Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2015 год Павлодар



бет1/4
Дата22.02.2016
өлшемі491 Kb.
#798
  1   2   3   4
П. Васильев атындағы Орталық қалалық кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Центральная городская библиотека им. П. Васильева

Информационно-библиографический отдел



Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін

және еске алынатын күндер
Знаменательные и памятные даты

Павлодарской области на 2015 год

Павлодар

2014
П. Васильев атындағы Орталық қалалық кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Центральная городская библиотека им. П. Васильева

Информационно-библиографический отдел





Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін

және еске алынатын күндер
Знаменательные и памятные даты

Павлодарской области на 2015 год


Павлодар

2014

Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер =

Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2015 год. – Павлодар, 2014.
Құрастырған / составитель: Н.Д.Худякова

Редактор: Б.Е. Әлімғазинова



Алғы сөз
Сіздің қолыңызда күнтізбенің кезекті басылымы. Жыл сайын ОҚК-ның ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» / «Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2015 год» ұсыным көрсеткішін шығарады.

Күнтізбе дәстүрлерінің бірі – кезекті жылдың басты тақырыбын белгілеу. Аталмыш басылымға арналған осындай тақырыптар:

- Жеңіс күнінің 70 жылдығы, осыған байланысты күнтізбеге Кеңес Одағының Батырлары - біздің жерлестеріміздің мерейтойлық даталары енгізілді - М. Қайырбаев, И.И. Кривенко (90 жыл), И.Г. Ледовской, С.И. Маковский (95 жыл), И.А. Склярова (100 жыл), И. И. Корнева (115 жыл), Даңқ орденінің толық иегері В. Т. Христенко (90 жыл);

- екі халықтың даңқты перзенттері – біздің жерлесіміз Г.Н. Потанин мен қазақ ғалымы Ш.Ш. Уәлихановтың 180 жылдықтары сияқты даталар да аталып өтілді;

- мәдени өмірде көрнекті өнер шеберлері аталып өтілді - А.К. Шанин (110 жыл), К.А. Струнина (100 жыл), Қ.А. Әбусейітов (90 жыл), Ш.Қ. Әбілев (65 жыл) және т.б.;

- күнтізбеге білім мен ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан біздің жерлестеріміздің мерейтойлық даталары кірді – тарих ғылымдарының докторы Е.Б. Бекмаханов (100 жыл), биология ғылымдарының докторы Т.А. Прозорова (75 жыл), кітапханашы Л.М. Грезина (85 жыл), тарих ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Б.А. Куватов (75 жыл), өлкетанушы Б.И. Ислям (60 жыл), журналист, өлкетанушы В. С. Молотов (100 жыл), техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ң академигі Е. А. Букетов (90 жыл);

- облыстың әдеби өмірінде жазушылар мен әдебиеттанушылар, ақындар мен жазушылар ұсынылды: Ж.М. Байжанов (180 жыл), И. Байзақов (115 жыл), К. Исабаев (90 жыл), Р. Тоқтаров (80 жыл), Вс. В. Иванов (120 жыл), ғалым-әдебиеттанушы Т. К. Ақшолақов (100 жыл), ақын К. Боранбаев (100 жыл), Е. Ерботин (70 жыл);

мерейтойлық даталарды атап өтетіндер:

- А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры – 70 жыл (1945) ;

- П. Васильев атындағы әдеби бірлестік - 60 жыл (1955).

- Павлодар индустриалды институты (қазір С. Торайғыров атындағы ПМУ) - 55 жыл (1960)

- Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 жыл (1995);

- Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы - 25 лет (1990);

- Ж.Аймаутов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры – 25 жыл (1990).

Басылымның басты мақсаты: кәсіби мамандар мен оқырмандардың барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша нақты сараланған ақпарат ұсыну. Оның көмегімен кітапханаларда, мектептерде, клубтар мен өзге де мәдениет мекемелерінде түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлау ыңғайлы болады.

«Күнтізбе…» отандық және әлем тарихын еске алуға мүмкіндік береді, қазақстандық және әлемге танымал әдебиет, өнер, ғылым мен техниканың ірі қайраткерлері туралы баяндайды.

Көрсеткіш материалдары бірнеше бөлімде жүйеленген. Олардың тізімі көрсеткіш мазмұнында берілген.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Күнтізбе...» «Күнтізбеде берілген павлодарлық есімдер алфавиттік көрсеткішімен» қамтылған.

Әрбір материалдың басында белгілі тұлғаның туғанынан бері өткен немесе сол не басқа оқиғамен байланысты атаулы күннің жыл саны көрсетілген. Даталар мен қажетті мәліметтерді анықтау үшін анықтамалық-библиографиялық аппарат пен П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхананың кітап қоры пайдаланылды.

«Күнтізбе...» П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың сайтында орналастырылған, бұл оның мазмұнына барлық пайдаланушылардың шұғыл жүгінуіне мүмкіндік береді.

Құрастырушылар оқырмандардан көрсеткіш туралы өз ұсыныстары мен тілектерін білдіруді сұрайды.

Электрондық мекенжай: Pavlodar.cbs@mail.ru

Біздің мекенжай: cbs.pvl.kz

Павлодар қ., С.Торайғыров көш., 44 / 1

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Тел.: 53-38-80

2015 жылға Павлодар облысының аталып өтілетін және еске алынатын

күндері
Қаңтар

1 қаңтар Кеңес Одағының батыры М.Қ.Қайырбаевтың туғанына 90 жыл (1925-1996)

1 қаңтар суретші Қ. Қ. Нұркеновтың туғанына 65 жыл (1950)

4 қаңтар ғалым-әдебиетші, журналист Т. Ақшолақовтың туғанына 100 жыл (1915-2010)

5 қаңтар ғалым-экономист Б.А. Аубакировтың туғанына 60 жыл (1955)

6 қаңтар актер, режиссер, драматург А. Шаниннің туғанына 110 жыл (1905-1986)

7 қаңтар ауыл шаруашылығының үздігі, Социалистік Еңбек Ері

М. Омаровтың туғанына 110 жыл (1905-1983)

13 қаңтар жазушы, журналист Р. Тоқтаровтың туғанына 80 жыл (1935-2000)

13 қаңтар облыстық коммерциялық телеарна (КТК) каналының алғашқы рет жарыққа шыққанына 25 жыл (1990)

15 қаңтар «Космос» кинотеатры пайдалануға тапсырылғанына 50 жыл (1965) (қазіргі

«Қ. Әбусейітов атындағы МСО»).

26 қаңтар ғалым-тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты,

өлкетанушы Б.А. Куватовтың туғанына 75 жыл (1940-1997)

28 қаңтар филология ғылымының кандидаты О.Қ. Жармақиннің туғанына 80 жыл (1935)

31 қаңтар Успенка және Железинка аудандарының құрылғанына 80 жыл (1935)
Ақпан

3 ақпан ҚазКСР-ң Еңбек сіңірген әртісі, актриса К.А. Струнинаның туғанына 100

жыл (1915-1980)

4 ақпан ақын, журналист В. Куприннің туғанына 65 жыл (1950)

10 ақпан ақын Т.Гариповтың туғанына 60 жыл (1955)

12 ақпан актер, ҚазКСР-ң Еңбек сіңірген әртісі Н.М. Атахановтың туғанына110 жыл лет (1905-1974)

15 ақпан ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Бекмахановтың

туғанына 100 жыл (1915-1966)

20 ақпан ғалым, техника ғылымдарының докторы Ф.К.Бойконың туғанына

95 жыл (1920-2007)

23 ақпан ғалым, химия ғылымдарының докторы В.П. Гладышевтің туғанына

90 жыл (1925)

23 ақпан социологиялық ғылымдар докторы, профессор В.П. Шеломенцеваның туғанына 70 жыл (1945)

24 ақпан жазушы В.В. Ивановтың туғанына 120 жыл (1895-1963)

ақпан "Айреник" ("Родина") армян этно–мәдени орталығының құрылғанына 20 жыл (1995)
Наурыз

4 наурыз ғалым-дәрігер, профессор П.І. Какенованың туғанына 80 жыл (1935)

13 наурыз инженер-металлург , қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы

А.Н. Жазиннің туғанына 80 жыл (1935)

13 наурыз мұрағатшы және өлкетанушы Л.В. Шевелеваның туғанына 70 жыл (1945)

16 наурыз ғалым, экономика ғылымдарының докторы Б.А. Вахламовтың туғанына

90 жыл (1925-2000)

16 наурыз Павлодар өзен портының кұрылғанына 50 жыл (1965)

22 наурыз фото-суретші, ҚР, РФ Суретшілер Одағының мүшесі Е. Ниязовтың туғанына

75 жыл (1940-2009)

22 наурыз Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының құрылғанына 25 жыл (1990)

23 наурыз мәдениет қызметкері, кітапханашы Л.М. Грезинаның туғанына 85 жыл (1930- 1993)

25 наурыз ғалым-биолог, биология ғылымдарының докторы Қ.У. Базарбековтың туғанына 75 жыл (1940)

28 наурыз ҚазССР-ің Еңбек сіңірген дәрігері А.Д. Антонованың туғанына 105 жыл

(1910-1976)
Сәуiр

6 сәуір Павлодар облысында Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының кұрылғанына 20 жыл (1995)

8 сәуір актер, әнші, ҚазКСР-ң Еңбек сіңірген әртісі Қ. Байырманұлының туғанына

110 жыл (1905-1986)

12 сәуір Даңқ оденінің толық иегері В.Т. Христенконың туғанына 90 жыл (1925-2010)

14 сәуір ақын Вагановтың туғанына туғанына 90 жыл (1925-2006)

16 сәуір суретші Н.П. Бекетовтың туғанына 60 жыл (1955)

20 сәуір қоғам қайраткері Қ. Жармакиннің туғанына 110 жыл (1905-1995)

20 сәуір журналист және жазушы С.А. Горбуновтың туғанына 65 жыл (1950)

23 сәуір әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ш.Қ. Әбілевтің туғанына 65 жыл (1950)

23 сәуір Павлодар облыстық радиосының алғашқы рет республикалық эфирге шыққанына 50 жыл (1965)

сәуір Чуваш қоғамдық-мәдени орталығының құрылғанына 20 жыл (1995)


Мамыр

5 мамыр журналист және жазушы В.С. Молотовтың туғанына 100 жыл (1915-2008)

6 мамыр Павлодар қаласының құрметті азаматы, фин және Ұлы Отан соғысының ардагері Г.И. Сарычевтің туғанына 100 жыл (1915-2002)

6 мамыр халық әншісі, әнші – композитор Майра Уәлиқызы (Шамсутдинованың)

туғанына 125 жыл (1890-1927)

9 мамыр Павлодар қаласында Данқ ескерткішінің ашылғанына 40 жыл (1975)

10 мамыр техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы А.А. Әлкеновтың туғанына 75 жыл (1935)

13 мамыр қоғам және мемлекет қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты



Қ. Қ. Әшімбетовтың туғанына 80 жыл (1935-1993)

16 мамыр ҚазССР-ң Еңбек сіңірген әртісі, актриса Н.М. Запрудневаның туғанына 75 жыл (1940)

17 мамыр архитектор, Павлодар қаласының Құрметті азаматы И.Д. Рязанцевтің туғанына 80 жыл (1930-2012)

19 мамыр педагог, ҚазКСР-ң Еңбек сіңірген мұғалімі Н Е. Алексеевтің туғанына

130 жыл (1885-1970)

20 мамыр ҚР Еңбек сіңірген әртісі, актриса Р.І.Тәжібаеваның туғанына 60 жыл (1955)

27 мамыр "Ертіс-Қарағанды" каналының пайдалануға берілгеніне 40 жыл (1975)

мамыр «Возрождение» неміс қоғамының құрылғанына 25 жыл (1990)

мамыр «Беларусь» мәдени орталығының құрылғанына 15 жыл (2000)
Маусым

5 маусым Кеңес Одағының батыры, Павлодар қаласының Құрметті азаматы

И.И. Кривенконың туғанына 90 жыл (1925-2001)

6 маусым ҚазКСР-ң Еңбек сіңірген геологы, өлкетанушы, С.М. Мурзалевтің туғанына

100 жыл (1915-1985)

7 маусым ақын Ю.А. Мостовойдың туғанына 70 жыл (1945)

15 маусым Кеңес Одағының батыры И.Г. Ледовскийдің туғанына 95 жыл (1920-1988)

22 маусым скульптор И.И. Виноградовтың туғанына 90 жыл (1925-1996)

26 маусым актер В.Н. Кульбачконың туғанына 75 жыл туғанына 80 жыл (1935-2011)
Шiлде

5 шілде жазушы, аудармашы А. Жақсыбаевтың туғанына 75 жыл (1940)

12 шілде суретші П.Г. Величконың туғанына 85 жыл (1930-2009)

15 шілде ақын Қ. Боранбаевтың туғанына 100 жыл (1915-1978)

15 шілде ҚазССР-ң футболдан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Г. Веретновтың туғанына 80 жыл (1935-1999)

15 шілде Ж. Аймауытов атындағы қазақ театрының актері С.Н. Бекболатовтың туғанына 60 жыл (1955)

25 шілде ғалым-филолог, филология ғылымдарының докторы Ш.Қ. Сәтбаеваның туғанына 85 жыл (1930-2002)

шілде Жалпыодақтық кәрейлер ассоциациясы филиалының ашылғанына

25 жыл (1990)
Тамыз

7 тамыз график-суретші З.А. Соболеваның туғанына 80 жыл (1935)

12 тамыз Баянауыл паркіне "Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі" статусы берілгеніне 30 жыл (1985)

15 тамыз ақын -драматург, журналист А.Теміржановтың туғанына 105 жыл (1910-1962)

16 тамыз педагог, Қаз КСР-ң Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Д.А. Қапашевтың туғанына 85 жыл (1925-2011)

23 тамыз Павлодар қаласында Орталық телевидениенің трансляция бере бастағанына

45 жыл (1970)

25 тамыз жазушы, "Ұлы Отан соғысының ардагері Қ. Исабаевтың туғанына 90 жыл (1925)

29 тамыз ақын А.Каркавиннің туғанына 65 жыл (1950)
Қыркүйек

2 қыркүйек Қаз КСР-ң Еңбек сіңірген дәрігері, Ұлы Отан соғысының ардагері

К.Н. Петуховтың туғанына 110 жыл (1905-1995)

7 қыркүйек ғалым, философия ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының

ардагері Ж. Жандосовтың туғанына 100 жыл (1915-2005)

10 қыркүйек Кеңес Одағының батыры И.А. Скляровтың туғанына 95 жыл (1920-1992)

14 қыркүйек журналист-жазушы М.Қ. Дәуренбекотің туғанына 80 жыл (1935)

18(19) қыркүйек ғалым-педагог Қ.М. Арынғазиннің туғанына 80 жыл (1935)

19 қыркүйек А. Чехов атындағы облыстық драма театрының құрылғанына 70 жыл (1945)

20 қыркүйек ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы Ғ.Ж. Жұматовтың туғанына 90 жыл (1920)

20 қыркүйек Павлодар индустриалды институтының (қ. С.Торайғыров атындағы ПМУ)

құрылғанына 55 жыл (1960)

22 қыркүйек ғалым-биолог, биология ғылымдарының докторы Т.А. Прозорованың туғанына

75 жыл (1940)

29 қыркүйек ақын В.Г. Бутовтың туғанына 75 жыл (1940)

қыркүйек Облыстық атқару комитеті қасындағы ономастикалық комиссияның құрылғанына 25 жыл (1990)


Қазан

1 қазан Ямышево бекінісінің құрылғанына 300 жыл (1715)

3 қазан ақын-импровизатор, композитор И. Байзақовтың туғанына 115 жыл (1900-1946)

4 қазан орыс саяхатшысы, этнограф және географ Г.Н. Потаниннің туғанына 175 жыл

(1835-1920)

13 қазан жазушы, журналист Е. Ерботиннің туғанына 75 жыл (1940-1992)

16 қазан Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер Е.Қ.Тәпеновтың туғанына 70 жыл (1945)

18 қазан ақын-импровизатор Ж.М.Байжановтың туғанына 180 жыл (1835-1929)

18 қазан Павлодар өңірін зерттеуші, тарихшы және археограф Г.Ф. Миллердің туғанына 310 жыл (1705-1783)

18 қазан Павлодар қаласында трамвай көлігінің алғаш рет жүргеніне 50 жыл (1965)

20 қазаы құрметті теміржолшы, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Т. Қонырбаевтың туғанына 100 жыл (1915-1983)

25 қазан актер және режиссер Ж. Әбілтаевтың туғанына 105 жыл (1910-1982)

25 қазан ғалым-дәрігер, медицина ғылымының докторы Ә.Р.Шөкиннің туғанына 90 жыл (1925-1996)

25 қазан Қаз КСР-ң Еңбек сіңірген құрылысшысы, Павлодар қаласының Құрметті

азаматы А. В.Андроновтың туғанына 90 жыл (1925-1999)

25 казан өлкетанушы, тарихшы И.Б.Ислямұлының туғанына 60 жыл (1955)

26 қазан П. Васильев атындағы әдеби бірлестік жиынының ашылғанына 60 жыл толды (1955)

Қараша

4 қараша ғалым, техника ғылымдарының докторы В.О.Волошиннің туғанына

80 жыл (1935-2004)

7 қараша Павлодар телеарна орталығының жұмыс жасайбастағанына 50 жыл (1965)

14 қараша журналист, өлкетанушы К.С. Тюриннің туғанына 85 жыл (1930-1987)

15 қараша ғалым-дәрігер, медицина ғылымының докторы, профессор, Ұлы Отан

соғысының ардагері Х.Д. Мақажановтың туғанына 100 жыл (1915-1987)

27 қараша Кеңес Одағының батыры С. Маковскийдің туғанына 95 жыл (1920-2000)

қараша педагог, ауыл мектебін ұйымдастырушы Ғ.С. Баяндиннің туғанына 115 жыл (1900-1970)

қараша Екібастұз шыны жасау зауытының іске қосылғанына 70 жыл (1945)

қараша Павлодар қаласында алғашқы балалар ауруханасының ашылғанына 95 жыл (1920)
Желтоқсан

1 желтоқсан Қазақстан және Орта Азия геологиясы саласындағы орыс ғалымы, Баянауыл ауданы жер қойнауын зерттеушісі Н.Г. Кассиннің туғанына 130 жыл (1885-1949)

5 желтоқсан ғалым-педагог, педагогика ғылымының докторы И.Б. Мадиннің туғанына

100 жыл (1915-2001)

4 желтоқсан кинорежиссер, актер және музыкант, ҚазКСР-інің Еңбек сіңірген әртісі

Қ.Ә. Әбусейітовтің туғанына 90 жыл (1925-2002)

6 желтоқсан актер С.Тәжібаевтың туғанына 65 жыл (1950)

7 желтоқсан Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма театрының құрылғанына 25 жыл (1990)

17 желтоқсан ақын Ж. Нұркеновтың туғанына 75 жыл (1940-1997)

20 желтоқсан Шафер Үйінің (Дом Шафера) құрылғанына 15 жыл (2000)

24 желтоқсан ғалым-педагог М.Х. Балтабаевтың туғанына 75 жыл (1940-2007)

25 желтоксан ғалым-тарихшы, журналист Қ.Н. Бекхожиннің туғанына 105 жыл (1910-1979)

28 желтоқсан ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі Р.А. Молдабекованың туғанына 90 жыл (1925-1996)

28 желтоқсан журналист, өлкетанушы А.Б. Бәделханның туғанына 85 жыл (1930-2009)

28 желтоқсан ҚазССР-ң Еңбек сіңірген әртісі, актер М.Г. Бушуевтің туғанына

115 жыл (1900-1969)

желтоқсан 25 лет (1990) со дня создания татаро-башкирского общественно-культурного центра»



Айы мен күні белгісіз Павлодар облысының еске алынатын және аталып

өтілетін күндер тізімі

Ақын-импровизатор Қ. Бөрібайұлының туғанына 255 жыл (1760-1840)

Халық ақыны К. Райымбекұлының туғанына 270 жыл (1745-1818)

Ғалым-оқытушы, әдебиетші, журналист Т.Ақшолақовтың туғанына 100 жыл (1915-дата неизв.)

Жазушы, аудармашы және журналист Қ.Б. Тайшықовтың туғанына 110 жыл (1900-1937)

Қашыр ауылының құрылғанына 225 жыл (1790)

Башмачное ауылының құрылғанына 215 жыл (1800)

Ақын, қоғам қайраткері С. Шормановтың туғанына 165 жыл (1850-1927)

Халық ақыны, домбырашы Б. Ержановтың туғанына 155 жыл (1860-1938)

Педагог, ағартушы, халық ағарту ісін ұйымдастырушы Т.Нуркиннің туғанына 130 жыл (1885-1937)

Ақын- импровизатор М. Әшірбековтың туғанына 125 жыл (1890-1973)

Павлодар қаласы 7 орта мектебінің ашылғанына 110 жыл (1905)



Павлодар медицина колледжінің ашылғанына 80 жыл (1935)


2015 жыл
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекелері
16-17 желтоқсанда аталып өтілетін Тәуелсіздік күні.
Мемлекеттік мерекелер

1 -2 қаңтар Жаңа жыл

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз Наурыз мейрамы

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр Отан қорғаушылар күні

9 мамыр Жеңіс күні

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні



6 шілде Астана күні

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің күні
ҚР-ның кәсіби және басқа да мерекелер тізімі
7 қаңтар Рождество

6 сәуір Геологтар күні (сәуірдің алғашқы жексенбісі)

12 сәуір Ғылыми қызметкерлер күні

21 сәуір Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

21 мамыр Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні

31 мамыр Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні (мамырдың соңғы жексенбісі)

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу күні

4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні

5 маусым Экологтар күні

6 маусым Қаржы полициясы күні

14 маусым Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні (маусымның екінші жексенбісі)

21 маусым Медициналық қызметкерлер күні (маусымның екінші күні)

23 маусым Полиция күні

23 маусым Мемлекеттік қызметші күні

28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

2 шілде Дипломатиялық қызмет күні

13 шілде Ұлттық қауіпсіздік орган қызметкерлері күні

19 шілде Металлургтер күні (шілденің үшінші жексенбісі)

2 тамыз Көлік қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)

9 тамыз Құрылысшылар күні (тамыздың екінші жексенбісі)

16 тамыз Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)

18 тамыз Шекарашылар күні /2012 жылдан бастап/ атап өтіледі/

30 тамыз Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі)

1 қыркүйек Білім күні

6 қыркүйек Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні (қыркүйектің бірінші жексенбісі)

13 қыркүйек Отбасы күні /2-е воскр. сент.)

20 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)

27 қыркүйек Машинажасаушылар күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі)

27 қыркүйек Еңбек күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі)

28 қыркүйек Атом саласы қызметкерлерінің күні

30 қыркүйек Әділет органы қызметкерлері күні

4 қазан Мұғалімдер күні (қазанның алғашқы жексенбісі)

19 қазан Құтқарушылар күні

25 қазан Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні (қазанның соңғы жексенбісі)

8 қараша Статистика күні

15 қараша Ұлттық валюта - теңге күні - Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің өл мерекесі

15 қараша Ауыл шаруашылық қызметкрелері күні (қарашаның үшінші жексенбісі)

6 желтоқсан Прокуратура күні

12 желтоқсан Кеден органы қызметкерлері күні

20 желтоқсан Энергетика күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі)
2015 жылға Қазақстан Республикасы еске алу күндерінің көрсеткіші

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын



Қаңтар

1 қаңтар "Казахстанская правда" газеті бірінші нөмірінің шыққанына 95 жыл (1920)

5 қаңтар ақын Қадыр Мырза-Әлидің туғанына 80 жыл (1935-2011)

6 қаңтар қоғам және мемлекет қайраткері, журналист М.Шоқайдың туғанына 125 жыл (1890-1941)

7 қаңтар актер және режиссер, Қаз КСР халық әртісі К. Жандарбековтың туғанына 110 жыл (1905-1973)

9 қаңтар геолог-ғалым, географ, Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші И. В. Мушкетовтың туғанына 165 жыл (1850-1902)

10 қаңтар жазушы І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл (1915-1983)

12 қаңтар қазақстандық жазушы С.А. Досановтың туғанына 75 жыл (1940)


Ақпан

2 ақпан жазушы М.Мағауиннің туғанына 75 жыл (1940)

5 ақпан зоолог-ғалым, этнограф, Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Е. Грумм-Гржимайлоның туғанына 155 жыл (1860-1936)
Наурыз

9 наурыз актер, ҚазКСР халық әртісі К. Н. Тастанбековтың туғанына 70 жыл (1945)

15 наурыз актер, режиссер, ҚазКСР халық әртісі К. Байсейітованың туғанына 110 жыл (1905-1979)

20 наурыз ақын Т.Молдағалиевтің туғанына 80 жыл (1935-1986)

21 наурыз ақын Қ. Шаңғытбаевтың туғанына 90 жыл (1925-2001)

22 наурыз киноактер, кинорежиссер Х. Даулетбековтың туғанына 105 жыл (1910-1983)

23 наурыз металлург-ғалым, академик Е.А.Букетовтың туғанына 90 жыл (1925-1983)

25 наурыз композитор, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері С.И.Шабельскийдің туғанына 130 жыл (1885-1956)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет