы 6 минөтті құрады.
-
Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне шалдықты?
-
Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?
-
Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге борлады?
-
Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ көрсеткіштерінде және қанның газдық құрамында қандай өзгерістер дамиды?
№ 2. Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: №1 егеуқұйрықты су температурасы 10 °С аквариумға отырғызды. 5 мин. соң жануарды шығарып, барокамераға бақылау жануарымен (№2) және барокамераға дейін 10 минөт бұрын дене салмағына 2,5 мг/кг психостимулятор-фенамин ерітіндісі енгізілген егеуқұрықпен (№3) бірге отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауаны 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Тіршілік ұзақтығы (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап тыныс алуы тоқтағанға дейінгі уақыт) №1 егеуқұрықта -15 мин., №2 – 7 мин., №3 – 4 минутты құрады.
1. Гипотермия мен психостимулятор-фенамин гипоксияға төзімділікке әсер етеді ме? Бұл факторларды патофизиология терминдерінде қалай аталады?
2. Гипотермия мен психостимулятор-фенамин жануардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етті?
3. Гипобариялық гипоксияға организмнің төзімділігін төмендететін нжәне арттыратын басқа факторларды мысалға келтір.
№3. 10 000 м биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөндтің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.
-
Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қатер төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?
-
бұл дерттік үрдістердің туындауы мен дамуының себептері қандай?
-
Аталған үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?
№4 . 1946 ж. зерттеушілер Хаустон мен Рилей (АҚШ) барокамерада «Эверест операциясы» тәжірибесін жүргізді. Тәжірибеге жастары 19-27 жас аралығындағы төрс ер адам қатысты. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы – 35 тәулік, оның 32 күнін зерттеушілер барокамерада өткізді. Барометрлік қысым біртіндеп таудағы биіктікті сипаттай отырып, алдымен күніне 600 м-ден 2400 метрге дейін, кейін күніне 300 м-ден 6000м биіктікке дейін, ең соңында күніне 150м-ден төмендетілді. 27-тәулікте зерттелушілер 6850м биіктікке жетті және бірнеше күн бойы осы биіктікте қалды, содан соң шың «штурмы» жасалынды, яғни барокамерадағы қысым 235 мм.с.б. дейін төмендетілді – бұл Эверест шыңындағы шама еді.
Алты сағаттық «штурмда» екі зерттелушіге оттегі беруге тура келді, ал екеуі өздігінен «шыңға шығып» және сол жерде жарты сағат болды.
-
Тәжірибе жағдайларының қайсысы зерттелушілерде гипоксиялық әсерге жоғары төзімділікті қамтамасыз етті?
-
Зерттелушілердің гипоксиялық әсерге қалыптасқан төзімділігінің әсерін қалай атауға болады және оның түзілу негізі неде?
-
Аталған тәжірибелік жағдайларда организмнің гипоксиялық жайтқа төзімділігін арттырудың тетіктері қандай?
-
Не себепті тәжірибенің бірдей жағдайларында зерттелушілердің гипоксиялық жайтқа зерттелушілер организмінің бейімделу дәрежесі бірдей болмады?
№ 5. Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабарлады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..
1. Орақ тәрізді жасушалы анемияның тұқым қуалау түрі қандай?
2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?
3. Аталған дертте қандай нәруыз ақаулы генмен көшіріліп отыр?
4. Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?
5. Қандай жағдайда бұл аурудың ағымының ауырлығы өмірге қауіпті болмақ?
№ 6. Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).
-
Бала қандай аурумен ауырады?
-
Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?
-
Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?
№ 7. Тұрғындарды жаппай тексеру кезінде жыныстық хромосомаларында өзгерістері бар адамдар анықталды. Геномындағы ауытқуларына байланысты келесі топтар бөлінді: 1 топ — XXY; 2 топ — XXXY; 3 топ — 0X; 4 топ — XXX; 5 топ — XXXX.
-
Тексерілген адамдардың геномындағы өзгерістер қандай синдромдардың дамығандығын көрсетеді?
-
Әрбір топ науқастарының жыныстық хроматинінде қанша денешіктер бар?
-
Жыныстық хроматин нені көрсетеді, ол организмнің қай қасиетін анықтайды?
-
Геномдағы бұндай өзгерістердің мүмкіндік себептері мен даму тетіктері қандай?
№ 8. 28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесінің соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тарылған, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..
1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?
2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?
3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?
4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?
№ 9. Токсикологиялық лабораторияда улы заттың жасушалық әсері зерттелді. Затты қалыпты эпителий жасушаларының монокультурасына енгізді. Жасуша зақымдануының белгілері әрбір 30 минут сайын 3 сағат бойы бағаланды. 3 сағаттан соң 80 пайыз жасушаның өлгендігі анықталды.
1. Эпителий жасушаларының қайтымды бүліністерін бағалау үшін қандай морфологиялық және биохимиялық критерийлер қажет?
№ 10. Токсикологиялық лабораторияда улы заттың жасушалық әсері зерттелді. Затты қалыпты эпителий жасушаларының монокультурасына енгізді. Жасуша зақымдануының белгілері әрбір 30 минут сайын 3 сағат бойы бағаланды. 3 сағаттан соң 80 пайыз жасушаның өлгендігі анықталды.
1. Эпителий жасушаларының қайтымсыз бүліністерін бағалау үшін қандай морфологиялық және биохимиялық критерийлер қажет?
№ 11. Тышқандарда гемолиздік анемияны үлгілеу үшін фенилгидразин енгізілді. Фенилгдразинді енгізгеннен жарты сағат өткеннен кейін жануардың қанында эритроциттердің азайғаны, бос гемоглобин және метгемоглобин анықталды.
1. Фенилгидразин әсерінен эритроциттер мембранасы зақымдануының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.
№ 12. Ауруға натрий бикарбонат ертіндісін тамыр ішіне енгізді. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,42
рСО2 40,5 мм с. б.
SB 28,0 ммоль/л
АВ 31,0 ммоль/л
ВЕ +6,5 ммоль/л
№ 13. Науқастың бас миы шайқалған, толастамайтын құсу мен ентік байқалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,56
рСО2 26 мм с. б.
SB 24,0 ммоль/л
АВ 17,0 ммоль/л
ВЕ 4,0 ммоль/л
№ 14. Науқаста диффузды гломерулонефрит. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,23
рСО2 34 мм рт. ст.
SB 16,0 ммоль/л
АВ 13,0 ммоль/л
ВЕ - 11,0 ммоль/л
Несептегі ТҚ: 8 мл сілті
Несептегі аммиак: 8 ммоль/л
№ 15. Науқас кома жағдайында. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,17
рСО2 50 мм с. б.
SB 15,5 ммоль/л
АВ 38,0 ммоль/л
ВЕ -13,0 ммоль/л
№ 16. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.
рН 7,42
рСО2 30 мм с. б.
SB 20,5 ммоль/л
АВ 18,0 ммоль/л
ВЕ -4,0 ммоль/л
№ 17. Ауруға жасанды өкпе вентиляциясын қолдану арқылы операция жасалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,24
рСО2 69 мм с. б.
SB 18,5 ммоль/л
АВ 28,0 ммоль/л
ВЕ -8,0 ммоль/л
№ 18. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 15 көлемдік %, веналық қанда 10 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 74 %, венада 48%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 19. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 20. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 21. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %.
Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 22. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.
Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:
рН
|
7,32
|
раО2
|
71 мм с.б.
|
раСО2
|
52 мм с.б.
|
рvО2
|
47 мм с.б.
|
SВ
|
18,6 ммоль/л
|
МК
|
26 мг%
|
ВЕ
|
–5 ммоль/л
|
|
|
Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо және диспротеинемия; эритроцитоз.
1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.
2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?
3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?
4. Ісінулерді жою үшін қандай емдеу жүргізу керек?
№ 23. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?
3. Бұл кезде раО2, раСО2, рvO2, рvCO2, SaO2, SvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.
4. Науқаста гипоксияның мүмкін болатын жедел теңгерілу тетіктері қандай?
№ 24. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.
-
Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.
-
Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?
№ 25. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».
-
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?
-
Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?
-
Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?
-
Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
№ 26. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені және қол басы ұстағанда салқындығы анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық тексергенде вена тамырларының кеңейгені, қанағымының баяулағаны көрінеді.
-
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуғаболады?
-
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің патогенезі қандай?
№ 27.Балтырында флегмонасы бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 минөттен соң мазасыздық, қорқу сезімі, қимылдық қозғыштық, басының қатты ауыруы, бетінің қызаруы, тершеңдік; АҚ 180/90 мм с.б., пульсі 120 рет минөтіне. Осыған байланысты дәрігер науқастың бөлмесіне барып, кереуетке жатуын талап етті. 20 минөттен соң науқастың жағдайы кенеттен нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, демді шығарудың бұзылысымен сипатталатын ентігу сезімі, есінің көмескіленуі, клоникалық-тоникалық құрысулар; АҚ тез 75/55 мм с.б. дейін төмендеді. Науқасқа дәрігерлік жедел көмек көрсетілді.
-
Антибиотик енгізгеннен кейін науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды? Жасаған тұжырымыңызға сәйкес мәліметтер келтіріңіз.
-
Бұл дерттік үрдістің даму тетіктері қандай?
-
Науқасты осы жағдайдан шығаратын дәрігерлік жедел көмектің шаралары қандай?
№ 28. Тәжірибеге 3 қоян алынды. А қоянына көктамырына пирогенал енгізілді. А қоянынан 5 минуттан соң қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, В қоянының көктамырына енгізілді. 120 минуттан соң А қоянынан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалды және С қоянының көктамырына енгізілді. Қояндардың дене температурасы өлшенді. С қоянында В қоянымен салыстырғанда сарысу енгізілгеннен кейін дене қызымы тез және айқын көтерілді. Не себепті?
№ 29. 18 жастағы Михаил 6 сағат сағажайда болып, үйге келген соң әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауырғанын, қалтырау, жүрегінің айнығанын сезді. 30 минөттен соң құсты, дене қызымы — 39 °C. Аспирин мен спазмалгон ішкенімен көмектеспеді, дене қызымы 37 °C-қа түскенімен, жағдайы одан әрі ауырлады, Михаил жедел жәрдем шақырды. Ауруханаға барар жолда ол есінен танды, сол себепті реанимация бөлімшесіне түсті.
-
Науқаста дамыған дерттік үрдіс қалай аталады? Жауабыңызды негіздеңіз.
-
Оның даму себептері мен сатылары және тетіктері қандай?
№ 30. 7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минөттен соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасаушы тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға да кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.
-
Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?
-
Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?
-
Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?
-
Аталған ісінуді өмірге қауіпті ісінулерге жатқызуға бола ма?
№ 31. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.
-
Қай фактор бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
-
Канцероген әсеріне қай фактор тиімді лігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?
-
Науқаста антибластомды төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?
№ 32. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.
-
Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?
-
Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?
№ 33. Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолдарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолының басбармағының тырнағы ұлғайған, қызарған, басқанда ауырады. Қанының жалпы талданымы:солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы нәруыз 77 г/л, альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СРН артқан.
1. Дерттік үрдісті және организмнің жалпы жағдайын сипаттаңыз
2.Қабынудың жергілікті белгілерін және олардың патогенезін анықтаңыз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгісі болуы мүмкін, олардың патогенезі қандай?
№ 34. Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (жиі науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.
-
Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай?
-
ЖЖӘ-нің бұзылыстарының қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды?
№ 35. Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.
-
Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді?
-
Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған?
№ 36. 45 науқас Д., тілінің ұлғаюынан аузына симайтындығына және кариестің дамуына шағымданып тіс дәрігеріне көрінді. Тексергенде: тілі ұлғайған, тілінің екі жағында да тістердің іздері көрінеді. Сөйлеу қиындаған. Радиоиммунологиялық зерттеу нәтижесінде қан сары суында (Т4), трийодтирониннің (Т3) мөлшері азайған және тиреотропты гормонның (ТТГ) деңгейі жоғарылағандығы анықталды.
1. Қалқанша безінің ггипер-немесе гипофункциясы туралы не айтуға болады? Патологиялық үрдістің орналасқан жерін табыңыз?
2. Ауыз қуысындағы тіндердегі өзгерістердің даму тетіктері қандай?
№ 37. 16 жастағы А науқас қалқанша безінің ұлғаюына шағымданып дәрігерге келді. Басқа шағымдары жоқ. Алғаш рет қалқанша безінің ұлғайғанын бұдан 4 жыл бұрын көшіп келгеннен кейін бір жылдан соң байқаған. Зерттеу барысында эндемиялық зоб анықталды.
-
Зоб дегеніміз не?
-
Осы науқаста қалқанша безінің ұлғаюының даму тетігін түсіндіріңіз?
№ 38. Жасы, әрі кәрісі аралас егеуқұйрықтар топтарының қалқанша бездері алынып тасталынды.
Қай егеуқұйрыққа тиреоидэктомияның салдары ауыр тиеді және не себепті?
№ 39. 27 жастағы науқас В., әлсіздіктің біртіндеп күшейгеніне, жұмысқа қабілетінің төмендегеніне, ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, жүдегендігіне шағымданып клиникаға түсті. Артериалық қысым 80/60 мм с.б.б., бұлшық еттің межеқуатының төмендегені, іштің орталық ақ жолағының терісінде, шынтағының ішкі бетінде лас-қоңыр сепкілдер, гиперкалиемия, гипонатриемия, қандағы глюкоза мөлшері – 3,3 ммоль/л. Клиникада емделу барысында тісінің қауырт ауруы байқалды, дене қызуы көтерілді. Тіс дәрігері науқасты қарағанда мынадай өзгерістерді анықталды: Ауыз қуысында, ерінінде, қызыл иегінде, тілінің екі жағында, ұртының ішкі бетінің шырышты қабатында қабыну көріністерінсіз сүр-қара түсті ұсақ дақтар анықталды. Созылмалы гранулематозды перидонтиттің асқынуына байланысты ауру тісті жұлып тастау ұсынылды. Астыңғы сол жағында периостит.
-
Науқаста эндокрин жүйесінің қандай дерті бар? Диагнозын негізденіз.
-
Осы науқаста тіс жұлу отасынан кейін қандай асқынулар күтуге болады? Алдын алу шаралары.
№ 40. Иық сүйегі сынған 2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте қатты қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, көз ағының көгілдірленуі байқалған. Дәрігер төмендегілердің біреуінің түзілуі бұзылысымен қабаттасқан тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді:
-
Коллагеннің I түрі
-
Коллагеннің II түрі
-
Коллагеннің III түрі
-
Коллагеннің IV түрі
-
Коллагеннің V түрі
№ 41. 65 жастағы науқас М.., ұзақ уақыт бойы несеп-тас ауруына байланысты дәрігердің бақылауында болған. Сүйек тінінің фиброзды өзгерістері, рентгенограммада сүйек тіні резорбциясының остеосинтезден жоғары болуы анықталған. Осы науқастың қанындағы кәлций, фостаттар және паратгормон деңгейінің өзгерісін қалай болжауға болады?
|
Са2+
|
РО43-
|
паратгормон
|
A)
|
↓
|
↓
|
↑
|
B)
|
↓
|
↑
|
↓
|
C)
|
↓
|
↑
|
↑
|
D)
|
↑
|
↓
|
↑
|
E)
|
↑
|
↑
|
↑
|
№ 42. Науқаста өкпенің вентиляциялық қызметін тексергенде өкпе көлемдерінің төмендегідей өзгерістері анықталды: ТК↓, ТМК↑, РКда↓, ӨТС↓, ӨЖС↑, ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Көрсеткіштердің осындай өзгерістері қандай дертке тән?
№ 43. Науқаста өкпенің вентиляциялық қызметін тексергенде өкпе көлемдерінің төмендегідей өзгерістері анықталды: ТК↓, ТМК↑, РКда↓, ӨТС↓, РКдш↓, ӨЖС↓, ӨҚК↓, Тиффно индексі– 90%. Көрсеткіштердің осындай өзгерістері қандай дертке тән?
№ 44. Науқас С., 24 жаста, ауруханаға ентігуге, қол жұмысын атқарғанда дамитын жүрек қағуына, поступил, жүрек аймағындағы тесетін ауыру сезіміне шағымданып келді. Тез дамиттын ентік кезінде қан аралас аздаған қақырық бөлінген. Аталған шағымдар және одан әрі тексеру негізінде митралды стеноз әсерінен дамыған өкпе қанайналымының бұзылуы туралы болжам туындады. Сыртқы тыныс жүйесін зерттеу нәтижелері:
Тыныс жиілігі – 20 рет мин, ӨТС – 81%, ӨЖС – 76%, ТМК – 133%, Тиффно индексі – 80%
-
Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?
-
ӨТС және ӨЖС төмендеуінің мүмкін болатын тетіктерін түсіндіріңіз
-
Бронхообструкциялық синдром жайында ойлауға бола ма?
№ 45. Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінде АҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.
-
рО2 45 мм.с.б.б., рСО2 45 мм с.б.б., рН 7,45
-
рО2 55 мм с.б.б., рСО2 70 мм с.б.б., рН 7,5
-
рО2 65 мм с.б.б., рСО2 35 мм с.б.б., рН 7,45
-
рО2 75 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,3
-
рО2 98 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,2
№ 46. Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, соның бірі бірден айқындалған ентігу. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%
Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨҚК жоғары, Тиффно индексі төмен.
-
Науқаста өкпе тінінің серпімділігі мен кеңеюінің бұзылыстары бар ма?
-
Тиффно индексінің төмендеуі нені көрсетеді?
-
Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға бола ма?
-
Осы науқастың өкпесінің газ алмасу қызметі бұзылыстарының мүмкіндік тетіктеріне және жағдайына қорытынды жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |