Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде



бет1/3
Дата09.01.2023
өлшемі32.01 Kb.
#468237
  1   2   3
педагогика


Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде
Педагогиканың нысанына адамның өз өмiрiнiң белгiлi бiр кезеңiнде кездесетiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi айналуда. Ал, педагогика ғылымының пәнiне еркiн, әлеуметтiк белсендi, шығармашылық тұлғаға бүкiл өмiрi бойына бiлiм беру алынуда. Өз пәнiн жан-жақты зерттеу және педагогика практикасын тек өзiнде тиiмдi өзгерту, түзету енгiзу үшiн дәстүрлi қалыптасқан құралдары жеткiлiксiз. Осымен байланысты К.Д.Ушинскийдiң мынадай сөзiн еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн, ол өз мақсатына жету үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады». Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл «адамтанушы» ғылымдардың – философия, әлеуметтану, психология, тарих, физиология, этика, зстетика, биология, медицина, кибернетика, лингвистика және т.б. терең ғылымаралық синтезiнiң қажеттiлiгiн объективтi түрде дәлелдеп отыр. Мұндай түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың маңызды саласының бiрiне айналуда, көптеген қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының мәлiметтерiн өз пәнiнде синтездеушi адам тәрбиесi жөнiндегi интегративтi ғылымға айналады. Бұл педагогика ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. Шындығында да педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден- бiр ғылым. Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сөз жоқ бөтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек. Педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын 12 жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу- тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың өзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет. Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi сабақтастық- бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше көкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына байланысты пайда болуда. Ғылым аралық өзара байланыс- үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң теориялық дәлелдi тұжырымдамасын жасаудың қажеттi шарты. Педагогиканың ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі. Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бөлімдерінің өмір сүру ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге мүмкіндік береді. Тұлға – бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан-жақты психикалық құрылым. Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, өмірдің белсеңді қайта құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің, ғылыми-зерттеу әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих пен логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез өзара бірбірімен тығыз байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуде абстрактілі пайымдаудан нақты логикалық ойлауға, нәтижеге келеміз. Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін меңгеруден басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған. Ғылым және оқу пәні бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ғылым өз пәні жайындағы білімді жинақтайды. Оның міндеті – пәнін толық және терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал, оқу пәні ғылымның тек негіздерін ғана оқытады. Ол білім оқытудың міндеттерін, жас шамасын және 13 білім алушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып таңдалады. Оқу пәнінің басты қызметі – оқу. Пәннің құрылымын жасауда ғылыми білім тек беріліп қана қоймайды сонымен қатар олар нақтыланады, ұғымдары тереңдетіледі, жүйеленеді. Оқу пәні белгілі бір жүйе ретінде құрылады. Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің құрылуы ұзақ процесс. Оның мазмұнын анықтауда ғалымдар, оқытушылар тарапынан дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді. Бастапқыда оқытылатын пәндердің құрылымынан арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын пәндердің белгілі бір айырмашылықтары бар. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері де қамтылады. Әрбір ғылымның нақты-ғылыми әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы өзіндік салыстырмалы түрде өз бетіндік көзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады. Ғылым үнемі жаңа фактлермен толықтырылып отырған жағдайда ғана дами алады. Ал оның жинақталуы мен интерпретациясы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет болады. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді. Зерттеушілер көбінесе «әдіснама» ұғымын нақты өмірден және білімдік процестен мүлдем алыс жатқан абстрактылық ұғым деп санайды. Шын мәнінде «әдіснама дегеніміз – теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі». Әдіснаманың «ғылыми танымның және дүниені қайта өзгертудің әдісі туралы ілім» деген анықтамасы да бар. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде әдіснаманы алдымен ғылыми таным әдіснамасы, яғни ғылыми-танымдық іс-әрекетті құрудың принциптері, формалары мен тәсілдері туралы ілім ретінде беріледі. Ғылым әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне, оның объектісі, талдау пәні, зерттеу міндеттері, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығына сипаттама береді, сонымен қатар зерттеушілік міндеттерді шешу процесіндегі 14 зерттеуші іс-әрекетінің бірізділігі жөніндегі көзқарасын қалыптастырады.
Әдіснаманың қазіргі әдебиеттерде беріліп жүрген басқа да анықтамалары. Бұл түсініктің келесі қырларына сүйенетіндігін көруге болады, яғни айтқанда әдіснама дегеніміз: а) үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты көрсететін ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды.
ә) белгілі бір ғылыми-зерттеудегі мақсатқа қол жеткізу негізгі жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды.
б) зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді.
в) педагогика теориясы қорына жаңа ақпаратты ендіруге көмектеседі.
г) ғылымдағы теминдер мен ұғымдарды айқындауға, байытуды, жүйелерді қамтамасыз етеді.
д) ғылыми танымдық объективті фактілер мен логикалықаналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін жасайды. «


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет