Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері Педагогика ғылымының әдіснамасы дегеніміз – таным процесі мен педагогикалық шындығы түрлендірудің принциптері мен әдістері, формалары туралы ілім. Педагогика ғылымының әдіснамасы дегеніміз – таным процесі мен педагогикалық шындығы түрлендірудің принциптері мен әдістері, формалары туралы ілім. Әдіснамалық білім құрылымдық жағынан 4 түрге бөлінеді: философиялық, жалпы ғылымдық, нақты-ғылымилық және технологиялық.
Диалектикалық материализм – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың өзгеруінің, қозғалуы мен дамуының жалпы заңдары туралы философиялық ілім.
Диалектикалық материализм философиясында табиғаттың, қоғамның және ойлаудың сан мөлшері өзгерісінің сапа мөлшеріне ауысуы, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен
Күресі, терістеуді терістеу сияқты диалектиканың заң бойынша дамитындығы тағайындалған.
Педагогикадағы диалектиканың материализм тұлғаның объективті және субъективті қоғамдық қатынастар ретінде танылатындығынан көрінеді. Тұлға іс-әрекетте көрінеді және іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Тұлғамен іс-әрекет әрқашан бірлікте.
Жалпы ғылымилық деңгей зерттеушіден өмірдегі құбылыстарға өзіндік нақты құрылымы бар және өзінің қызмет атқару заңы бар жүйе ретінде қарауды ұсынады. Жалпы ғылымилық деңгей зерттеушіден өмірдегі құбылыстарға өзіндік нақты құрылымы бар және өзінің қызмет атқару заңы бар жүйе ретінде қарауды ұсынады. Жүйелік тұрғыдан қарау заттар мен құбылыстарды, процестерді және олардың компоненттері үнемі өзара бір-бірімен байланыста, дамуда, қозғалыста қарауды ұсынады. Тұлғаның дамуының негізі, құралы және шешуші шартты іс-әрекет болып табылады. Бұл іс-әрекетте тұлғаның белсенділігінің, оның өзін-өзі жетілдірілген мұқтаждығының маңызы зор. Нақты ғылымилық деңгей нақты белгілі бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптері мен жиынтығы болып. Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстармен педагогикалық процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы заңды байланыстарды, қатынастарды,тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми теорияларды құру мақсатында ғылыми информациялар алу тәсілдерін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |