Республикалық жоғары техникалық колледж
Хаттамадан үзінді көшірме
№ 3 «27 қараша» 2020 ж.
Жалпы білім беретін ПЦК бірлестігінің отырысы
Қатысқандар: Колледж әдіскері – Аяпова Р.Е.
ПЦК төрайымы – Атабаева Г.М.
Жалпы пәндер оқытушылары - Аяпова Р.Е., Аубакирова К.М., Кабдыгалиев Б.А.,Гумарова Ш.Р., Габдешова М.Н.
Күн тәртібінде: Г.Х.Конырбаеваның ашық сабағына талдау жасау.
Тыңдалды: Г.Х.Конырбаева өзінің ашық сабағына талдау жасады.
Сабақтың тақырыбы: 2 (ІІ)-топ металдары. Кальций және олардың қосылыстары. Өткізу мерзімі: 16.11.2020ж Топ: 9г-412
Оқытушы сабақтың жоспар бойынша өткізілгенін, сабақтың жоспарымен, әдістерімен, студенттердің қалай меңгергендігімен таныстырып өтті.
Сөз сөйлегендер:
Аяпова Р.Е - әдіскер:
Студенттер сабақ барысында жақсы дайындық көрсетті. Сабақ кезеңдерінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, барлық студенттер қатыстырылды. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқытушының түсіндіру ғылымилығы және біліми тереңділігі жоғары.
АубакироваК.М– оқу ісінің орынбасары:
Оқытушының сабақта ұйымдастырушы ретінде өз өзін ұстануы, оның мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері жоғары деңгейде. Студенттер өткен тақырып бойынша жақсы білім деңгейін көрсетті. Оқытушы өзін еркін ұстады, сабақта нақты –сұрақтар қойылып, сәйкес жауаптар алынды. Сабақта сыни ойлау технологиясының элементтері жақсы ұйымдастырылды. Сабақ барысында көрнекіліктер қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра алды.
Кабдыгалиев Б.А – математика пәнінің оқытушысы:
Оқытушы сабақ барысында әр түрлі әдіс -тәсілдерді қолданды. Студенттердің сабаққа деген ынтасы өте жоғары. Сабақ жүргізу барысында оқытушы оқыту процесін жақсы ұйымдастыра білген. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |