Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы Истаева Рысжан Боранбайқызы Ересек тобының тәрбиешісі Білімі: арнайы орта Санаты: екінші



Дата03.07.2016
өлшемі40.5 Kb.
#174166
Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы

Истаева Рысжан Боранбайқызы

Ересек тобының тәрбиешісі

Білімі: арнайы орта

Санаты: екінші

Еңбек өтімі: 3 жыл

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ас атасы- нан

Түсініктеме


Сабақта моделдік оқыту құралдарын қолдану арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мақсатқа жету барысында ТРИЗ технологиясының «Ертегіні қиялдап аяқтау» әдісін қолдана алу. Нанның дастарханға келу жолын тірек –сызба жолы арқылы көрсетті. Ойлау қабілеттерін дамыту жолында «суретті жұмбақ», логикалық сұрақтар ойластырылды. Ертегіні бала қиялын дамыту жолымен түрлендіріп, көрініс барысында балалар орындай алды.Балалардың өзімдік ізденіс әрекетін ұйымдастыруы ескеріледі.


Өткізілетін топ: Ересек

Сабақтың түрі: Жалпылау

Тақырыбы: Ас атасы –нан

Мақсаттары:

1. Балаларды дихандар еңбегімен таныстыра отыра наның дастарханға жету жолдарын түсіндіру, жаңа сөздермен таныстыру.

2. Триз технологиясын, мақал –мәтел, тыйым сөздер,ертегіні пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын, есте сақтау қабілетін, қиялын дамыту.

3.Нанды құрметтеуге, еңбек етуге, еңбекті сүюге тәрбилеу.



Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап ,көрнекілік,

Көрнекі құралдар: бауырсақ ертегі кейіпкері, тоқаш, суреттер,фишкалар, үстел театры.

Алдын-ала жұмыс: Нанның дастарханға келу жолы туралы әңгімелесу, еңбек туралы мақал- мәтел, тыйым сөздер, тақпақтар жаттау, ертегі киіпкерлері туралы әңгімені киіптендіру, көрініс құрастыру
І.Ұйымдастыру кезеңі: ( Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады. Қонақтармен амандасады. )

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бүгінгі күн кешегі күннен өзгеше екен .ерекше шуағын төгіп тұрған сияқты. Бар тіршілік осы күннен нәр алады, жылу алады. Бізде осы күннен нәр алайық, жылу алайық. Бір-бірімізге жылуды үрлеп таратайық. Бойымыз жылынып көңіліміз көтеріліп қалды. Енді бәріміз орнымызға отырайық. ( осы кезде музыка әуенімен бауырсақ кіреді.)



ІІ.Негізгі бөлім:

1).Тақырыпты ашу:

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді? (Бауырсақ)

Бауырсақ, қайдан келдің?


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегі әлемінен келдім. Сендер білесіңдер ме? Қалай мені әже пісіреді? Сендерге тәтті, ыстық тоқаш әкелдім.Піскенде тоқаштың іші исі қандай?

  • Рахмет саған ,бауырсақ. Балалар ризашылығын білдіретін, жылы лебіз тілектер айтсын.

Балалар: Нанды құрметтейік! Тоқаш қандай тәтті! Исі тәтті Аспанымыз ашық болсын! Нан көп болсын!

  • Төрлет, қонақ бол! (бауырсақ отырады)

2).Тақырып бойынша қайталау:

Ал балалар мына тәтті тоқашқа қараңдаршы иісі қандай тамаша! Осы тоқаш біздің ақ дастарханымызға қалай келеді екен? Соны жүйелеп ретімен айтып берейікші.Үстел үстіндегі шашылып жатқан суреттерді іріктеп жылдам көрсету.

(Сурет бойынша жұмыс)

1-сурет Көктемде дихандар трактормен жер жыртады.

2-сурет Қазылған жерге бидай тұқымын егеді. Жаз бойы күтіп баптайды.

3- сурет Күз мезгілінде бидайды комбайнмен жинап алып,элеваторға кептіреді.

4-сурет Кепкен астықты диірменшілер диірменге тартып, ұн жасайды.

5-сурет Тартылған ұннан тәтті –тәтті тоқаштар, нан пісіріледі.

6-сурет Пісірлген нан тағамдары дүкенге түседі.Біз оны сатып аламыз.(Бауырсақ әр баланың жауабына риза болып, бағалап фишка беріп отырады.)

3).Сөздік жұмыс:

Балалар өткен сабақта білген жаңа сөздерді қайталап алайық.

1.Кім есіңде сақтады?

Комбаин- егін жинайтын машинаның түрі.

Элеватор – егінді кептіретін машина.

Диірменші- бидайды үгітіп, ұн жасайтын адам

2.Осы сөздерге сөйлемдер құрастырып айтайық?
ІІІ. Сергіту сәті:

-Балалар нан туралы көп біледі екенсіңдер. .Орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық. ( балалар бауырсақпен би қимылдарын қайталайды)

Бауырсақ: -Бойым сергіп,ойым толып қалды. Рахмет сендерге балалар! Сау болыңдар! (кетеді)


Бекіту кезеңі:

1. Балалардың білімдерін кеңейту, толықтыру

Тәрбиеші: -Нан ас атасы. Нан дастарханға қаншама еңбекпен келеді екен.

Сендер еңбек, нан туралы қандай мақал-мәтел,тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар: нанды баспа, нанды бір қолмен үзбе, нан қасиет, нан береке, еңбек бәрін жеңбек.

Тәрбиеші: Балалар сендер нан туралы қандай ертегі білесіңдер?

Балалар: Бауырсақ ертегісі.



2.Бауырсақ ертегісіндегі әрбір кейіпкерлердің бауырсаққа және сендерге тапсырмалары бар.

Қоянның тапсырмасы : Нан түрлерін атау:( тоқаш, бауырсақ, қалаш т.б)

Қасқырдың тапсырмасы: Еңбек құралдарын, машина түрлерін атау.(күрек, комбаин, трактор , элеватор т.б)

Аюдың тапсырмасы: егінге байланысты мамандарды атау. (диханшы,егінші,диірменші т.б )



Түлкінің тапсырмасы: Нан, еңбек туралы тақпақ айту.

Тәрбиеші:3. Балалар бауырсақ ертегісін сендер қалай өзгертіп, аяқтар едіңдер? Балалар жауабын тыңдау.

Қортынды кезеңі: Нені білдік? Немен жұмыс жасадық? Балаларды мадақтау, бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет